Атеросклероз



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#93305
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Арай. Атеросклероз (2)

Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыр-қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма)де басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін.Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы,жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде жиі байқалады.

Артерия қабырғасының тарылуы

Атеросклероз емі

Емінің басты тәсілі-диетотерапия.Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы ЛП алмасуын қалпына келтіретін диетаның 7 «алтын» ережесін жариялады:


Майлардың мөлшерін азайту;
Қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту;
Қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдарды кеңінен тұтыну;
Клетчаткаға,күрделі көмірсуларға бай тағамдарды мол тұтыну;
Сары май орнына өсімдік майын тұтыну;
Холестеринге бай тағамдарды күрт азайту;
Ас тұзының мөлшерін 3-5 г дейін шектеу;

Қорытынды

Сонымен, Атеросклероз деп артериялардың ірі және орташа тармақтарының ішкі (интима), ортаңғы (медиа) қабықтарында В апопротеині (апо-В) бар липопротеидтер мен холестериннің жиналуынан, дәнекер тіндердің артық өсіп-өнуі,фиброздыө түйіндер қалыптасуы мен оларға кальций тұздарының тұнуын айтады.Ал атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану,әсіресе,өсімдік майын пайдалану,спортпен шұғылдану,зиянды әдеттерден аулақ болуы,салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • У.Сайпіл, К.Өмірзақова, Заттар алмасуы, 2004 жыл, 225 бет
  • Ә.Нұрмұхамберұлы, Патофизиология, Алматы,2007 жыл,476-483 беттер
  • Атеросклероздың географиялық патологиясы / А.М. Вихерт, В.С. Жданов, Е.Е. Матова, С.Г. Аптекарь // М.:Медицина, 1981. 215-бет.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет