- Музыка пәнінің мұғалімі : Нурсултан Гулия
- Аты-жөні: Нурсултан Гулия;
- Туған жылы: 1970 жылы, 16 қазан;
- Білімі: Арнайы орта МНР 1991 жылы бітірген; 2014 жылы КарМУ бітірдім;
- Мамандығы : Музыка пәнінің мұғалімі;
- Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл, педагогикалық өтілі – 22 жыл. Соңғы рет біліктілігін арттыру курсын 2008 жылы ИПК-да өтті.
- Өз білімін жетілдіру тақырыбы: “Музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылық ой өрісін және жеке қабілеттілігін, сауаттылығын арттыру”.
- Өз білімін жетілдіру тақырыбының мақсаты: Халық музыкасын қабылдай алатын, музыкалық сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
- Санаты: Екінші категория
- Тақырыбы: «Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқытудың ерекшеліктері»
- Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
- Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
- 1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
- 2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
- 3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
- 4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
- 5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
- 6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
- Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына шоғырланады «Ән-күй – халық қазнасы». Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:
- Сырлы да сазды әуен
- Күмбірлеген күміс күй
- Ән мен күй халық үні
- Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
- Эпос сарыны
- Ақылың болса, жыр тыңда
- Айтыс өнері
- Күй тартыс
- Қос арна
- Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
- Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп балалары
- Зерттеу пәні. Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқыту арқылы мәдени білім беру, ұйымдастырушылық – шығармашылық, басқару, жобалау, технологиялық тапсырмаларды, міндеттерді шешуде қолдану.
- Зерттеу әдістері. Арнайы әдебиеттерді теореиялық тұрғыдан талдау (анализдеу) арқылы; мәдени – тынығу мекемесінің тәжірибесін зерттеу арқылы.
- Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады
- Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу.
- Сабақтың арқауы: оқушылар - ұстаз – музыка.
- Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру
- Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:
- Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
- Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді, нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың қызу араласуы негізінде жүргізу.
- Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып отыру.
- Мұндағы негізгі мақсаттар:
- Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.
- Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан- жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму дәрежесін білу.
- Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді байқау.
- 2 тарау. Жалпы білім беретін бастауыш мектебінің музыка пәніне арналған бағдарламаларға түсініктеме
- 2.1 «музыка бағдарламасы. 1-4 сыныптар»
- - музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.
- - музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі
- - Музыкалық сауаттылық – ритм, размер, ноталар, ұзақтығы, такт, кілттер.
Достарыңызбен бөлісу: |