-темекі шегуден дамитын созылмалы гипоксия тегіс ет жасушаларының өсіп-өнуін арттырады,ТТЛП лизосомалық гидролиздік ферменттермен ыдыратылуын тежейді.Темекі шегетін адамдарда атеросклерозбен қатар артериосклероз дамиды.Осыдан аяқ артерияларын бітеп қалатын эндоартеррит жиі кездеседі.
Атеросклероз даму жолдары организмде майлардың алмасуы бұзылыстарымен тығыз байланысты.Адамның қан плазмасында липопротеидтердің мына топтарын ажыратады:
Хиломикрондар (ХМ);
Тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП)немесе (пре-В-ЛП),
Тығыздығы төмен липопротеидтер(ТТЛП)немесе (В-ЛП);
Тығыздығы жоғары липопротеидтер(ТЖЛП)немесе (а-ЛП);
Аралық тығыздықты липопротеидтер (АТЛП);
Бүгінгі таңда «атерогендік липопротеидтерсіз атеросклероз да болмайды»-деген түсінік қалыптасқан.Тек атерогендік липопротеидтер атеросклероз туындатады.Атерогендік липопротеидтерге:ТТЛП,ТӨТЛП,АТЛП жатады.Олардың атерогендік қасиеті құрамында аопротеин В-молекуласы (апо В-сы) болуымен байланысты.
ЖТЛП қаннан және жасушалардан холестеринді бауырға тасымалдайды.Онда ол өт қышқылдарына айналып,өтпен сыртқа шығарылады.Сол себепті ЖТЛП атеросклероз дамуынан сақтандырады,антиатерогендік әсер көрсетеді. Басқа ЛП,әсіресе ТТЛП,холестериннің қпан тамырларының қабырғаларында жиналуына және атеросклероз дамуына әкеледі.