«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет9/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: сұрақтарға дұрыс жауап беруге, сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрастыруға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: үй жиһаздарын не үшін қолданатынын;

Қолданады: үй жиһаздарының аттарын (үстел, диван, кереует, орындық) күнделікті өмірде

.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Біз дәрігерде қонақта болдық.

Мақсаты: а) Балаларды медициналық бөлмелермен таныстыру. ә) Балалардың сөздік қорын молайту, «к», «т» дыбыстарын айтуды, дауыс екпінін өзгерте білуді бекіту.

б) Дәрігердің, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдай білуге баулу.



Көрнекіліктер: № 34 демонстрациялық материал (дәрігер мен медициналық құрал-жабдықтардың суреттері), дәріхана құрал- жабдықтары.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: мед.бикенің бөлмесіне саяхат.

Сөздік жұмыс: дәрігер, мақта, дәке.

Билингвальды компонент: дәрігер - врач, мақта - вата, дәке - бинт.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң,

Қайырлы кун!

Күліп шықты бүгін күн!


Балалар жарты шеңбер болып тұрып, педагог- пен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балаларға өлең оқып береді.

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді



Өзім жақсы сүйемін.

(Ө. Тұрманжанов)

- Балалар тақпақ кім жайлы?


- Иә, сендер айтасыңдар, дәрігер жайлы екен.

Мейірбикенің дәрілерімен, дәкесімен, йод, мақта, дәрумендерімен танысу.

34 демонстрациялық материал. Жаңа біздер дәрігер бөлмесіне барып,ол бөлмедегі заттармен танысып келдік.

  • Дәрігер бөлмесінен не көрдік?



  • Дұрыс, дәрілер, дәке, йод, мақта, дәрумендер-дәрігерге қажетті заттар.

  • Дәрігер не істейді?

Билингвальды компонент: дәрігер - врач, мақта - вата, дәке - бинт.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


  • Ал енді, балалар, дәрігерге арналған тақпақты қайталайық.


Педагог бастайды, балалар қайталайды.

«Дәрігер» мазмұнды-рөлді ойыны. Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.

Деке жұмысты қажет ететін балалардан медбике бөлмесінен көрген заттарын сұрау.

Педагогті тыңдайды, қызығушылық танытады.



  • Дәрігер.


Мейірбикенің бөлмесіне саяхат жасайды.
- Дәрілер, дәке, йод, мақта, дәрумендер.
- Дәрігер алғашқы көмек көрсетеді. Балалар байқаусызда құлап жарақаттанса, аяғына дәрі жағып, байлап қояды.
Балалар қайталайды. дәрігер - врач, мақта - вата, дәке - бинт.

Өлең мазмұнына сәйкес жаттығулар орындайды.
Педагогпен бірге қайталайды.
Балалардың ішінен дәрігер сайланады.

«Дәрігер» ойыншық құралдарымен балаларды тыңдайды, «кеңес» береді.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Рефлекциялық –түзетушілік

  • Балалар, біздің денсаулығымызға кім қамқор болады?

  • Біз бүгін қайда бардық?

  • Біздің мейірбикенің аты кім?



Педагогтің сұрақтарына толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: сөздерде кездесетін дыбыстарды анық және оларды бірнеше рет қайталап айтуға арналған тапсырманы;

Түсінеді: дәрігердің қызметі туралы берілген мәліметтерді;

Қолданады: мейірбикенің құралдарын қалай пайдалануын біледі.

.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ғажайып қалта (дидактикалық ойын). Тілдің дыбыстық мәдениеті.

Мақсаты: а) Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.

ә) Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету (мысалы: ақырын сөйлеу). б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: № 35 үлестірмелі материалдармен жұмыс, әр- түрлі заттар суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, ойындар.

Сөздік жұмыс: доп, шар, қуыршақ, пойыз.

Билингвальды компонент: доп - мяч, шар - шар, қуыршақ -кук­ла, пойыз - поезд.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог балаларға өлең оқып береді.

Шеңберге тұрады. Жауаптар тыңдалады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог ғажаайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып:


  • Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойынымызды қандырады.

Допты сипаттауға тапсырма береді.

  • Ол неге ұқсайды?


Қуыршақ

Жуынбайды жуынсақ,

Бұл не деген қуыршақ?

Тығылмайды тығылсақ,

Бұл не деген қуыршақ?

1,2,3,4,5

Қуыршақтың тұсауын кес,

Қуыршағымыз қаз-қаз,

Қыдырайық аз-маз

Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету.

Қуыпшақты сипаттау, қайталау. (Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады.)

Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару.

  • Мынау не?

  • Кәне, машинаның түсы қандай?

  • Ойыншық машина неден жасалған екен?

(Ұстап көру, сезу).

  • Ол неге ұқсайды? (Текше, шар, қызыл, жасыл, жеңіл немесе автобус).

Билингвальды компонент: доп - мяч, шар - шар, қуыршақ -кук­ла, пойыз - поезд.
Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу...

Теміржолшы

Мен-ең күшті

Абай болшы,

Менен күшті.

Жол ашып қой,

Кім бар? Пыш-ту!

Жер қашық қой!

Бөп-бөп-бөп! Бө-ге-ме!

(Ә. Табылды).

35 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Байланысын тап!» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттегі заттарды бір-бірімен сәйкестендіреді.



Қызығушылық танытады. Қарайды, жауап береді.

- Доп.
- Шар тәрізді, түсі қызыл, жасыл, әр түрлі болады. Өзі жеңіл. Ол резеңкеден жасалған.


- Қуыршақ.

- Қуыршақтың көйлегі әдемі, қызыл т.б.

- Көлік, қатты заттан жасалған, текшеге ұқсайды, дөңгелектері шарға ұқсайды.


Балалар қайталайды.

доп - мяч, шар - шар, қуыршақ -кук­ла, пойыз - поезд.

Қимылмен көрсетеді.


Бір-біріне байланысты. заттарды тауып, сызық арқылы қосады.

Рефлекциялық –түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ғажайып қалтадағы заттардың аттарын, түр- түсін сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жа­уабы

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: диалог құрып, сөйлеуге арналған тапсырманы;

Түсінеді: ойыншықтар қандай заттан жасалғанын біледі;

Қолданады: дидактикалық ойынның шартын түсініп, ойнай білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Сипаты бойынша таны (дидактикалық ойын). Бақылау.

Мақсаты: а) Ойыншықты сипаттау арқылы әңгіме құрастыра білуге үйрету.

ә) Ойыншықтарды сипаттау арқылы сөздік қорларын (үлпілдек жүнді, сап-сары т.б.) толықтыру.



б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 36 үлестірмелі материалдармен жұмыс (Үй жануарларының суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: балапан, сиыр, мысық, тауық.

Билингвальды компонент: сиыр - корова, мысық - кошка, тауық - курица.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңберге тұрады. Жауаптар тыңдалады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, жол-жөнекей сандық тауып алдым, ашайын десем ашылмайды, оны ашу үшін жұмбақтарды шешу керек.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады. (Мысық).
Мысықтың суретін көрсету. Оны сипаттау, қайталау, мысықтың баласы-марғау туралы айтып өту.

- Жұмыртқаны жарып шыққн батыр, сап-сары үлпілдек жүнді.

Бұл не? Сипаттаңдар.

Осылайша бірнеше жұмбақ оқылып, оның жауабын шешкізеді. Жұмбақтың шешуі болған ойыншықтарды сипаттайды.

- Тамаша, дұрыс таптыңдар. Осы ойыншықтарды ортаға алып, «Ұзын құлақ, сұр қоян» өлеңімен бойымызды сергітеміз.
Билингвальды компонент: сиыр - корова, мысық - кошка, тауық - курица.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
36 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Қайсысы неге ұқсайды?» дидактикалық

ойыны. Шарты: бірінші бағандағы жануарларды екінші бағандағы жануарлармен салыстырырып, ұқсастықтарын тапқызу арқылы «Ешкінің төлі - лақ», «Қаздың баласы - балапан» деген жауап алу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сандықтан шыққан заттардың аттарын, түр-түсін сұрау.

Қызығушылық танытады.

- Шешуі: мысық.

Мысықты сипаттайды.
- Балапан.

Балапанды сипаттайды.

Балалар қайталайды.

сиыр - корова, мысық - кошка, тауық - курица.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.

Тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық –түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жа­уап береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қысқаша әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы;

Түсінеді: жануарлар мен олардың төлдері туралы мәліметтерді;

Қолданады: Сұрақтарға толық жауап бере білу іскеліктерін.

)

Пайдаланылган эдебиеттер

Мектепке дешнп К1Ш1 жастагы (3 жастан бастап 5 жаскд дешнп) балаларды тэрбиелеу мен окытуга арналган «Зерек бала» багдарламаеы.

Мектепке дешнп юпп жастагы (3 жастан 5 жаска дешнп) бала­ларды тэрбиелеу мен окытуга арналган «Зерек бала» багдарламасына эдютемелк нускау. Астана, 2010.

Ногайбекова Б.Ж. Эдютемелк жинак. Шымкент, 2011.

Алматы: Мектеп. 1989.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет