Дың ескерткіштері – қола дәуірінің сәулет өнеріне тән, өңделмеген тақтатастан қаланған, шеңберлі құрылыстар атауы.
2 сурак
Қазақстанның шексіз территориясында ежелгі заманда мекендеген тайпалар мен халықтардың палеолит дәуірінен бергі тарихын көрсететін бай археологиялық ескерткіштер көп.
Бұл ескерткіштердің маңызы өте зор, өйткені бізге жеткен жазба әдебиеттер көп нәрсенің бетін аша алмайды.
Ерте замандағы Қазақстанда мекендеген тайпалардың сол кездегі Сібір,Орта Азия, Еділ бойы,Олармен карым-катнасы болған Қазакстанның археологиясын зерттемей оның тарихын, мәдениетін, этногенезін зерттеу МҮМКІН емес.
Совет үкіметі кезіндегі археологиялық зерттеулер революцияға дейінгі археологиялық рттеулерге негізделген Археологиялық ескерткіштер жайыдағы алғашқы мәліметтер 1701 жылы Семен Ремезев шығарған "Сібірдің чертеж кітабы мен Чертежная книга Сибири 1937 жылы бұл материал кайта жарық көрген оған коса берілген атласта көрсетілген. Бұл Қазақстан археологиялық ескерткіштерін картаға түсірудің бастамасы еді. Бұдан кейінгі мәліметтер Ресей Ғылым Академиясы СОЛТҮСТІК экспедициясының есептерінде берілген.
Қазакстанда шығыстанушы П.И. Лерх Сауран,Сығанақ қалаларының үЙІНділерін зерттейді.
Көне ескерткіштерге орыстың қылқалам шеберлері художники, әсіресе О.В.Верещагин көңіл бөлген, өз шығармаларын арнаған.
Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін алғаш В.В.Стасов зерттеп, Орта Азия археологиялық ескерткіштерінің маңызы көне рим, грек ескерткіштерінен төмен емес екендігін өзінің "Орта Азия өнері» атты еңбегінде айтып кетеді.
3 сурак
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы. Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол жастайынан қазақ ақындарының өлең-жырлары мен шешендердің даналық сөздерін, данагөй билердің әңгімелерін тыңдап өсті. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі қонаққа келіп тұрған декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойындағы ғылымға, әдебиет пен өнерге, батыс демократиялық құндылықтарына деген құштарлықты күшейте түсті. Шоқан жастайынан халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол Омбы кадет корпусындағы алғашқы жылдан бастап шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті, қосымша ғылыми және көркем әдебиеттерді көп оқыды.
Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, саяси-қоғам қайраткері Г.Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Аса көрнекті орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға оқыды. Омбыда болған жылдары ол орыс зиялы қауымының прогрессивті өкілдерімен танысып, жақын араласты.
Достарыңызбен бөлісу: |