Қатерлі ісік алды аурулар. Жыныс мүшелерінің қатерлі емес және қатерлі ісіктері



бет9/9
Дата02.01.2022
өлшемі36,32 Kb.
#107849
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қатерлі ісі-8 лекция

Параовориалды киста

Аналық без ұсті кистасы.


Жатыр қосалқыларымен аналық без арасында пайда болады.
Параовориалды киста жатыр байламдарының арасында орналасуына байланысты, екікапсуласы
болады.
Өзіндік байлам, кең байлам.

Параовориалды кистаның өлшемі 20 см –ге дейін болуы мұмкін.


Қабырғасы жұқа қозғалысы шектелген және қасынан өзгермеген аналық безбен жатыр
тұтікшесін ажыратуға болады.
Кистаның ішкі қабаты тегіс жылтыр және жалпақ цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған

Теколютеинді киста- Бұл ұрық көпіршігінен, хорионэпителиома салдарынан болады. Егерде негізгі ауруды емдесе бұл клеткалардың өздігінен жойылып кету қабілеті бар

Клиникасы

Көбнесе ретенционды киста етеккірдің бұзылуымен жұреді.



Кей жағдайларда асқыну болуы мұмкін: киста аяғының бұралуы және қоректенуінің бұзылысы
яғни жедел іш теспесінің клиникасы.

Диагностикасы

Бимануальды тексеру арқылы жатырдың оң немесе сол жағынан көлемі 10-12 см-ге


жақын жұмсақ, қозғалмалы және ауырсыну сезімі аз тұзілісті анықтаймыз.

Ересек жастағы әйелдерде ретенционды киста диагнозын қойғанда өте сақтықпен және


қатерлі ісіктің жоқ екендігіне көз жеткізіп қойылады.

Дифференциальды диагностикасы

Жатыр миомасымен.


Қатерлі ісіктерімен.
Тубоовориалды тұзілістермен

Емі

Аса ұлкен емес ретенционды кисталар қабынуға қарсы терапия қолданғанда өздігінен


жойылып кетеді. Бұл терапияны 4-6 апта жұргізу қажет.

Егерде жұргізілген ем тиімсіз болса хирургиялық жолмен емдейді.(аналық без резекциясы, кейде аналық безді толығымен алып тастайды).


Егерде параовориалды киста болса жатырдың кең байламыннан сылып алып тастайды.

Алдын алу

Жыныс мұшелерінің жедел қабыну ауруларын дер кезінде емдеу. Организмдегі гормоналды


өзгерістерді зерттеу. Аналық безде кистасы бар әйелдердің диспансеризациясы.Ретенционды
кистаныдер кезінде анықтап емдеу.

Аналық бездің қатерлі ісіктері

Аналық безі рагі онкологияның кұрделі проблема болып саналады. Әлемде соңгы жылдары жиілігі


жоғарлауда. Жатыр мойны рагінен кейін 2 орынды алады. Ал өлім аналық безі рагі салдарынан өлім
көрсеткіші 1 орында тұр.

Бірінші рак- деп аналық безді алғаш рет зақымданған қатерлі ісіктер айтады. Бұл папилярлы немесе
безді құрылымының қатерлі эпителильды ісік.
Екіншілік аналық безі рагі қатерсіз және шекаралық ісіктерден пайда болады.

Метастатикалық аналық безі рагі
(Крукенберг ісігі) – біріншілік ошақ асқазан-ішек жолдарында, асқазанда, сұт безде, қалқанша
безде жатырда болуы мұмкін. 40 жасқа дейін жиі кездеседі. 60—70% асцит кездеседі.

Жіктелуі:

І саты – ісік аналық безбен шектелген
Іа – бір аналық безбен шектелген, асцит жоқ, ісік капсуласы интактті
Іб- екі аналық безбен шектелген, асцит жоқ, ісік капсуласы жарылған
Ів - екі аналық безбен шектелген, асцит бар, шайындыда рак клеткалары бар

II саты – бір немесе екі аналық без зақымданған және жамбас астауына тараған.
ІІа саты – жатырға және жатыр тұтіктеріне метастаз берілген
ІІб – жамбастын басқа мұшелеріне тараған, асцит және ісік клеткалары шайындыда анықталмайды
ІІв - жамбастын басқа мұшелеріне тараған, асцит және ісік клеткалары шайындыда анықталады

ІП саты – бір немесе екі аналық безде және іш пердеге, лимфа тұйіндеріне метастаз берген
ІІІа – іш пердеде микроскопиялық метастаздар анықталады
ІІІб - іш пердеде макроскопиялық метастаздар 2см-ге дейін анықталады
ІІІв - іш пердеде макроскопиялық метастаздар 2см-ден жоғары анықталады
IV - метастаздың алыс жатқан мұшелерге тарауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет