Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая организованной учебной деятельности
Топ (группа): Дайындық
Білім беру бөлімі (образовательная область): Қатынас
Бөлім (раздел): Қазақ тілі
Тақырыбы (тема): Отбасы.
Мақсаты (цели): Балаларды отбасы мүшелерімен таныстыру.
Өз отбасы мүшелерін атай алуға үйрету.
Сөздерді орынды қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
Отбасы мүшелерін жақсы көруге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздік қоры (словарная работа): Бұл ана. Бұл әке. Бұл әже. Мен қыз. Мен ұл.
Билингвалдық компоненті/ Билингвальный компонент:Ата –дедушка, әже-бабушка, ана- мама, әке-папа, қыз-девочка, ұл-мальчик, әпке-старшая сестра, іңі-младший брат.
Іс -әрекет кезеңдері
Этапы
деятельности
|
Педагогтың басқару іс-әрекеті
Управленческие действия педагога
|
Балалардың іс-әрекеті
Деятельность детей
|
l этап
Мотивациялық-қозғаушы
Мотивационно-
побудительный
|
Ұйымдастыру кезені. Cәлемдесу
Мұғалім балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Айналаға, бар адамға
Тек, мейірім сыйлаймыз
- Балалар, бүгінгі күндерің көңілді, сәтті өтсін!
Фонетикалық жаттығу:
-от-от-от- бұл біздің отбасы
-на -на-на- мынау ана
-ке-ке-ке-келеді әке
- же- же- же- сүйікті әже
-та-та-та- отыр ата
- ай –ай-ай – біздің апай.
-Қазір қай сабақ?
-Бүгін қай күн?
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
-Қыста не жауады?
-Дұрыс балалар, қыста күн суық болады, қар жауады, боран болады.
Өткен сабақтағы сөздерді қайталау
«Дастарқанда қаңдай ыдыс жоқ?» д.ойыны.
|
Балалар қазақша амандасады.
Балалар буын ұйқасты тыңдайды,мұғаліммен бірге хормен қайталайды.
Қойған сұрақтарға жауаптар береді.Қыста суық. Қыста қар жауады. Далада аяз. Балалар аққала жасайды.
Жоқ ыдыстарды атайды атайды.
|
ll этап
Іздену-ұйымдастырушы
Организационно – поисковый
|
Суретке балалардың назарын аудару. Мұғалім осы сурет бойынша тақырып туралы түсінік береді. Балаларды сурет бойынша:
- Бұл ана, шеше.
- Бұл әке.
- Бұл әже.
- Бұл ата.
- Бұл қыз, ұл.
Суреттерді көрсетіп «мынау кім»? дидактикалық ойынын ойнау.
Көрсеткен суреттерді іліп қойып, балалардың көздерін жұмып «кім жоқ»? деген сұрақтарға жауап сұралады.
Тақпақ айтады, кім туралы екенін табу керек.
Менің әжем, ер әжем
Мінезі өте жәйлі әжем
Тірек болып жүр әжем
Әрқашанда қасымда
Бақшасында балалар
Іні, әпке, аға бар
Ойыншықтар көп онда
Машина, ат, түйе бар
Сергіту сәті: Бас бармақ –әкем
Балаң үйрек-шешем
Ортан терек-апам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз
«Бұл кім?» дидактикалық ойыны
«Мен айтамын, сен көрсет» дидактикалық ойыны
– Балалар, әке, әже деген сөздер қай әріп пен дыбыстан басталады?
- Ә әрпі қандай дыбыс?
- Ә әрпінен келетін сөздерді айта қойыңдар.
|
Суретке назарларын аударады.
Жаңа сөздерді қайталап, есте сақтайды.
Суреттерге қарап «кім жоқ»? деген сұрақтарға жауап береді.
Кім туралы айтады.
Демалу жаттығу.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Жасырған ыдысты табады.
-Ә әрпі мен дыбысынан басталады.
-Дауысты дыбыс.
- Әже, әке, әткеншек, әріп, әтеш, Әсия, Әсет, т.б.
|
lll этап
Рефлесивтік - коррекциялаушы
Рефлексивно – корригирующий
|
Балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытыңдылайды.
|
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
Күтілетін нәтиже (ожидаемый результат).
Айтады (Воспроизводят): Ата –дедушка, әже-бабушка, ана- мама, әке-папа, қыз-девочка, ұл-мальчик, әпке-старшая сестра, іңі-младший брат.
Түсінеді (Понимают): Бұл ана. Бұл әке. Бұл әже. Мен қыз. Мен ұл.
Қолданады (Применяют): Бұл ана. Бұл әке. Бұл әже. Мен қыз. Мен ұл.
Достарыңызбен бөлісу: |