Қатынастар және пропорциялар тарауы бойынша



Дата16.06.2022
өлшемі12,86 Kb.
#146701
түріСабақ
Байланысты:
жазғы мектеп есебі, матем Орынгул

Қарашатау ЖОББ мектебінде математика пәні бойынша 6 класта


26.05-01.06.2022 аралығында жүргізілген жазғы мектеп жұмыстарының есебі

Жазғы мектеп курсы бойынша 6 класс оқушыларына:


Қатынастар және пропорциялар тарауы бойынша Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера т.б тақырыптар бойынша сабақ өткізілді. Тақырыпты меңгеру барысында түрлі тапсырмалар берілді. Есептер шығарылды.
Рационал сандар және оларға амалдар қолдану бөлімі бойынша Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар, координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Рационал сандарға амалдар қолдану. Рационал сандарды көбейту және бөлу. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану тақырыптары толық түсіндіріліп, рационал сандарды көбейту мен бөлуді тиімді тәсілмен орындау түрлері көрсетілді. Тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу үшін сабақ соңында тест жұмысы алынды.
Алгебралық өрнектер. Алгебралық өрнектерді түрлендіру тақырыбы барысында алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау, есеп шығару барысында қолдана алу жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында тақырыпты қорытындылау үшін түрлі деңгейдегі сұрақтар берілді.
Пән мұғалімі: О.А.Балмағанбет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет