Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз:
++
Метилдопа.
Каптоприл.
Гипохлортиазид.
Платифиллин.
Бисопролол.
55
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Жүктілік 17-18 апта. Физиологиялық жүктілік.
Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы пиеонефрит.
Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы гломерулонефрит.
Жүктілік 17-18 апта. Преэклампсия.
+Жүктілік 17-18 апта. Симптомсыз бактериурия.
56
Жалпы тәжірбиелік дәрігерге 30 жастағы науқас сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптағы қышыну сезіміне, зәр шығаруда және жыныстық қатынас кезінде қышынудың күшеюіне, мол қынаптық бөліністерге шағымданып келді. Ауырғанына 3-4 күн болған, танымайтын жігітпен бір рет төсек қатынасы болғанын айтты. Қынаптық және вульваның үстінен алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеруде ашытқы (С.albicans) және олардың мицелиі анықталды. Сізің медикаментозды әрекетіңіз:
+Бутоконазол (2% cream) 5 g-нан (1 аппликатор) интравагиналды 3 күн
Амфотерецин-В суппозиторилар: 50 мг күніне 1 рет 14 күн бойы
нистатин суппозиторилар 100 000 Б күніне 1 рет, 3-6 ай
Метронидазоль гель 1% 5граммнан (1 апликатор) интравагиналды күніне 1 рет түнгі уақытта, 10 күн бойы, кейін аптасына 2 рет 3-6 ай бойы
57
Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне жүктілік мерзімі 8-9 апталық 25 жастағы әйел келді, 2 жыл бұрын түйінді токсикалық жемсауға байланысты операция болған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, боз, пульс 60 соққы/мин. Жүктіліктің қандай асқынуы дамуы мүмкін?