«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет8/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;

Түсінеді: көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;

Қолданады: сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Менің көңілді добым (сипаттау).

Мақсаты: а) Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді

жалғастыру. Заттарды қарастыруда олардың түсін, пішінін, қандай

материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.

ә) Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін жаттықтыру.



б) Ойыншықтарды кутіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 29 демонстрациялық материал (көңілді доп суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: доп, домалақ, көңілді.

Билингвальды компонент: доп - мяч, домалақ - круглый, көңілді - веселый.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Ауа райы қандай?

- Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

- Ал енді мен сендерге тақпақ оқып берейін, сендер тыңдаңдар?

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді ең.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.

29 демонстрациялық материалмен жұмыс.



- Қараңдаршы, балалар, мынау не?

- Доп қандай? (Кішкентай)

Балалардың жауабы.


- Иә.

Тақпақты мұқият тыңдайды. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

- Доп.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Ал енді доп туралы өлеңді жаттап алайық.

Добымменің, добым менің

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

29 демонстрациялық материалмен жұмыс.


- Қараңдаршы, балалар, мынау не?

- Доп қандай? (Кішкентай)

- Оның пішіні қандай? (Дөңгелек).

- Ол неге ұқсайды? (Дөңгелекке).

- Доп қандай қимыл жасайды?

- Доптың түсі қандай?

- Қандай материалдан жасалған? (Көмек беру).

- Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз?

Билингвальды компонент: доп - мяч, домалақ - круглый, көңілді - веселый.
Сергіту сәті:

Кәне, балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Біз отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз.
Доптың суретін көрсете отырып, өлеңді жаттату.

Жек жұмысты қажет ететін балалардан доп туралы өлеңді қайталату.



- Иә.

Тақпақты мұқият тыңдайды. Жаттайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Доп.

- Кішкентай.

- Дөңгелек.
- Секіреді.

- Қызыл.

- Резеңкеден.

- Түрлі ойындар ойнаймыз.

Балалар қайталайды.

доп - мяч, домалақ - круглый, көңілді - веселый.
Қимылмен көрсетеді.

Балалар өлең жолдарын бірнеше рет қайталап отырып жаттайды.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Біз бүгін немен таныстық?

- Доп қандай екен?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы тыңдалды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тапсырманы;

Түсінеді: өлең мазмұнын;

Қолданады: ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Әйгерімнің ойыншықтары (ойын-сахналау, сөздік жұмыс).

Мақсаты: а) Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту. ә) Балалардың сөздік қорын байыту. Үлгі және педагогтің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру (текше, кішкентай, үлкен, әдемі, көк, кызыл М$М, чупа- чупс). б) Ойыншықтарды күтіп, ұкыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 30 демонстрациялық материал (Спанч Боб, М$М – денс суреттері), топтағы ойыншықтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Спанч Боб-губка, текше-куб.

Билингвальды компонент: текше-куб.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

- Балалар, бізге қонаққа Әйгерім келді.

Әйгерімге еткен оқу іс-әрекетімізде шай беріп едік қой.

- Енді Әйгерімді біз ойыншықтар дүкеніне апарамыз.


Қуанады.
Қуыршақпен амандасады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

30 демонстрациялык материал.

Әйгерім ойыншықтар дүкенінде не істерін білмей тұр.

- Қандай көп ойыншық! Олардың қандай ойыншық екенінде білмейді, көмектесемізбе?

- Мына ойыншық неге ұқсайды?

(Спанч Боб)

- Ол өзі қандай?

-Түсі қандай?
- Спанч Бобты қайдан білесіңдер?

- Ал мынау не?

- М$М-денстің түсі қандай?

- Оны кім жеп көрді?

-Тағы кім нені көріп тұр?

- Ол не?

- Түсі қандай?

- Дәмі қандай?

- Сендер оны жеп көрдіңдер ме?

- М$М пен Чупа-чупс – ойыншық па?
- Мынау не?

- Пішіні қандай?
Билингвальды компонент: текше-куб.
- Сонымен Әйнерім дүкеннен «СпанчБоб» ойыншығын таңдады.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға ойыншық аттарын қайталату.
Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға солға түзу тұр.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.
«Кімге не керек?» дидактикалық ойыны

Шарты: балалар дүкеннен өздеріне ұнаған ойыншықтарын таңдайды.

Балалардың жауабы:


- Төртбұрыш.

- Сары, аяғы бар, қолы бар.
- Мультфилмнен.

- М$М-денс.
- Бәрі.

- Чупа-чупс.
- Әр түрлі.

- Тәтті.

- Иә.

- Жоқ олар жейтін кәмпиттер.

- Текше.

- Төртбұрышты.

- Текше-куб.

Қайталайды.


Бірге қайталап, сәйкесқимыл жасайды.

Балалар дүкеннен өздеріне ұнаған ойыншықтарын таңдап алады.


Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар, бүгін біз кімге көмектестік?

- Әйгерім ойыншықтар дүкеніндеьне істеді?

- Ойыншықтар дүкенінде қандай ойыншықтар бар екен?

- Әйгерім қандай ойыншық таңдады?

- Сендер қандай ойыншық таңдап алар едіңдер?

Оқу іс- әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын;

Түсінеді: ойыншықтардың түсін, пішінін қалай сипаттап айту керектігін;

Қолданады: әртүрлі материалдардан жасалған ойыншық түрлерін таңдауды іс жүзінде.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көктем келді (сұрақ-жауаптар).

Мақсаты: а) Педагогтің сұрақтарына байланысты жауап қайтаруға (қар ериді, күн жылиды, құстар ұшып келеді), сөз тіркестерін құрастыруға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. ә) Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, сурет арқылы шешулерін табуға үйрету, «к» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту. б) Табигаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғаттағы аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 31 демонстрациялық материал (Көктем көрінісі суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көктем мезгілін бақылау.

Сөздік жұмыс: бәйшешек, бүршік, көктем.

Билингвальды компонент: бәйшешек - подснежник, бүршік - почка, көктем - весна.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Амандасу. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын қайталаттырады:

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!» деймін мен.

(Е. Өтетілеуұлы)


Сәлемдесіп, бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

№ 31 демонстрациялық материалмен жұмыс.

Ақ кар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешек толады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

(Көктем)


  • Бәйшешек - ерте көктемде гүлдейтін гүл. Ерте көктемде ағаштар бүршік атады.

  • Балалар, өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

(Педагог «қ» дыбысының анық айтылуына мән беру).

  • Көктемде күн шығып, қар еріп, су көбейіп, сай-салаға толады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Балалар оларға қамқорлық жасап, құстың ұясын ағашқа іліпті. Ағаштар гүлдеп тұр.

  • Айналанын бәрі қандай?

  • Балалар не істеп жүр?




  • Балалар қалай киінген?

- Судың жағасындағы бала не істеп отыр?


Билннгвальды компонент: бәйшешек - подснежник, бүршік - почка, көктем - весна.
Сергіту сәті:

Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.
№31 үлестірмелі материалмен жұмыс. «Суреттердің орнын тап!» дидактикалық ойыны.

Шарты: суреттердің орнын тауып жабыстыру.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға көктем мезгілі ерекшеліктерін қайталату .



Өлең - жұмбақты тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.


  • Жап-жасыл шөп.

  • Алғашқы көктемнің гүлдерін теріп жүр.

  • Балалар қалың киімдерін тастап, жеңіл киінген.

  • Қолдан жасаған кемесін суға жіберіп отыр.

Балалар қайталайды: Бәйшешек - подснежник. Бүршік - почка. Көктем - весна.

Сәйкес қимыл жасайды.



Суреттердің орнын табады да, жабыстырады. Суреттер: құс, күн, ұя.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар, біз суреттен не көрдік?

- Көктемде өқстар қай жақтан ұшып келед?

- Ағаштарда не өседі?

Балаларды мадақтап, оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын;

Түсінеді: сөздердегі дыбыстарды дұрыс айту үшін дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығуларды мүлтіксіз орындау керектігін;

Қолданады: көктем туралы ойларын еркін жеткізе білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Өзінің отбасы туралы әңгіме (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Тілде сын есімдерді (мейірімді, тату), етістіктерді (қамкорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуге үйрету. ә) Өз отбасы жайлы әңгімелеу барысында сөздік қорларын толықтыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, «г», «п», дыбыстарының айтылуын бекіту.

б) Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: № 32 демонстрациялық материал (Отбасы суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Отбасы туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке

Билингвальды компонент: ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама, аға-брат, іні-младший брат, әпке-сестра.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

- Балалар, бүгін ауа райы қандай?

- Жылдың қай мезгілі?

- Далада қар еріп жатырма?

- Құстар ұшып келдіме?

Сәлемдеседі.

Сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

32 демонстрациялық материал.

  • Балалар, біз бүгін сендермен тату-тәтті отбасы туралы әңгімелесеміз.

  • Суретте не бейнеленген?




  • Балалар сендердің отбасыларыңда кімдер бар? (Жеке-жеке балалардан отбасы мүшелерін сұрау).

  • Кім атасы, апасытуралы тақпақ айтып береді? (Аталарының, әжелерінің атын атау, тақпақ айту).

  • Сендердің ағаларың немесе апайларың барма?

  • Саған кім қамқордық жасайды?

  • Сендерді балабақшаға кімалып келіп, кім алып қайтады?

  • Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

  • Кәне, бәріміз қосылып, өз отбасымызға саусағымызды көрсету арқылы жақсы көретінімізді білдірейік.

Билингвальды компонент: ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама, аға-брат, іні-младший брат, әпке-сестра.
Сергіту сәті:

Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – апам,

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Кішкене бөбек сен.

32 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Үйде кімдер тұрады?» дидактикалық ойыны ойнатылады. Үйшіктегі алты терезеге ата, әже, әке, ана, ұл және қыздың суреттерін жабыстыру ұсынылады.


Жеке жұмысты қажет ететін балалардың отбасы мүшелері туралы сұрау.

  • Мына суретте үлкен отбасын көріп тұрмыз. Отбасында атасы, әжесі, әкесі, анасы, апкесі, інісі бар екен. Олар дастарқан басында шай ішіп отыр. Әпкесі дастарқанға жеміс-жидек әкеліп, әкесіне ұсынып тұр. Балалардың жауаптары тыңдалды. Балалар аталарын, әжелерін атайды. Олар туралы жақсы сөздер айтады.



Балалар қайталайды.

ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама, аға-брат, іні-младший брат, әпке-сестра.

Сәйкес қимыл жасайды.

Балалар үйшіктегі алты терезеге ата, әже, әке, ана, ұл және қыздың суреттерін жабсырады.
Балалардың жауабы.

Рефлекциялық –түзетушілік

  • Балалар, кім отбасы мүшелерін атайды?

  • Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

Балаларды мадақтау.


Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: отбасы туралы әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы;

Түсінеді: ойын шарттарын түсінген кезде ғана оның тапсырмасын дұрыс орындай алатындықтарын;

Қолданады: отбасының мүшелерін (ата, әже, әке, ана т.б.) олар туралы әңгімелей білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі (сұрак, жауаптар).

Мақсаты: а) Педагогтің сұрақтарына жауап беруге үйретуді жалғастыру. Жиһаз атауларымен таныстыру (үстел, орындық, диван, кереует). Сейлемдегі сездерді байланыстыруды үйретуді жалғастыру. ә) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

б) Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: № 33 демонстрациялық материал (Бөлме жиһаздары суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: жиһаз, кереует, үстел, орындық.

Билингвальды компонент: жиһаз-мебедь, кереует-кровать, үстел-стол, орындық-стул



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

33 демонстрациялық материал.



- Балалар, Әйгерімнің өз бөлмесі бар екен. Кәне мына жаққа қараңдаршы?

- Бөлмесі қандай?

- Бөлмесінде не бар екен?

- Дұрыс, жиһаздр. Жиһаз-диван, орындық, үстел, кереует.

- мынау не? (Үстелді көрсету).

- Үстел не үшін керек?

- Ол үстелдің түсі қандай? (Қызыл).

Біздің топта үстел барма?

Шеңбер құрып, бір-біріне жылу, көтеріңкікөңіл сыилайды.

Суретке қарайды, жауап береді.

- Әдемі.

- Жиһаздар.
- Үстел.

- Үстел тамақ ішу үшін керек.

- Қызыл.

-Бар.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Мынау не?

  • Дұрыс, орындық.

  • Ол орындық не үшін керек

  • Ол орындықтың түсы қандай?

  • Біздің топта орындық барма?

  • Мынау не?

  • Ол диван не үшін керке?

  • Мынау не? –Дұрыс, кереует.

  • Ол кереует не үшін керек?

  • Ол кереуеттің түсі қандай?

  • Біздің топта кереует барма?

  • Мынау не? – Дұрыс, шкаф.

  • Ол не үшін керек?

  • Оның түсі қандай?

  • Біздің топта шкаф барма?

  • Балалар, сендердің бөлмелеріңде қандай жиһаздар бар?


Билингвальды компонент:

жиһаз-мебедь,

кереует-кровать,

үстел-стол,

орындық-стул.
Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып аламыз.
«Қайсысы жоқ?» дидактикалық ойыны.

Балалар ойыншық жиһаздарды пайдалана отырып, жетпей тұраған жиһазды табу керек.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардың топтағы жиһаздар олардың атауы туралы сұрау.

- Орындық.
- Орындықта отырамыз.

- Сары.

- Бар.

- Диван.

- Диванда отырамыз, жатамыз.

- Кереует.

- Кереуетте жатамыз.

- Қызыл.

- Бар.

- Шкаф.

- Оған біз киім саламыз.

- Көк.
Әр бала өз шкфының түсін айтады.
Балалар қайталайды.

жиһаз-мебедь,

кереует-кровать,

үстел-стол,

орындық-стул.

Өлеңді мазмұнына сәйкес қимыл жасайды.

Ойынды қызыға ойнайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Рефлекциялық –түзетушілік

  • Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесінде қандай жиһаздар бар екен?

Сұрақ-жауап оқу іс-әрекетін қорытындылау.


Сұрақтарға жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет