«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту


Түсінеді: достық пен бірліктің не екенін; Қолданады



бет4/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Түсінеді: достық пен бірліктің не екенін;

Қолданады: бір-біріне қол үшін беру керек дағдыларды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ертегілер әлемі.

Мақсаты: а) Ертегі мазмұнын түсіндіру.

ә) Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып, тілін дамыту.

б) Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 12 демонстрациялық материал немесе интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсету, № 12 үлестірмелі материал (сурет бойынша лақтарды қасқырдан құтқару жолын табу).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.



Сөздік жұмыс: қасқыр, ешкі.

Билингвальды компонент:қасқыр - волк, ешкі - коза.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылықмдастырушылық - ізденістік

Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерд! көрсем қуанам.

Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді.

Ертегілер елінен келген Алдаркөсе балалардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды. Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ұсынады.


№ 12 демонстрациялық материал.

Педагог балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы әңгімелеп береді, мазмұнын түсіндіреді. (Интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетеді). Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс-әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Билингвальды компонент: қасқыр - волк, ешкі - коза.
Жағдаят шешу

«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не істер едіндер?» деген сұрақ қою арқылы балалардың жауаптарын тыңдайды, қорытындылайды.


Сергіту сәті:

Шөре, шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың,

(I. Жансүгіров).



12 үлестірмелі материалмен жұмыс. Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалармен ертегі кейіпкерлері, оның іс-әрекеттері туралы әңгімелесу.



Педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.
Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады.

Балалар «Бауырсақ», «Шалқан», «Лақтар мен қасқыр» т.б. ертегілерді білетіндерін айта­ды.

Мұқият тыңдайды, ертегі желісі бо­йынша сұрақтарға жауап береді.

қасқыр - волк, ешкі – коза - сөздерін қайталайды.

Қасқырды сипаттайды. Лақтардың орнынада өздері болса, не істейтіндерін айтады.
Өлең мазмұнына сай қимылын салады.


Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді. Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады.


Рефлекциялық -түзетушілік

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттату, сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту.

Өз іс - әрекеттерін әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: үй жануарларын жабайы жануарлардан ажырата білуге үйрететін тапсырмаларды;

Түсінеді: ертегі кейіпкерлерін қалай сипаттау керектігін;

Қолданады: ертегіні қысқаша әңгімелей білу іскерліктерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Біздің ойыншығымыз.

Мақсаты: а) Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру.

б) Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 13 демонстрациялық материал көрсету, (күшік, мысық, лақ, қозылардың суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.



Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.

Билингвальды компонент: қозы - ягненок, күшік - щенок.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды бімейміз.



(М. Жаманбалинов)

Педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, ыстық тілектерін айтады.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

13 демонстрациялық материалмен жұмыс.

- Балалар, сендерді ата – әжелерің әке – аналарың қандай сөздермен еркелетеді?

- Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен. Педагог балаларға бір үй жануарлаының және олардың бірнешеу болып тұрған суреттерін көрсетеді.

- Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?

- Олардың баласы (төлі) қалай аталады?

- Бірнеше қозыны қалай айтамыз?

- Бірнеше күшіктіше?

Билингвальды компонент: қозы - ягненок, күшік - щенок.
Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.


  1. Жансүгіров)

«Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.

Шарты:үлестірмелі суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.

Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.

- Бұл не?

-Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?
- Мынау не?

- Қой төлін қалай атаймыз?

-Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен үй жануарлары және оның төлдерін атап, қалай дыбыстайтынын сұрау.



- Құлыным, ботақаным, лағым, қошақаным.

- Қой, ешкі, сиыр т.б.

- Қозы, лақ, бұзау т.б.

- Қозылар.

-Күшіктер т.б.

қозы - ягненок, күшік - щенок. Сөздерін қайталайды.
Өлең мазмұнына сай құлынның қимылдарын келтіреді.


Ойынға кіріседі

- Сиыр.

- Бұзау. «Мө-мө-мө» дуйді, яғни мөңірейді.
-Қой.

-Қозы, қошақан.

-«Мә-мә-мә» дейді, яғни маңырайды.

Балалар орындайды.


Рефлекциялық -түзетушілік

Балалардан үйде, балабақшада кіммен ойнайтындарын, қандай ойыншықты жақсы көретіндерітуралы сұрап, жауап алу.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: «ә», «ө» дыбыстарын дұрыс айтуға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: жануарлар мен олардың төлдері туралы мағлұматтарды;

Қолданады: педагог сұрақтарына тыңғылықты жауап беру іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды? (Әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Педагогтің көмегімен табиғат көкөністерін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Қимыл- әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді үйрету.

ә) Балаларға жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.

б) Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 14 демонстрациялық материал (марғау суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенде қысқы табиғатты бақылау.

Сөздік жұмыс: марғау, қар, аппақ, қыс.

Билингвальды компонент: марғау - котенок, қыс - зима, қар - снег, аппақ - белый.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын ауа райын бақылауға аударады.







  • Қараңдаршы, қар көп жауыпты. Қар өте суық, түсі аппақ, жұмсақ. Қар жердің бәрін ақ көрпе сияқты басып жатыр. Ағаш, шыршалардың бәрі қар жамылған.Қыста күн суық болады.



  • Біз қыста қалай киінеміз?






Шеңбер құррып, педагогтен кейін жылы тілек айтуды жалғастырады.
Педагогпен қайталайды.
-Жылы киінеміз.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Билингвальды компонент: марғау - котенок, қыс - зима, қар - снег, аппақ - белый.

14 демонстрациялық материалмен жұмыс. Балаларға жұмбақты шешуді ұсынады.

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйкыға бір тоймайды.

(Мысық)


  • Балалар, бүгін бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді Марғау - мысықтың баласы.

Сары ала марғаудың басынан өткізген қызықты бір оқиғаны айтып берейін, мұқият тыңдайық:

Бір күні марғау таңертең көзін ашып, керіліп, ұйкысынан оянады. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпаұшы болады. Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсак, суық нәрсеге тиеді. Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп, төсектің астына тығылып қалады.



  • Балалар, марғау неден қорқып таңғалды? Ол даладан нені көрді?

  • Қыста қар қандай болады?

  • Қар – аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қыста ұйтқып боран соққанда «у-у-у-у» деген дыбыс шығады.

  • Балалар, кәне, бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйтқып соғады?

  • Балалар, марғау қарға үйреніп, қорықпас үшін, оны өзімізбен бірге серуенге алып шығайық.

Сергіту сәті:

Беті, қолын жуады,

Тышқандарды қуады.

Тазалықты сақтайды,

Анам оны мақтайды.

«Мұздатамын» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагогтің нұсқауымен дене мүшелерін (аяқ, қол, бет, мұрын) суықтан сақтау. Ептілік, шапшаңдыққа баулу.


марғау - котенок, қыс - зима, қар - снег, аппақ - белый. Сөздерін қайталайды.

Жұмбақты шешеді.


Мұқият тыңдайды.

Қарды алғаш көріп соған қатты таң қалды.

Қар – аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қыста ұйтқып боран соққанда «у-у-у-у», – деп қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Балалар педагогтің нұсқауымен дене мүшелерін атап, суықтан қалай қорғанукеректігін көрсетеді.

Рефлекциялық -түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сурет бойынша сұрақ - жауап алып, оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

- Далада не бар?

- Қардың түсі қандай?

- Балалар не істеп жүр?

- Қыста қалай киінеді?

- Сендер қалай киінесіңдер?

Өз аулаларыңда немен ойнайсыңдар?

Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтарға жауа береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қысқы табиғатты сипаттауға берілген тапсырмаларды;

Түсінеді: сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай байланыстыру керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білу іскерліктерін;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы



Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз (ди­дактикалық ойын).

Мақсаты: а) Педагогтің көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім кешектерді, істелінетін әрекеттерді, түсті білдіретін сын есімдерді атауды үйрету.

ә) «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жат­тықтыру.

б) Киімді ұқыпты, таза киюге, киінудің реттілігін сақтауға тәрби­елеу.

Көрнекіліктер: № 15 демонстрациялық материал (баланың және оның қыстық киімдері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Қыстық киімдер туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: тон, малақай.

Билингвальды компонент: тон - шуба, малакай - ушанка.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар педагогпен дөңгелене шеңбер құрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Біздің топта ұл - қыздар,

Тату - тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

Педагогпен бірге өлеңді қайталайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Қайырлы таң!

- Бүгін ауа райы қандай?

- Жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді.

  1. Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет.

  2. Балалар киінгенде бір-біріне көмектесу керектігін ұсынады.

15 демонстрациялық материал.

- Балалар, біз өзімізбен бірге топтағы қуыршақты серуенге шығарайық. Ол сендермен бірге серуенде ойнағысы келеді. Бұл қуыршаққа Марат деп ат қояйық.

Серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз?

- Ол серуенге шығуу үшін қандай киімдер киеді?

- Малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын.

Педагог балаларға қуыршақ Маратты серуенге киіндіруді қсынады.

«Т» дыбысының дұрыс, анық айтылуына мән беру.

Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Билингвальды компонент: тон - шуба, малакай - ушанка.

-Балалар, тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

- Дұрыс, «т» дыбысы. (Педагогтің көмегімен «т» дыбысын қайталайды).

Сергіту сәті:

Санайықшы жаңаша,

Бір,екі,үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!

«Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: қыстық киімдердіретімен атау. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан «Т» дыбысын дұрысайтуды қайталату.



Балалардың жауабы.


  1. Киінудің реттілігін сақтайды.

  2. Балалар киінгенде бір-біріне көмектеседі.


Маратпен амандасады.

-Тон, жейде, малақай, етік, шалбар, жемпір. Балалар қуыршақты киіну реттілігін сақтай отырып киіндіреді, педагог көмегімен серуенге қалай киінетіндерін айтады.

Тон - шуба, малакай - ушанка. Сөздерін қайталайды.
«Т» дыбысын бірнеше рет қайталап айтады.
Саусақтарын біріктіріп, үшке дейін санайды.
Қыстық киімдерді ретімен атайды.

Рефлекциялық -түзетушілік

Оқу іс- әрекетін сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды.

-Қуыршақ Маратты серуенге шығару үшін қалай киіндірдік?

- Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер?

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет