гиперхромды анемия
нормохромды анемия
63жастағы әйел ентігуге, дене қызуының 38.0º дейін жоғарлауына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып түсті. 2 күн бұрын ЖРВИ фонында ауырған. Объективті: терісі ылғалды,бозғылт, тырнақтары барабан таяқшасы тәрізді.АҚҚ 130/90 мм.с.б., ЖСЖ – 88 рет мин, ТЖ – 18 рет мин.
Әлсіз тыныз фонында сол жақтың төменгі бөлігінде ылғалды майды көпіршікті сырылдар естіледі. Пульсоксиметрия – 88%. Рентгенограммада: қабырғалары горизонтальды орналасқан, қабырға аралықтары кеңіген, өкпе түбірі кеңейген, фиброзды және қантамырлық компоненттердің есебінен өкпе суреті күшейген, сол өкпенің төменгі бөлігінде инфильтратты қосылған көлеңкелер бар.
Қандай тактика БАРЫНША тиімді?
ципрофлоксацинмен амбулаторлы емдеу
левофлоксацинмен стационар жағдайында үйде емдеу
күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу
терапевтік бөлімге жоспарлы түрде госпитализациялау, ровамицин
РИТБ (ОРИТ) жедел госпитализациялау
48 жастағы ер адам дәрігердің қабылдауына келді. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын жіті бас ауруы күшейіп, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған,ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 160/100 мм.с.б., жүрек тондары анық,ритімді.ЖСЖ-70 рет мин. Аортада 2 тонгың акценті. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызды ?
Валсартал
Небетолол
Каптоприл
Бисопролол
Нитроглицерин
61 жастағы еркек 3 апта бойы шаршағыштық, диарея және іштің толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді. Алдыңғы аптада ішінде күнделікті су тәрізді нәжіс болған. Сонымен қатар қызылиек және ауыз қуысында 6 күн бойы ауырсыну мазалауда. Левотироксин, метопролол, варфарин қабылдайды. 40 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Дене т 37, 9 ОС, PS 81/мин, АҚ 120/75 мм.с.б. Іштің оң жақ төменгі квадрантында пальпация кезінде жеңіл ауырсыну байқалады. ЖҚА: HB 115 г/л, лейкоциттер - 11.8 х 109 \ л, тромбоциттер - 360. Колоноскопияда-казеозды емес гранулемалар және крипттің нейтрофильді қабынуы. Қандай диагноз ең ықтимал?
Дивертикулит
Ишемиялық колит
Бехчет ауруы
Уипл ауруы
Крон ауруы
52 жастағы еркек 3 айда 3.6 кг салмақ түсуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. 6 жыл бұрын Г гепатит диагнозы қойылған. Әкесі тоқ ішектің ісігінен қайтыс болған. 35 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шеккен және сыра ішкен. Бұрын героин қолданған. Бойы 175 см, салмағы 71 кг, ДСИ=22.9 кг/м2. Склералары сарғайған, алақанның екі жағынан да қызаруы, төсі мен арқасында бірнеше телеангиоэктазиялар. Бауыры тығыз, түйінді консистенциясы. ЖҚА: Hb 116 г / л, лейкоциттер - 9, 6х109\л, тромбоциттер - 223. Науқасты ары қарай бағалауда қандай нәтиже күтуге болады?
Қанда оң культуралар
Достарыңызбен бөлісу: |