Ябғу, жабғу - түрік билеушілерінің лауазымы. Куман патшалығының теңгелеріне "Явиго" деп жазылған. Түріктерде Ябғу болып айтылады. Ябғу қағаннан бір саты төмен дәрежеде тұрған. Түрік тайпаларын басқарушы лауазым мағынасында ежелгі түрік ескерткіштері мен руна жазуында, араб және парсы тілінде жазылған деректерде жиі кездеседі.
Сонымен қатар, Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Шад - Батыс Түрік қағандығындағы жоғары лауазым. Қағандықтағы бүкіл ел ру-тайпа жіктері бойынша басқарылғандықтан, олардың басында Шад, шор, еркін, тарқан және бектер тұрды. Шадтар “он оқ” деген ірі он тайпаны басқарды. Қаған билігі әлсіреген, не ол жорықтарда сәтсіздіктерге ұшыраған жағдайда Шадтар өздерін қаған жариялап отырды
2 сурак- Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде мектепке дейінгі білім беруді жан-жақты дамыту және қолдау міндеті алға қойылған. Зияткер, білімді, көзі ашық және жоғары мәдениетті халықтың ғана болашағы табысты болмақ. Балабақшадағы тәрбие – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Мектепке дейінгі тәрбие мен үздіксіз оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. Жалпы орта білім беретін мектептердің жағдайы. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан орта білім беру бойынша әлемде жетекші орынға шықты. Жалпы білім беретін мектептерде оқулықпен қамтамасыз ету және компьютерлендіру мәселелері шешілді. 1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. Орталық дарынды балаларды анықтауда және қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан бойынша жекеменшік мектептерде ашыла бастады.
Білім және ғылым министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Көптілді білім беру бағдарламалары іске қосылуда. Білімнің жаңартылған мазмұнының стандарттары енгізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ) жобасы жүзеге асырыла бастады. НЗМ-де білім беру халықаралық бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олармен бәсекеге түсе алатын қазақ-түрік лицейлері (ҚТЛ) де жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ҚТЛ атауы «Білім инновация лицейі» деп өзгертілді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ). ХХІ ғасырдың басында Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жоғары техникалық және басқару құзыреттілігі бар кәсіби мамандар дайындау қажеттілігін туғызды. Республикада балалардың қабілеттерін анықтау мен дамытуға мүмкіндіктер жасау үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін кеңейту жүзеге асырылады. 2008 жылы дарынды балаларға арналған «Зияткерлік мектептер» жобасы іске қосылды. 2011 жылы қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» туралы ҚР заңы қабылданды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі міндеті – орта білім берудің қазақстандық озық дәстүрлері мен халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, көптілдік жүйені енгізу арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету. Білім беруде ағылшын тіліне баса назар аударылады. Дальше про Бил, универы новые
3 сурак- ия келисемин Жоңғар хандығы далалық халықтар бірінен кейін бірі отырықшы-егінші мемлекеттердің үсетемдігін мойындаған сәтте пайда болды.Оның бірінші ханы-Эрдени батур (қаңтайшы атағымен).Оның бастамасы бойынша құрылтайда біріңғай заң орнатқан және буддизмдік мемлекеттік дін етіп жариялаған Далалық жинақ қабылданды.XVIII ғ бас кезінде қоңтайшы билігі Қазақстанның елеулі бөлігіне Жоңғарияға,Батыс Монғолияға,Оңтүстік Алтайға таралды.Жоңғар хандығы орталықтандырылған мемлекет болды.Билеуші Галдан-Бошокту хан, қалғандары қоңтайшы атағын алды.Ойрат қоғамы басқыншылыққа бағытталды.Қазақ хагдығы ойраттардың Ұлы Даладағы үстемдігі жолындағы басты кедергі болып шықты
27 билет
1 сурак Иммиграция дегеніміз - адамдардың елге көшуі деген сөз, ал эмиграция дегеніміз - адамдардың бір елден көшуі. Оның үстіне, эмиграция латын эмиграциясынан шыққан, яғни жылжуды білдіреді. Эмиграцияның қозғалу үшін де байланысы бар. Алайда, адамдардың елге қоныс аударуын білдіретін иммиграциядан айырмашылығы, эмиграция дегеніміз - бұл елден көшіп келген адамдар. Қозғалыс бағыты әртүрлі, бірақ иммиграция да, эмиграция да бірдей коннотацияны жүргізеді. Сондықтан кейбір адамдар эмиграцияны елден кету деп түсінеді. Эмигрант дегеніміз - өз елінен алыстап кететін адам. Эмиграцияға қатысты заңдар бар. Көші-қон заңдарымен салыстырғанда иммиграциялық заңдармен салыстырғанда қатаң емес. Иммиграцияның көбірек себептері бар, бұл иммиграциямен салыстырғанда адамдардың елге жақсы жұмыс мүмкіндіктері мен өмір сүру жағдайларын іздейтіндігін білдіреді. Кейде біз олардың соғысқа қорқыныштан елге кіріп жатқанын кездестіреміз
2 сурак .
Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.
Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы).
Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкы баспалдақтарының біріне жатады.
Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы, Шілікті жазығындағы, Жетісудың Бесшатыр, Есік алқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш белікке бөлініп басқарылған.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.
Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған.
Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.
Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.
Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады.
Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған.
Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық
Достарыңызбен бөлісу: |