«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет1/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Күні

Сағат саны

1.

Топпен танысу (саяхат).

07.09.15

1

2.

Шұбар тауық (әңгімелеуге дайындайық).

14.09.15

1

3.

Шар мен текшені салыстыру.

21.09.15

1

4.

Балалар текшелермен ойнайды.

28.09.15

1

5.

Дыбыстарды дұрыс айтайық (а-ә, о-е).

05.10.15

1

6.

Көкөністерден көже жасау.

12.10.15

1

7.

«Ерке төлдер» тақырыбында әңгіме құрастыру.

19.10.15

1

8.

Сүйікті ойыншықтар.

26.10.15

1

9.

Бізге қуыршақтар келді.

02.11.15

1

10.

Көмекшілер.

09.11.15

1

11.

Ойыншықтар достығы.

16.11.15

1

12.

Ертегілер әлемі.

23.11.15

1

13.

Біздің ойыншығымыз.

30.11.15

1

14.

Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды? (Әңгіме құрастыру).

07.12.15

1

15.

Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз.

14.12.15

1

16.

Шана тебеміз.

21.12.15

1

17.

Жасыл шырша жанында (өлең бойынша әңгіме құрастыру, жаттау).

28.12.15

1

18.

Қысқы серуен (әңгіме құрастыру).

04.01.16

1

19.

Шай қайнатуды үйренеміз (дидактикалық ойын).

11.01.16

1

20.

Ойыншық дүкені (дидактикалық ойын).

18.01.16

1

21.

Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта.

25.01.16

1

22.

Кімге не керек? (дидактикалык ойын).

01.02.16

1

23.

Музыкалық ойыншықтар (сипаттау әңгіме құрастыру).

08.02.16

1

24.

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау).

15.02.15

1

25.

Менің сүйікті анам (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

22.02.16

1

26.

«Менің сүйікті мысығым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

29.02.16

1

27.

Әңгіме құрастырамыз (шығармашылық элементтерімен әңіме құрастыру).

14.03.16

1

28.

Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

28.03.16

1

29.

Менің көңілді добым (сипаттау).

04.04.16

1

30.

Әйгерімнің ойыншықтары (ойын-сахналау, сөздік жұмыс).

11.04.16

1

31.

Көктем келді (сұрақ-жауаптар).

18.04.16

1

32.

Өзінің отбасы туралы әңгіме (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

25.04.16

1

33.

Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі (сұрақ, жауаптар).

02.05.16

1

34.

Біз дәрігерде қонақта болдық.

16.05.16

1

35.

Ғажайып қалта (дидактикалық ойын). тілдің дыбыстық мәдениеті.

23.05.16

1

36.

Сипаты бойынша таңы (дидактикалық ойын). Бақылау.

30.05.16

1




Барлығы




36 сағат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.



Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Топпен танысу (саяхат).

Мақсаты: а) Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру, ондағы жиһаз атауларын атауға, олардың қызметін сипаттап беруге үйрету.

ә) Педагогтің сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.

б) Топтағы жиһаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: №1 демонстрациялық материал, («Нені қайда қоямыз?» дидактикалық ойынына керекті №1 үлестірмелі материалдар жинағы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу, топқа саяхат.



Сөздік жұмыс: топ, бөлме, кереует, қолжуғыш.

Билингвальды компонент: топ - группа, бөлме - комната, кереу­ет - кровать.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Білер қазақ баласы,

Сәлем - сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.


Балалар педагогпен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Балалар, сендер бүгін таңертең тұрып қайда келдіңдер?

  • Сендерге балабақшада ұнай ма?

Балабақша өмірімен таныстырады.

Педагог өзін таныстырады.



  • Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойыншықтар бар.


Балаларға демонстрациялық көрнекілікті көрсете отырып, балабақшамен таныстыру.

  • Мынау не?

  • Оған не саламыз? т.б. сипаттарын атау, түсін, көлемін айту.




  • Мынау не?

  • Оған не саламыз?

  • Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?

  • Мынау не? (Кереует - жататын төсек).

  • Онда не істейміз? (Ұйықтаймыз, т.б.)

Билингвальды компонент: топ - группа, бөлме- комната, кереует - кровать.




  • Мынау не? (Қолжуғыш. Қолымызды жуамыз).


Педагог балаларды топ
бөлмелерімен, ондағы құрал-
жабдықтармен, заттармен таныстыра­ды. Балаларға әр бөлменніңөзіндік ерекшеліктері бар екенін, топтағы заттарды ұқыптылықпен ұстау керек екенін түсіндіреді.
1 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Нені қайда қоямыз?» дидактикалық ойыны. Дәптердегі заттарды атай отырып, оларды қай жерге қоятынын айту.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топ жиһаздарын сұрау, балалардың топтық жәнежеке әрекеттерін, олардың жауаптарын талдайды.


- Балабақшаға.

- Ұнайды.

Педагогті тыңдайды.

- Шкаф.


- Киімімізді бас киімді саламыз, аяқкиімді, пальтоны саламыз.

- Ойыншық шкафы.

- Ойыншықтарды.

- Аю, қоян, піл, машинаны көріп тұрмыз.


Топ - группа, бөлме- комната, кереует – кровать сөздерін қайталайды.
- Қол жуғыш біз онда беті -қолымызды жуамыз.
Заттарды атап, олар қайда тұратынын айту. (Мысалы, сырт киім және аяккиім заттарын киім ілетін шкафтарға жинайды). Топішінде серуен жасайды.


Рефлекциялық -түзетушілік

Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(Б. Серікбаев).

Суретті көрсете отырып, сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Бөлмеден бөлмеге жүреді, әр бөлме заттарын атайды, сұрақтарға жауап береді. Әр бөлме заттарын қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді. Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Топ жиһаздарын атап, олардың не үшін қкжет екенін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы заттардың аттарын атап, киімдерін киім ілетін шкафқа жинауды;

Түсінеді: заттарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: сұрақ-жауап арқылы диалогпен сөйлеуді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі.

Мақсаты: а) Балаларға ертеп мазмұнын әңгімелеп беру. Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету.

ә) Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

б) Ертегі мазмұны арқылы бір-бірінеқамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 2 демонстрациялық материал. (Ертегі кейіпкерлерінің суреттері), «Шөжелерім» әні жазылған үнтаспа.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бейнетаспадан «Шұбар тауық» ертегісін көрсету.

Сөздік жұмыс: шұбар тауық, қауырсын, жумыртқа, тышқан.

Билингвальды компонент: ата-дедушка, әже-бабушка, тауық - курица, жумыртқа - яйцо, тышқан - мышь.




Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Балалар, бүгін күн қандай?

  • Күн ашық па?

  • Жылдыңқай мезгілі? т.б.

Шұбар тауық туралы өлең оқып бередь Шұбар тауық мүлдем Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген

Балапаны қанша?

Балапанын тауық

Қызганады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.

(Ұ.Есдәулетов)


Сұрақтарға жауап береді.

Балалар өлеңнің мазмұнын түсінгендерін айтып беруге тырысады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

  • Балалар, сендер білесіңдер ме,

тауықтар қандай түсті болады? Ақ түсті, қызыл түсті, шұбар ала түсті тауықтар болады екен. Мен сендерге осы «Шұбар тауық» ертегісінәңгімелеп беремін.

Баяғыда бір атай мен әжей күнінәзер көріпті. Олардьщ жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып-ұрып жара алмапты. Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты. Атай мен әжей жылапты. Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:



Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін, - депті

Балалар ертегіні тыңдайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Балалар, сендерге ертегіұнады ма?

- Онда, осы шұбар тауықтан алынған қауырсыннан «Қауырсынды үрлеу» ойынын ойнайық. (Шұбар тауық,, қауырсын сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі)



Тыныс алу жаттығуы.

Жеңіл қауырсынды «уф-уф-уф» деп үрлеуді көрсетеді



Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аягымның ұшына.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С.Калиулы).

Дидактикалық ойын: «Балапандарды тамақтандыру».

Ойын шарты: «Шөжелерім» әнін тыңдата отырып, қимылмен балапандарға жем шашуды көрсету.


-Ия, ұнады.

Балалар қауырсынды үрлеп ойнайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Әнді орындай отырып, қимылмен балапандарға жем шашады.

Рефлекциялық -түзетушілік

Педагог жеке-жеке балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінқорытындылайды.
Билннгвальды компонент: ата - дедушка, әже - бабушка, тауық - курица, жумыртқа - яйцо. тышқан - мышь.
- Балалар, ертеп юмдер туралы?
- Атай мен әжейдің қандай тауығы болыпты?

- Ол не тауыпты?

- Жұмыртка қандай болыпты?- Жұмыртқаның түбіне жеткен не?

- Атай мен әжейді тауық не деп жұбатыпты?


-Ата - дедушка, әже - бабушка, тауық - курица, жумыртқа - яйцо. тышқан - мышь.

- Атай мен әжей туралы.

- Шұбар тауығы.

- Алтын жұмыртқа.

- Қатты.

- Тышқан.

- «Жыламаңдар, мен сендерге алтын емес, қарапайым тамақ болатын жұмыртқа тауып беремін», - деп жұбатыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет