Эндоцитоздық қамту.Эндотелий жасушалары ТТЛП-ді сытқы қабықтарындағы арнайы В-,Е-рецепторларымен байланыстырып,ішіне сорып алады.Бұл жолмен эндотелий жасушаларының липопротеидтерді қамтуы тек жасушаны холестеринмен қажетті мөлшерде ғана қамтамасыз ету үшін болады.
Пиноцитоздық қамту.Липопротеидтердің интиаға өтуі,көрсетілген рецепторлардың қатысуынсыз,басқа жолдармен болады деп есептеледі.Бұл кезде эндотелий жасушалары қан плазмасынан майда тамшыларды,оларда еріген заттарды жұтып,екінші жағына шығарады.ТТЛП және холестерин мөлшері қан плазмасында неғұрлым көп болса,соғұрлымпиноцитоздық жолмен артериялардың ішкі қабығына олардың да тасымалдануы да көп болады.