Қатерлі ісік алды аурулар. Жыныс мүшелерінің қатерлі емес және қатерлі ісіктері


Iа сатысы – микроинвазивті рак – стромаға 3 мм артық өспеген жатыр мойынымен шектелген ісік (ісіктің диаметрі 1 см артық болмау керек). Iб сатысы



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі36,32 Kb.
#107849
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қатерлі ісі-8 лекция
Жүйке жүйесі патофизиологиясы
сатысы – микроинвазивті рак – стромаға 3 мм артық өспеген жатыр мойынымен шектелген ісік (ісіктің диаметрі 1 см артық болмау керек).
Iб сатысы – стромаға 3 мм артық өскен, жатыр мойынымен шектелген ісік.
IIа сатысы – қатерлі ісік қынапты, төменгі 1/3 бөлігіне ауыспай, зақымдайды және/немесе жатырдың денесіне жайылады.

IIб сатысы – қатерлі ісік жамбас қабырғаларына ауыспай бір немесе екі жақтағы параметрийді
зақымдайды.
IIIа сатысы – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін зақымдайды және/немесе жатыр қосалқыларында метастаздар болады; аймақты метастаздар болмайды.
IIIб сатысы – қатерлі ісік бір немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін
зақымдайды және/немесе жамбас қуысының лимфа тұйіндерінде аймақты метастаздар болады,
және/немесе несеп жолының қысылуына байланысты туындайтын гидронефроз және әрекетсіз бұйрек анықталады.
IVа сатысы – қатерлі ісік қуықты және/немесе тік ішекті зақымдайды.
IVб сатысы – алыс метастаздар анықталады.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің клиникасы


Ақ етеккір әртұрлі сипатты болуы мұмкін: сулы, қанмен боялған, иіссіз және нашар иісті.
Жатыр мойыны рагына жыныстық қатынастан соң, ауыр зат көтергенде, гинекологиялық зерттеулерден кейін және тағы да басқалар барысында пайда болатын қатынастық қанды бөлінулер тән.
Етеккір ұзілісінен кейінгі жастағы әйелдерді жыныстық жолдарынан қанның бөлінуі.
Қатерлі ісіктің тік ішекке таралуы бастапқыда ұлкен дәретте қанның бөлінуіне, сонан кейін саңылаудың пайда болуына ықпал етеді.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасында қазіргі кезде қолданылатын әдістер:


Шағымдар
Анамнез
Жалпы қарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет