Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1А Қатынастар және пропорциялар.
Күні:
Сынып: 6
|
Мектеп: МГ №10
Мұғалімнің аты жөні: Кушербаева Н.П
|
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті.
|
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары
|
6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;
6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылар:
-пропорцияларды құрастырады, жазады;
-пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады;
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
-пропорция анықтамасын біледі;
-пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;
-пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
-берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;
-пропорцияның белгісіз мүшесін табу ережесін тұжырымдайды;
|