АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет59/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)
him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1)
химиялық элемент 
 мысалы: күкірт 
              темір 
 атомның молі 
 күкірт 
 темір 
 
 S 
 Fe 
 
 S 
 Fe 
3. 
 
 
4. 
Бір атом 
 
 
Заттың алынған үлесіндегі 
атом саны. 
  Атом 
 күкірт 
 темір 
 жай зат 
 күкірт 
 темір 
  
 S 
 Fe 
 
 S 
 Fe 
 
Осынша кең  аралықта  кездесетін  мәніне қарап айтсақ, химиялық таңбаның  белгілейтін 
ұғымы – элементтің табиғи объектісі (зерзаты) – атом. Мектеп тәжірибесінде оқушылардың 
жай зат және химиялық элемент ұғымдарын шатастыратыны  –жиі айтылып жүрген мәселе. 
Мұндай  мәселені  шешуде  мұғалім  әр  жағдайдағы  химиялық  таңбаның  мағынасын,  мәнін 
жете түсініп, оқушыларға қарапайым химиялық тілмен жеткізе білу керек. 
Жеке күйіндегі таңбадан гӛрі, периодтық жүйеде тұрған химиялық таңбаның беретін 
информациясы кӛп. Олар біріккен түрде периодтық  жүйе кестесінен табылады. 
Периодтық  жүйе  мен  атом  құрылысы  арасындағы  байланыс  химиялық  таңбаны 
жетілдіруге едәуір ықпалын тигізеді. Жеке элемент таңбасын сандармен ӛрнектеу арқылы 
оның атом құрылысынан хабар беруге боладыб. 
Химиялық  формула  –  заттың  молекуласының  қысқаша  белгісі.  Ол  заттың  молекуласы 
қандай  элементтердің  атомдары-нан  тұратынын,  молекула  құрамына  қай  элементтен, 
қанша атом кіретінін және олардың салмақ қатынасын кӛрсетеді. Мұнан басқа химиялық 
формула арқылы берілген заттың молекулалық салмағын, 1 г – мольдегі молекула санын, 
молекуладағы элементтердің сандық қатынасын білуге болады. Яғни, химиялық формула 
зат  молекуласының  сапалық,  сандық  құрамын  кӛрсетеді.  Осыған  байланысты  берілген 
заттың  құрамына  кіретін  элементтердің  сандық  мӛлшерін  немесе  керісінше  заттың 
мӛлшерін тауып, проценттік құрамдарын есептеуге болады. 
Химиялық формулалардың бірнеше түрі болады: 
1.  Эмпирикалық формула 
2.  Қҧрылымдық химиялық формула 
3.  Кеңістіктік химиялық формула 
4.  Иондық формулалар 
5.  Электрондық химиялық формула 
Химиялық  теңдеу  дегеніміз  –  химиялық  реакцияларды  химия-лық  таңбалар  және 
формулалар арқылы шартты түрде жазу. 
Әрбір химиялық теңдеу жӛнінде оқушылар мына мәселелерді білуі шарт: 
1)  реакцияға  кіріскен  және  реакция  нәтижесінде  шығатын  заттардың  құрамын 
белгілеп, атын атау
2)    реакцияға  қатысқан  және  шыққан  заттардың  мӛлшерін,  сандық  және  кӛлемдік 
қатынастарын, жылу эффектісін кӛрсету; 


3) сандық-сапалық мәліметтерді қолданып, химиялық теңдеулерді әр түрлі есептеулер 
жасау үшін пайдалану. 
Химиялық теңдеудің бірнеше түрі бар: 
1. Құрылымдық теңдеу. 
2. Иондық теңдеу. 
3. Электрондық теңдеу. 
4. Құрылымды - электрондық теңдеу. 
5. Термохимиялық теңдеулер. 
ХИМИЯ  ТІЛІ  ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ  ОҚУ  ТАНЫМЫНЫҢ  ҚҦРАЛЫ.  Химия  тілі  тек 
заттардың  реакцияға  түсуін  түсіндірудің  құралы  ғана  болып  қоймай,  ол  оқушының 
қоршаған  дүниені  тануына  негіз  болатын  басты  құрал.  Себебі  химия  –  бүкіл 
жаратылыстану ілімдерінің арасында зат пен заттың, зат пен құбылыстың ара қатынасын 
ұғындыратын, оларға байланысты заңдылықтар жайында білім беретін бірден-бір пән.  
Химияны  дұрыс  ұғыну  үшін,  алдымен  оқушыда  қоршаған  дүние,  оның  заттары 
жайында  таным  қалыптасады.  Таным  қажеттілік  арқылы  жүзеге  асады,  дені  сау  әр 
адамда  таным  қажеттігі  бар.  Ӛзінің  тіршілік  және  рухани  қажеттігін  ӛтеу  үшін  оқушы 
дүниені  танып  білгісі  келеді.  Алайда  ол  ӛзі  қажетті  нәрсеге,  мәселен,  оқу  пәніне 
қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күші – мотивке 
айналуы  мүмкін.  Таным  –  адам  санасын  дамытудың  негізі  және  ол  арқылы  адам  ӛзін 
қоршаған ортаны игеруге де үйренеді. 
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге кӛшіп отырады. Ол затты, құбылысты 
танығаннан кейін, енді таныс емес жақтарын білуге ұмтылады. 
Таным  арқылы  заттар  мен  құбылыстардың  басты  белгілері,  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтары  жайындағы  бейнелі  қабылдау  нәтижесінде  ұғым  туады.  "Таным  ... 
практикалық қызмет барысында іске асады ". 
Химиялық  терминология,  номенклатура  және  символика  химияның  ӛзіндік  ғылыми 
тілін  құрайды.  Ғылыми  білім  және  ғылыми  тіл  бірлігі,  ғылым  дамуында  оның  тілін 
жетілдірумен тығыз байланысты. 
 
№ 6 дәріс.  Химияны оқыту әдістері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет