«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет7/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қолданады: сұрақтарға толып жауап бере білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы



Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Менің сүйікті анам (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуда жалғастыру, алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін (анам мейірімді, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық, дауыстап айтуға жаттықтыру. ә) Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру. б) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 25 демонстрациялық материал (аналардың суреті). № 25 үлестірмелі материал (әртүрлі аналар мен балалардың суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: сүйкімді мейірімді қамқор.

Билингвальды компонент: сүйікті - любимый, мейірімді - до­брый, қамқор - заботливый.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір -бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Балалар сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт.

Педагог сиқырлы қоарпшадан қуыршақты шығарады.

- Балалар, қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ. Оған не болды екен.

Педагог қуыршаққа құлағын тосады.

- Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

- Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ол кім?

- Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

- Ол анасын жоғалтып алыпты.

- балалар онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

- Көмектесемізбе?

- Ол үшін біз өз анамызды сипаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

25 демонстрациялык материал. (Суреттегі киімнің, шашының түсіне қарай сәйкестендіріп, қуыршақтың анасын табу). Балалармен жеке жұмыс.



- Сая, сенің анаң қандай? (Әр түрлі аналардың суретін көрсету).

- Тасқын сенің анаң қандай? т.б.
- Алақай! Қуыршақтың анасы табылды!

- Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды.

- Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Билингвальды компонент: сүйікті - любимый, мейірімді - до­брый, қамқор - заботливый.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.
№ 25 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Компонентін тап!» дидактикалық ойыны. Тапсырманың шарты: киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып, сызықпен қосу.



Қорапшаға қарайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалардың жауабы.

- Ана.

- Иә.


Балалар өз аналарын табады.

- Менің анам ақылды.

- Менің анам мейірімді.

- Менің анам әдемі.

- Менің анам қамқошы.


- Иә.

- Аналар мерекесі, аналар мерекесі, бұл күні біз аналарымыз бен әжелерімізге тілек айтамыз.

Балалар қайталайды: сүйікті - любимый, мейірімді - до­брый, қамқор - заботливый.


.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Ана мен балаларды бір бірімен сәйкестендіреді.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

- Біз оған қандай көмек көрсеттік?

- Қуыршақтың көөңіл күйі көтерілді ме?

Балаларды мадақтау.

Балалардың жауаптары тыңдалды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

Түсінеді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

Қолданады: педагогтің сұрақтары бойыншаәңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Менің сүйікті мысығым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Мақсаты: а) Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

ә) Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай, тентек, жұмсақ, ойынпаз, т.б.) қолдана білуге жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру.

б) Үй жануарларына деген қамқорлык сезімін ояту.

Көрнекіліктер: № 26 демонстрациялық материал (мысық және оның балаларының суреті). № 26 үлестірмелі материал жұмыс.

Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.

Билингвальды компонент: мысық - кошка, жұмсак - мягкий, үлпілдек - воздушный.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Балалар, біздің топта көп ойыншықтар бар. Кәне, кандай ойыншықтар бар екен, көрейік.

  • Ал енді мен сендерге бір өлең оқимын, сендер жақсылап тыңдаңдар.

Мышым, мышым, мысығым,

Екі көзді қысығым.

Ол ақылды, ол батыр,

Көрдім талай қызығын.



Ә. Баубеков

Қызығушылығын көрсетеді.
- Мысық.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Мынау қандай ойыншық?

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл - мысық.

  • Мысық қалай дыбыстайды?

Демонстрациялық материалдағы суретпен жұмыс.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Мынау не?

- Мысық қандай екен?

- Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.
- Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (суретте мысық доппен ойнап жүр).

- Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.

- Екінші мысық не істеп жатыр?

- Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.

- Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?

- Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.

- Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.

- Ол қандай? (Педагог «м» дыбысының анық айтылуына мән беру).
Билингвальды компонент: мысық - кошка, жұмсак - мягкий, үлпілдек - воздушный.


Сергіту сәті:

Әне, отыр мысыұ,

Өзі сондай қызық.

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып.
26 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Менің сүйікті мысығым» дидактикалық ойыны. Мысықтың қимылына қарай заттарын тауып, сызықпен қос.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті мысығы туралы сұрау.

-

- Мысық.
- «Мияу-мияу» дейді.

Педагогтің сұрақтарына толық жауап беруге тырысады.
-Мысықтың балалары ойнап жүр.

- Тентек мысық.
- Ұйқышыл мысық.
- Ол - ойынпаз мысық.
- Мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек.
Балалар қайталайды. мысық - кошка, жұмсак - мягкий, үлпілдек - воздушный.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Мысықтың қимылына қарай заттарын тауып, сызықпен қосады.

Рефлекциялық –түзетушілік

  • Балалар, біз қандай мысықтарды көрдік?

  • Олар қандай екен?

  • Кішкентай мысықтар қандай болады екен? Мысық туралы тақпақты қайталап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.




Балалардың

жауаптары

тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:



Орындайды: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

Түсінеді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

Қолданады: педагогтің сұрақтары бойыншаәңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Әңгіме құрастырамыз (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Сурет бойынша әңгіме құрастыру, зат есім мен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым окиғаны ойдан шығару, үйрету.

ә) Сұрақ-жауап арқылы баланың тілін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 27 демонстрациялық материал (Бала мен Скуби- Ду суреті), № 27 үлестірмелі материал жұмыс. (түрлі қимыл-қозғалыстағы иттердің суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: ит, сүт, бала.

Билингвальды компонент: ит - собака, сүт - молоко, бала - ре­бенок.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Балалар, сендер ертегі тыңдаганды жақсы көресіңдер ме?

  • Балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер?

  • Балалар, біз бүгін бір қызықты әңгімені ойлап шығарамыз.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.



- Иә.

- «Жеті лақ»,

- «Бауырсақ»,

- «Шалқан».

- Жұмбақ шешеді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Үйіңді қорғайды, Үйде бірақ қонбайды. (Ит)

  • Балалар, біз бүгін ойдан қызықты әңгіме құрастырамыз. Кәне, бастайық, дайынбыз ба?

№ 27 демонстрациялық материал.

(Интерактивті тақта қолдана отырып, сурет көрсетеді. (Скуби-Ду)



  • Балалар, Скуби-Ду - мультфильмдегі иттің аты, ол ақкөңіл, әрқашан адамдарға көмекке келеді.

  • Скуби-Ду қайтіп үреді?




  • Ол неге жылап тұр?




  • Оған қайтіп көмектесеміз? (Ұсынысты балалар береді).

  • Скуби-Дудің көңіл күйі қалай көтерілді?

  • Иә, Скуби-Ду қарны тойып, ойнап жүр.



  • Балалар үй жануарларына, оның ішінде итке қамқорлық жасауымыз керек, себебі ол - үй күзетшісі, адамның досы.

Билингвальды компонент: ит - собака, сүт - молоко, бала – ребенок.



Сергіту сәті!

Қозы-лақты бағады,

Қылығымен жағады.

Жоғалса мал ерютен

Іздеп жүріп табады.
27 үлестірмелі материалмен жұмыс. «Не істеп жатыр?» дидактикалық ойыны. Әр балаға түрлі иттердің суретін беріп, олардың қимылдарына қарай не істеп тұрғанын айту. Мысалы: ит доппен ойнап тұр, ит ұйықтап жатыр, екі ит жүгіріп жүр. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті иті туралы сұрау.




- Иә.
- Суретті қарайды.


- Әуп-әуп-әуп.

- Ол жылап тұр.

Скуби-Ду көңілсіз. Ол жылап тұр.

- Қарны ашып, сүт ішкісі келіп жылап тұр.
- Бала оған сүт берді. Сүт ішіп, қарны тойған соң иттің көңіл күйі көтерілді.

Балалар қайталайды.

ит - собака, сүт - молоко, бала – ребенок.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.


Әр бала иттердің суретін алып, олардың не істеп тұрғанын айтады.

Рефлекциялық –түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы тыңдалды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: үй жануарларына қамқорлықпен қарауды;

Түсінеді: зат есім мен сын есімді байланыстыра отырып, қарапайым оқиғаны қалай ойдан шығару керекпін;

Қолданады: сурет бойынша сөйлем және әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

Мақсаты: а) Балаларға көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету. ә) Сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.

б) Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: (түрлі көлік суреттері)

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, пойыз, автобус.

Билингвальды компонент: жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Аспанға күн шықты

Қайырлы таң;апайлар;

Қайырлы таң,балалар:



Балалар өлең сөдерін бірге айтады..

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ


Төрт дөңгелегі бар

Адамсыз ол жүрмейді

Қалаған жеріне

Ол апарып салады. Машина

Жақсы.

Балалардың назарын үстел үстінде тұрған көлік түрлеріне назар аударту.



Балалар мынау кімдердің ойыншығы?Балалар атайды.

Осы кезде аю кіреді.Көңіл-күйі жоқ екен.

Балалармен амандасады.Бұл менің ойыншықтарым,тиісеңдер дейді.

Тәрбиеші:Аю көңіл-күйің жоқ екен не болды?

Мен аулада достарыммен ойнап жүргенде көлік түрлерін ажырата алмадым.

Мен көлік түрлерін білмеймін.Балалардан көмек сұрап келдім дейді.

Тәрбиеші: Аю сен қандай көлік түрлерін білесің? Қане көрсетші,Аю шатастырып айтады.

Балалар дұрыс айттыма?

Балалар көмектесеміз бе?

Аюға шынында көмек керек екен.Аю отыр тындап ал.Жаңағы ойыншықтарды бірге атайды.Аю тағыда бізге конферт береді.Өзі балалармен қоштасып кетеді.МЕн енді көліктерді білетін болдым деп қуанады.

Тәрбиеші:Бізге акю не тастап кетті?Мына конфертте не бар екен?Ашып көрейік.Бұны ашпас бұрын тапсырмасын орындау керек.Сонда ішінде не бар екенін көреміз.

1-ші тапсырмасы.Бізге жұмбақ жасырыпты.

Құстан аумайды

Көкте зулайды. Ұшақ.

Балалар суретке назар аударыңдаршы?Ұшақ қандай?
Тізбектелген көп үйлер

Көшіп жүр ғой көп үйлер. Поезд

Поезд қандай?
Суда сайрандайды

Құрғақта жүре алмайды. Қайық.

ЖАқсы,балалар бұл тапсырманы орындадық.Ендеше бұл суретті әдемілеп іліп қояйық.Бұл көлік қалай аталады.Жақсы.

Түсі қандай?

Машинәнің бізге пайдасы зор.Машинамен саябаққа,ауруханаға,қонаққа,балабақшаға келеміз.

2-ші көліктің тапсырмасы. «Ойын» : «Бөлігін тап» суреттің бөлігін табу. орындадық.Ендеше суретті іліп қоямыз.БҰл қандай көлік?Ол не тасиды?

Ауыр жүктерді тасымалдайды.

3- ші көліктің тапсырмасы.Кім көлік туралы тақпақ айтып береді.


Жақсы балалар,біз тапсырманың 3-де орындадық.ЕНді бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті

Осыдан кейін аю балалармен қоштасып кетеді

Рахмет балалар,мен енді кқлік түрлерін білетін болдыс дейді.






Көліктің түрлерін көрсетеді (3-4 түрін көрсету).

Алдымен жүк көлігін көрсету.


  • Мына көлікті жүк көлігі дейді. Бұл көлікпен жүк тасиды.




  • Ол не тасиды екен?




  • Жүк көлігі гүрілдейда. «Гүр-гүр-гүр» деген дыбыс шығарады. Кәне, бәріміз қайталаймыз.

  • Балалар, мынау қандай көлік? (Автобус)

  • Мына көлікті автобус көлігі дейді. Бұл көлікпен адамдарды тасиды.

  • «В-в-в-в» деген дауысымыздың ырғағы төмен шығады. Қайталаймыз.

  • Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.

  • «Ыың-ың-ың» деген дауысымыздың ырғағы төмен шығады. Қайталаймыз.

  • Ал мынау қандай көлік? Бұл - пойыз. (Пойыз көлігін сипаттау).

Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу...

Мен ең күшті

Менен күшті

Кім бар? Пыш-пу!

Теміржолшы

Абай болшы:

Жол ашып қой,

Жер қашық қой!
Бу-бу-бу!

Бе-ге-ме!

(Ә. Табылды).

28 үлестірмелі материалмен жұмыс: «Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны. (Сызық арқылы қосу).
Билингвальды компонент: жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд.


Машина
Көлік,кеме,жүк көлігі
Балалар аюға назар аударып қарайды.

Аюмен амандасады.


Білмейміз

Жоқ


Ия

Ашайық


Сау бол аю

















  • әдемі,үлкен.







  • Ұзын,әдемі.







  • Қайық қайда жүреді?



  • Жеңіл көлік

  • Қызыл,әдемі көлік.













  • Жүк көлігі

  • Тас,құм,ағаш тасиды.







  • Тақтаға шығып, бөліктерден көлік құрастырады.















  • Кум тасиды.

  • Тас тасиды.

  • Гур-гур-гур.




  • Автобус.

«В-в-в-в»



  • Автобус.

  • Жеңіл көлік.

«Ыың-ың-ың» деп қайталайды.

  • Адамдар отырады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Педагогтің көмегімен тапсырманы орындайды. Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлерімен сәйкестендіреді.
Балалар қайталайды: жеңіл көлік - легковой транспорт, жүк таситын көлік - грузовой транспорт, пойыз - поезд.


Рефлекциялық –түзетушілік

Шыққан суретті толық атау.Қандай көлік түрі?

Түсі қандай?

3-тапсырманы оқимыз.Кім көліктер туралы тақпақ біледі.

Машина


Төрт аяғы дөңгелек

Адасып мен жүрмеймін

Барлық жерге жеткізіп

Қаласаңыз апарам

Суреті бойынша әңгімелеу.Қандай?

Ұшақ


Бұлттар менен көктегі

Мен боламын туысқан

Озып шығам құстарды

Қанат қақпай ұшамын

Кеме

Теңізде жүзем балықтай



Дүниені кезем жалақпай

Көліктердің бір түрі

Мен боламын қайықтай.

Сергіту сәті


Д/о Не артық.

Ойыншықтардың ішінен артығын табу.


Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

- Көлікктердің қандай түрлері бар?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

Көліктердің бізге пайдасы барма?

Жақсы балалар.Балалар сендер бүінгі сабаққа қалай қатыстыңдар?Соны сурет арқылы дәлелдеп беріңдерші.Кім жақсы қатысса күннің суретін,ал кімде –кім кішкене ұмытыңқыраған болса,бұлттың суретін алсын.


МЕн автобус құрастырдым.т.б



  • Сурет бойынша әңгімелеу.







  • Балалардың жауабы тыңдалады.

Көліктер туралы

Жер,әуе,су көліктері

Ия

Балалар өз жауабын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет