Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-инстурментальды әдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы, фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа >1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен "жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Осы препараттар тобын кері көрсеткіштер болмаса ишемия симптомдары бар науқастарға ерте тағайындау ұсынылған. Дәрілік заттар айналымдағы катехоламиндердің миокардиальды әсерлерін конкурентті ингибирлейді және ЖЖЖ, АҚ және миокард жиырылғыштығын төмендету есебінен миокардпен оттегі қолдануын төмендетеді (дәлелділік деңгейі ІВ). Егер миокардтың жиырылғышы белгілі емес науқастарға ерте тағайындаудан бас тарту керек. Сонымен қатар коронарлы спазммен немесе кокаин қабылдаумен байланысты симптомдары бар науқастарға тағайындамаған жөн, өйткені олар β-жанама вазодилатацияға қарама-қарсы α-жанама вазоконстрикцияға ықпал ететін спазмға ықпал көрсетуі мүмкін. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?