Лекция 7-8 Химия тілі химияны оқытудың таным құралы. Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы



бет1/4
Дата25.09.2023
өлшемі356,58 Kb.
#182349
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
7-8лекция МОХ — копия
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Лекция 7-8 Химия тілі - химияны оқытудың таным құралы. Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы

.

Шымкент ,2023ж

Жоспары:

  • Жоспары:
  • 1.Химиялық тіл - химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың маңызды құралы.
  • 2.В.Н. Верховский мен Л. Сморгонскийдің және басқа да ғалымдардың жазған химияның тұрақты оқулықтары
  • 3.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы

1.Химиялық тіл - химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың маңызды құралы.

Химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп, заттандырытын таңбалар жүйесі болады. Әдетте, тар мағынадағы түсініп осы үшеуінің ішінде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады, солай екені рас. Білім-сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен, химиялық тіл дегеніміз- химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.


Әдістемелік әдебиеттерде оқыту құралдарына табиғи объектілер және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттер жатқызылады. Осылардың соңғылары химияның тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды. Химияның ғылыми тілі дегеніміз не, оның кәдімгі ұлттық немесе табиғи тілде қатынасы қандай? – деген заңды сұрақ туады.
Таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын табиғи тіл көп құрылымды болып келеді, атқаратын қызметі де сан алуан. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің мүмкіндігі зор болғанымен әр ғылым өзінің бір құрылымды ғылыми тілін жасауға тырысады. Оларды жасанды тіл деп атайды, химияның тілі де арнайы қызмет атқаратын жасанды тілдердің бірі.
Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі (ақиқатты болмыс), зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі (қоғамдық сананың бір түрі), оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі (ғылыми тілі) болады.
Білім – сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен, химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
1920 – 1930 жылдарда С. Т. Сазонов, В. Н. Верховский және П.П. Лебедов жазған химия оқу кұралдарын қазақ тіліне аударғанда жеті жылдық мектеп көлеміндегі химия терминдері қалыптасты. Бұл оқу кұралдарының аудармасын талдай келіп, химияның тұңғыш терминдерін жасау үшін ана тіліміздің бай мүмкіншіліктері толық пайдаланылғанына көз жеткіземіз.
Сол кезде қалыптасқан негіз, қышқыл, сутегі, көміртегі, көмірсутек, оттегі және осылардан туындайтын сан алуан терминдер әдеби тіліміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл тілімізге орысшадан сөзбе сөз немесе мағыналық аудару арқылы келді
Кейбір терминдердің аудармалық көшірмесін жасауда орысша нұсқасына өзгеріс енгізіліп, бір адым ілгері басқанымыз байқалды. Мәселен, латын «оксигениум» орысша «кислород» терминінің қазақ нақ көшірмесі «қышқылтегі» болу керек еді.
Бастапқыда химияға француз ғалымы А. Лавуазье енгізген оксигениум – оттегінің қасиеті жөнінде сынаржақ ұғым беретін сәтсіз термин. Оттегі қышқыл ғана емес негізде түзеді, оның үстіне құрамында оттегі болмайтын бірсыпыра қышқылдар белгілі.
Сондықтан «қышқылтегінің» орнына «оттегінің» алынуы бұл терминді мағынасы жағынан жетілдіріп, оттегінің жануды қуаттайтын және жануға қатысатын негізгі қасиетін білдіріп тұр.
Бұл кезеңде осындай сәтті бастамаларымызбен бірге халықаралық терминдерді жаппай қазақшалау сияқты асы сілтеушілікке жол берілді.
Элемент – тек, реакция айқасу, тектесу, гидрат – суан, ангидрид – қуан, валенттілік – іліктестік деп аударылды.
Аударусыз тікелей қабылданған терминдерді тілімізге үйлестіреміз деген сылтаумен фонетикалық жағынан өзгерткендікте олар түпнұсқаға ұқсамайтын болып шықты, мысалы: сурик – жүйрік, карборунд – гарбурант, купорос – кіпіраз, кальциевая селитра – кәлісті сілтір.
Табиғи тіл де таңбалар жүйесі. Химиялық ғылымының тілін химиялық терминология, химиялық номенклатура және химиялық символика деп үш бөлімде қарастырады. Химиялық тіл мектептегі химияны оқыту барысында жан-жақты дидактикалық қызмет атқарады. Химиялық тіл-оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ол жаңа материалды дәріс түрінде айту үшін, әңгімелеу үшін пайдаланылады, зертханалық тәжірибелер жасау, тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсету кезінде оқушылардың бақылауын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың нәтижесін қортындылауға негіз болады. Сондықтан болуы керек, химиялық тіл химияны оқыту әдісіне жатқызылады. Химиялық тіл арқылы оқушылардың алған білімі бір жүйеге келтіріледі, қортындыланады, есепке алынады және бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет