5. Химиялық номенклатураның түрлері.
6. Химиялық тіл туралы білім қалыптасуының теориялық негіздері.
7. Химия тілінің оқу – тәрбиелік маңызы.
8. Химиялық символика мен химиялық номенклатура арасындағы байланыс.
9.
Қазақша химияның ғылыми тілі, қалыптасуы.
Бірқатар зерттеушілер ӛз еңбектерінде таңба ұғымы белгілерінің ішінен мыналарды
негізге алады: 1) таңба екі жақты құбылыс, бір жағынан ӛзіндік пішіні болатын, екінші
жағынан идеалды мәні бар; 2) идеалды мәні ӛзінен басқа белгілейтін нәрсесі жӛнінде
информация береді; 3) мәні жоқ таңба болмайды; 4) таңбаның мәнін субъект қабылдайды
және пайдаланады; 5) оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын формасы болып
табылады.
Осылардың негізінде химиялық білім қалыптастыруда таңбаны негізгі ұғым, оқыту
үрдісінің ажырамас бӛлігі ретінде түсініп, оны бір нәрсенің немесе құбылыстың орнына
жүретін, сол нәрсе мен құбылыс жӛнінде информацияны қабылдайтын және оны сақтап
түрлендіру нәтижесінде бір-біріне жеткізу үшін пайдаланатын материалдық зат
тұрғысынан қараймыз.
Химиялық таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы – тіл. Басқа таңбалар осы тілдің
негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Осы тұрғыдан қарағанда,
таңбаның мәні мен мағынасы – пікірталас туғызатын мәселелердің бірі. Философтардың
пікірлері бойынша, таңбаның мәні – белгілі бір нәрсе не зат туралы беретін информация.
Феноменологиялық теория тұрғысынан кез келген таңба ой мен нәрсе ұштастыру құралы
ретінде қарастырылған. Бихевиористердің кӛзқарасы тұрғысынан, таңба іс-әрекет,
басқаша айтқанда реакция (рефлекс). Прагматиктер таңбаның мәнін оның іске жаратылуы
немесе ол арқылы іс-әрекеттің реттелуі деп түсіндіреді. Психологияда ассоциация
теориясы бойынша нәрсе мен таңба арасында қарапайым түрдегі ассоциациялық байланыс
бар деп қарайды.
Химия ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура және
химиялық символика деп үшке бӛліп қарастырып келді. Бұлардың әрқайсысының ӛзіндік
мағынасы, құрастыру тәсілдері және танымдық қызметі бар. Химиялық символика мен
номенклатура ары қарай жіктелетінін 4-сызба-сурет арқылы байқауға болады.
Химиялық тілдің бірінші бӛлігі – терминология, яғни атаулар жүйесінен тұратын сӛз
таңбалары. Химиялық ғылыми ұғымдардың аттары белгілі бір атаулар арқылы беріледі.
Дегенмен, тарихи даму барысында химиялық терминдердің формасынан гӛрі мәні мен
мағынасы үздіксіз ӛзгеріске ұшырайды. Термин арқылы берілетін әр ұғымның
анықтамасы бар, осы анықтамаға негіз етіп алынатын белгі – ғылымның теориялық
деңгейіне тәуелді.
Химиялық тілдің екінші бӛлігі – химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі
негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол тривиалды (тұрмыстық) және жүйелілік деп екіге
бӛлінеді. Жүйелілік номенклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия
ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп есептейді. Тұрмыстық
(тривиалды) номенклатура-заттарды пайдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол
атаулар
кездейсоқ
қалыптасқан,
тұрмыста,
құрылыста,
медицинада,
халық
шаруашылығының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың
кӛпшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сӛйлеуде, мәтінде пайдалануға қолайлы.
Химиялық тілдің үшінші бӛлігі-химиялық символика, ол химиялық таңба, формула
және теңдеуден құралады. Химиялық символика – халықаралық шартты тіл, заттар мен
құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика
заттың құрамы мен құрылысы жӛнінде кӛптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін,
реакцияласу қабілетін және реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік
туғызады.
Жүйелік номенклатура мен химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді,
ӛзінше дербес қолданылады.
Химиялық таңба – элемент атомының шартты белгісі. Ол элемент атомының атын
ғана емес, белгіленіп отырған элементтің кӛміртектік бірлікпен алынған атомдық
массасын, атомның молін, мольдегі атом санын кӛрсетеді. Қорыта айтқанда, химиялық
таңба арқылы оның (заттың) сапалық және сандық мәнін ажыратуға болады.
4 – кесте.
Химиялық таңбаның мәні
Реті
Шындық деңгей
Ұғым деңгейі
Белгісі
1
2
3
4
1.
2.
Бір түрінің барлығы
Атомдары
6,02 х 10
23
атом
Достарыңызбен бөлісу: