Жоба авторы
|
Аты- жөні, тегі
|
Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Бахитова Рая Кетебайқызы
|
Аймақ
|
Ақтөбе облысы, Атырау облысы
|
Мектеп орналасқан жер
|
Ақтөбе қаласы
Индер ауданы, Есбол селосы
|
Мектеп аты №
|
№48 орта мектеп
Жамбыл атындағы орта мектеп
|
Жобамазмұны
|
Жобаның тақырыбы
|
«Жүйкеңізді жұқартпаңыз, ол біз үшін маңызды»
|
Жоба туралы қысқаша мәлімет
|
Бұл жоба биология пәні бойынша 8- сынып оқушыларына арналған.
Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы, оның жүйке жүйесінің жоғары, саналылығын дәріптеу. Адамның қоршаған ортадағы жүйке жүйесінің қалыпты және тұрақсыздығынан алатын орны мен оны күту жолдары туралы мәлімет беру.
|
Пәндер
|
биология
|
Сынып
|
8-сынып
|
Жобаның ұзақтығы
|
2 сабақ, 2 апта
|
Жобаның негізі
|
Білім стандарты
|
Биологиядан жалпы бiлiм берудiң мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен, қоғамның әлеуметтiк сұранысына, қазiргi заманғы биология ғылымының жүйесi мен әдiснамалық ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелiгiмен байланысты таным мүмкiндiгiне сай анықталады.
Бұл мақсат төмендегi нақты мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асырылады:
- оқушылар ғылыми дүниетанымын, оларда тiрi жүйелерге және адамға ең жоғары құндылық, мiнсiз әсемдiк ретiнде қатынас жасаудың және этикалық, эстетикалық нышандарын қалыптастыру, биологияны мәдениет құбылысы ретiнде таныстыру;
- биологияның негiзгi идеялары мен деректерiн, ұғымдары мен теорияларын, олардың өзара байланысын, қалыптасып дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- Қазақстанның өсiмдiктерi мен жануарлары, экожүйелерi, флорасы мен фаунасындағы сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлердi қорғау туралы бiлiм-бiлiкпен қаруландыру;
- биологиялық объектiлердi зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi туралы бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыру;
- тiрi табиғатқа жоғары адамгершiлiк тұрғысынан қарау;
- дүниенiң ғылыми бейнесiндегi адамның орнын түсiнуге үлес қосу;
- генетикалық сауаттылықты қалыптастыру;
- адам өмiрiндегi табиғат құндылығының практикалық, талғампаздық, эстетикалық маңызын ашу;
- биология ғылымының негізгі қағидаларын оранизмдердiң тiршiлiк әкеттерi, олардың жеке және тарихи дамуы үлесi, құылымы және қызметi туралы адам әрекетiн экологиялық жүйелерде болатын өзгерiстер туралы бiлiмдi қамтамасыз ету;
- экологиялық бiлiм және тәрбие, табиғатқа жауапкершiлiктi қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы бiлiмi негiзiнде табиғатты қорғау iс-әрекетiне дайындауды қамтамасыз ету;
- салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
-оқушыларды табиғатты тиiмдi пайдалану және қорғау, медицина, ауылшаруашылық, биотехнология салаларында еңбек етуге дайындау.
|
Жобадан күтілетін нәтиже
|
Оқушылар ақпарат алуға,оны пайдалануға, өз бетінше ізденуге, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыланады. Топпен және жеке іздене отырып бірлікке, достыққа үйренеді.
|
Бағыт беруші сұрақтар
|
Негізгі сұрақ
|
Адамның "саналы" болу себебі?
|
Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар
|
Адамның жүйке жүйесінің жануарлардың жүйке жүйесінен айырмашылығы?
Өз жүйке жүйемізді қалай күтеміз?
|
Тақырыптық сұрақтар
|
Жүйке дегеніміз не?
Жүйкенің құрылысы?
Жүйке түрлеріне сипаттама.
Жүйке қызметі.
Симпатикалық дегеніміз не, және қызметі?
Парасимпатикалық дегеніміз не, және қызметі?
Вегетативті және соматикалық жүйкелер.
Адамның жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі болу себебі?
Адамның жүйкесіндегі ой-сананың қалыптасуы?
Жүйкенің сақталуының маңызы?
|
Бағалау жоспары
|
Бағалау кестесі
|
Жобаға дейін бағалау
|
Жоба барысында бағалау
|
Қорытынды бағалау
|
Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы)
|
Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)
|
Жоба соңындағы бағалау (Оқушылардың жобаны қорытындылауы, айтылған пікірлер, ситуациялық сұрақтар)
|
Бағалау әдістері
|
Жобаға байланысты оқушыларды бағалаудың әдістері көп. Мысалы, топтық жеке бағалау.
Топтық бағалау оқушылардың топпен жұмысы, ұйымшылдығы бағаланады. Жеке оқушының айтқан пікірі, сабаққа белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі арқылы бағаланады.
|
Жоба туралы мәліметтер
|
Бастапқы білім, білік, дағды
|
Оқушының білімділігі,техникалық сауаттылығы,өзіне деген сенімділігі.
|
Тақырыптық шаралар
|
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда түрлі ойын тәсілдерін, жобаға байланысты тақырыптың қызықты болуы,проблемалық сұрақтар , апталықтардың қызықты жүргізілуі арқылы белсенділіктерін арттыруға болады.
|
Материалы для дифференцированного обучения
|
Қиын оқушылармен жұмыс жасайтын мәліметтер
(Қиын оқушы)
|
Оқушылардың ішінде сабаққа белсенділігі аз, өз деңгейі төмен (1 деңгей) оқушыларды сабаққа тарту үшін сурет арқылы түсіндіру, жеңіл сұрақтар мен әртүрлі жеңіл әрі қызықты тапсырмалар беру.
|
Басқа ұлт өкілдерінің оқушыларының мәліметтері
|
Оқушылардың ішінде басқа ұлт өкілдерінің балалары болуы мүмкін. Бұл жағдайда тақырыпқа байланысты сөздіктер қолдану арқылы, суреттер арқылы түсіндіру арқылы жеткізу.
|
Дарынды оқушылар
|
Дарынды оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оқулықтан тыс тапсырмалар, рефераттар, слайд енгізу, проблемалық сұрақтар, ізденуді талап ететін мәліметтер беру.
|
Жобаға керекті материалдар
|
Технологиялар– құрал- жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)
|
Фотоаппарат,видеомагнитофон, компьютер, видеокамера, цифровая камера, ,
видео-, DVD-проигрыватель, сканер
|
Технологиялар– бағдарламалық жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)
|
Интерактивті тақта.
|
Баспа материалдары
|
Оқулықтар,сөздіктер, әдістемелік журналдар, әдістемелік оқулықтар
|
Басқа қажеттіліктер
|
Плакаттар, буклеттер, суреттер, муляждар
|
Ғаламтор ресурстары
|
Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау
|
Басқа ресурстар
|
Мұғалімдерді,ата-аналарды,психологтарды,
биологтарды,дәрігерлерді шақыруға болады.
|