«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет2/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: ертегіні тыңдап, мазмұнын айтуды;

Түсінеді: «Шұбар тауық» ертегісінің мазмұнын;

Қолданады: жаңа сөздерді сөйлемдер құрастыру үшін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі:тіл дамыту.

Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс).

Мақсаты: а) Балаларға геометриялық пішіндер - шар, текше сөздерін естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға бола­ды, бірініңүстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету.

ә) Сөздікқорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту.

б) Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 3 демонстрациялық материал (көңілді дома­лақ шар мен текшенің суреттері, үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру). Дидактикалық жаттығу: «Қай зат қай затқа ұқсайды?».

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу.



Сөздік жұмыс:шар, текше, доп.

Билингвальды компонент: шар - шар, текше - куб, доп - мяч.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

- Бір-біріміздіңқолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.

Еліміз аман болсын!

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!



Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.


Ұйымдастырушылық ізденісті

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету. Топқа қонаққа көңілді «Текше» мен көңілді домалақ «Шар» кіреді. Олар балалармен амандасып, олармен ойын ойнағысы келетіндерін айтады. Педагог балалардан:

  • Көңілді Текшенің «...» дене пішіні неге ұқсайды?

  • Оның түсіқандай?

Текше төртбұрышты, бір орнында тік тұрады, оны орнынан қозғалтуға болады. Міне, былай, - деп текшелердің бірнешеуін бір-бірініңүстіне қойып,мұнара жасауға болатынын айтады.
Билингвальды компонент: шар - куб, доп - мяч.


  • Ал домалақ Шардың дене пішіндері неге ұқсайды екен?

  • Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.

  • Елдос, сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.

  • Мынау не?

  • Пішіні қандай?




  • Шардың түсіқандай?

Педагог жеке балалардан топтың ішінде қандай заттар домалақ шар мен текшеге ұқсайтынын сұрайды.

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сайгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі

(С.Қалиұлы).

№ 3 үлестірмелі материалмен жұмыс. «Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын жаттығуы. Бул тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып, сурет бойынша сәйкестендіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

- Төртбұрышты текшеге ұқсайды.

- Сары түсті.



  • Шар - шар, текше - куб, доп - мяч.



  • Допқа ұқсайды, ол домалақ, домалайды.

-Шар.
- Домалақ, домалайды.

- Қызыл.

- Шар өте жеңіл.


- Доп, шар, теледидар, үстел, іта. Т.б.
Қимылмен көрсетеді.

- Қарбыз допқа құсайды.

- Алма шарға ұқсайды.


Рефлекциялық -түзетушілік

Балалардың шар, текше ұғымдарын сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: геометриялық пішіндердің салыстыруға және сипаттауға арналған тапсырмаларын;

Түсінеді: затты түр-түсіне қарай қалай сипаттау керектігін;

Қолданады: сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Балалар текшелермен ойнайды (сюжеттік сурет бой­ынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

ә) Педагогтің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап, зат есім мен етістіктерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыра білуге және етістіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын, құраймыз, ойнаймын, ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.

б) Балаларды достыққа, уайымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 4 демонстрациялық материал (балалардың текшелермен ойын суреттері, № 4 үлестірмелі материал ( түрлі заттардың суреттері, оларды түсі бойынша қосу).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалардың текшелермен ойыны.

Сөздік жұмыс: қақпа, қорған, мұнара, текше.

Билингвальды компонент: қақпа - ворота, қоршау - забор, мұнара - башня.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алакай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!

Педагогпен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Педагог балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдауын сұрайды.

- Балабақша бөлмесінде Олжас пен Марат текшелерден мұнара салып жатыр. Мұрат пен Самат машиналарымен текшелерді әкеліп, түсіріп алуын өтініп тұр. Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. Сөрелерде көп ойыншықтар тізіліп тұр.


  • Педагог балалардан Олжас пен Миша не құрастырып жатқанын сұрайды (Мұнара).

Билингвальды компонент: қақпа - ворота, қоршау - забор, мұнара - башня. Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? (Кітап оқып отыр).



  • Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?

  • Балаларға тағы да текшелер не үшін қажет? (Үлкен қорған құрастырмақшы).

  • Қараңдаршы, балалар, шынында да өте әдемі көк қақпа құрастырды.

  • Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайық.

Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу;

тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу;

қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан а-е-о- дыбыстарының айтылуын қайталату.

Балалар қайталайды.


- Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр.

Қақпа - ворота,

қоршау - забор,

мұнара - башня сөздерін қайталайды.

  • Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр.

  • Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.

Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр. Педагогтің әңгімесін тыңдайды, құрастырған мұнарасы туралы әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Сергіту сәті.

Санайықшы жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!
4 үлестірмелі материалмен жұмыс:

«Түсі бойынша қос».

Ойын шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Балалар кайталайды. Кимылын келт1р1п, жаттыгуды орындай­ды

Суреттеп заттарды түсімен ажыратып, бір түспен боялған заттар­ ды сызықпен қосады.

Рефлекциялық -түзетушілік

Педагог балалардан сұрақ-жауап арқылы оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

- Балалар, сендер текшелермен мұнара, қақпа, қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дидактикалық ойын: «Не құрастырдың?» Балаларды мадақтау.

  • Балалардың жауабы.- Құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды:

Түсінеді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) қалай айту керектігін;

Қолданады: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының картасы



Білім беру саласы: Қатынас. Таным.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Дыбыстарды дурыс айтайык (а-э, о-е).

Мақсаты: а) Балаларға дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айтуға үйрету.

ә) Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: № 5 демонстрациялық материал (әріптердің дыбысталуына байланысты суреттер). Төлдердің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: әтеш, лақ, бұзау.

Билингвальды компонент: әтешпетух, лақ козленок.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларға шеңберіне тұруды ұсынады.
Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е. Өтетілеуұлы)

Шаттық шеңберге тұрады, педагогпен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Педагог балаларға кішкентай баланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан

Бесікте ойнап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстан

«А-а-а» – деп үн қатады.

Бұл кім?
Кішкентай бала «а-а-а-а», - деп ән салады екен. Кәне бәріміз қайталайықшы.

Кейбір балалардан жеке-жеке сұрайды. Педагог бұзау, лақ, әтештің суреттерін көрсетеді. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.

Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө-мө» - деп сүт сұрайды.

Ақ бұзау жақсы фермада,

Апарамын көрмеге.

(Е. Өтетілеуұлы)

-Бұзау қалай дыбыстайды? («Мө-мө-мө» деген дыбысты қайталату).

- Балалар, бұзауды еркелетіп, «әукім-әукім-әукім» деп шақырады.


Суретке қарайды, жауап береді.


- Сәби.

«А-а-а-а» деп хормен және жеке- жеке қайталайды.

- Бұзау – сиырдың төлі.

- Мө - ө- ө.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Педагог лақтың суретін көрсетеді.

Лағым- ау, лағым,

Естімей меқұлағың?

Айтқан сөзді ұқпайсың,

Келмей ме әлде тіл алғың?

(Н. Меңгітаев).
-Ал мынау ешкінің төлі – лақ.

Лақ қалай дыбыстайды?
Педагог әтештің суретін көрсетеді.

Оятпа, әтеш,сен бізді,

Өзім де сездім, таң атты.

Сенсіз-ақ білеи мезгілді

Танимын енді сағатты.

(А. Сопыбеков).

- Бұл - әтеш. Әтеш қалай дыбыстайды?

- Әтеш «қо-қо-қоқ» деген дыбыс шығарады.
Билингвальды компонент: әтеш-петух, лақ-козленок.
Сергіту сәті:

Лағым, лағым, лағым

Шошаңдаған шұнағым.

Секіресің секеңдеп

Ойнағандай еркелеп.

Дидактикалық ойын:

«Төлдер қаолай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан төлдердің қалай дыбысталуын қайталату.


- Лақ- ешкінің төлі.

- Мә- ә- ә.


«Қо-қо-қоқ» деп балалар қайталайды.
әтеш-петух, лақ-козленок. Сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Мал төлдерінің дыбысталуын қайталайды.

Балалар қайталайды.

Рефлекциялық -түзетушілік

Педагог балалардың іс –әрекетін бағалаццды.

- Қандай үй жануарларының төлдерін білесіңдер?

- Үйлерәңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ-жауап арұылы оқу іс-әрекетін бағалайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Түсінеді: есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;

Қолданады: Үй құстары мен жанураларға қамқорлық жасауды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тш дамыту.

Тақырыбы: Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын).

Макеаты: а) Балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

ә) Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау, қайнату), жеке сездерді айтуға ынталандыру.

б) Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 6 демонстрациялық материал (көкөністердің суреттері, № 6 үлестірмелі материал (көкөніс суреттері бойынша түстерін бояу).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: асханаға бару.



Сөздік жұмыс: көкөністер, аспазшы, көже.

Билингвальді компонент: көкөністер-овощи, аспазшы- повар, көже- суп.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозгаушылық

  • Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

  • Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Армысыз, шұғылалы алтын Күн! Қуан, шаттан, алақай! Қайырлы таң, қайырлы күн! Бәріміз күндей жарқырайық!



Педагогпен бірге қайталайды.

Ұ



Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

  • Балалар, көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы:

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл, сары, қызыл, көк

Сан алуан көкөніс.



  • Өлеңде не туралы айтылған?

(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану).

Педагог балалардан көрнекілікті пайдаланып, сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін, түсін сұрайды.
Педагог көкөністерге не жататынын, оларды жылдың қай мезгілінде жинайтынына тоқталады.


  • Үйде аналарың, әжелерің көкөністерді косып, тамак әзірлейді. Қазір мен сендер­ге көкөністерден қалай көже жасала-

  • тынын көрсетемін.

Дидактикалық ойын: «Тамақ әзірлеу» (ойын­шық ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу).

  • Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз, суымыз қайнағанша картопты тазалаймыз, суға жуып, пышақпен бөліп тураймыз, қайнап жатқан суға саламыз. Керекті көкөністерімізді: орамжапырақ, сәбіз т.б. жуып, турап, кастрөлге саламыз. Табаға пиязды қуырып аламыз.

  • Қуырған кезде қандай дыбыс шығады? (Ш-ш-ш).

Педагог пиязды кастрелге салып, сорпаны араластырады. Өкінішке орай біздің плитамыз жанбайды, сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз, көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып, түскі асқа пісіріп берсін.

Аспаз келіп:
«Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін», - деп уәдесін беріп, шығып кетеді.
Билингвальды компонент: көкөністер - овощи, аспаз - повар, көже - суп.
Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап

Таянамын бүйірді,

Бастап кетем дұрыстап

Сайгүлікше жүруді,

Бір! Екі! Бір! Екі

(С.Қалиұлы).

№ 6 үлестірмелі материалмен жұмыс: көкөністерді бояйды. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін, түстерін сұрау.





Өлеңді мұқият тыңдайды.

- Көкөністер туралы
Суреттегі көкөністердің атын, пішінін, түсін атайды.


Балалар «ш-ш -ш-ш» деген дыбысты бірнеше рет қайталайды.

көкөністер - овощи, аспаз - повар, көже - суп. Сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Көкөністерді түстеріне сәйкес бояйды. Балалар жауабы тыңдалады.

Рефлекциялық -түзетушілік

- Балалар, көкөністерден пісірген көжөмізді неге құямыз? - Ыдыстарға нелер жатады?- Бұл заттар аналарыңа не үшін қажет?- Оларды қалай пайдаланады? Сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды, балаларды мадақтайды.

Сұрақ-жауап арқы­лы жауап береді

- Ыдыстарға.

- Кастрөл, қазан, шәйнек, қасық, пышақ, тәрелке, табақ, кесе - бұлар ыдыстар. Бұл зат­тар күнделікті өмірімізге өте қажет.

Каталог: uploads -> doc -> 07fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Өсиет. Жалпы мақсаты
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет