Атырау қаласы,
№23 жалпы орта мектебі
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
зияткерлік сайысының жоспары
Пән мұғалімі: Ерманова Ж.Е.
2016-2017 оқу жылы
XXI ғасыр көшбасшысы
(зияткерлік сайыс)
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”озып шығып, жаратылыстану пәнінің лидері атағын алатын оқушыны анықтау.
Дамытушылық: 5- сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 5 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаев жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқыған зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны.
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қолма жасып.
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 5 сынып оқушылары. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Сайысқа қатысатын үміткерлерді таныстырып өтейін. Сонымен «Ақ барыс » тобы мүшелеріне келсек,
Қарашаева Гүлназ
Ахаева Айгерім
Елемес Еңлік
Қайыржанова Амина
Руслан Райымбек
Ергужиев Ислам
Сүлеймен Әсет
«Ақ барыс» тобы өз командасының төс белгісін және каманда әнұранымен таныстырады.
«Қыран » тобы мүшелерін таныстырайын.
1.Ерлан Дилназ
2.Азаматқызы Айгерім
3.Жексенгалиев Адильхан
4.Мұхитова Жаннұр
5.Жұмағали Мейіржан
6.Бисекен Бексұлтан
7.Кемелхан Айдын
«Қыран» тобы өз командасының төс белгісін және каманда әнұранымен таныстырады.
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
Сарапшылар: Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Бәйге
Көкпар
Жеті жұмбақ
Қызықты бестік
Жорға
І. Бәйге кезеңі
Бағалануы 10 ұпай. Ұпай сандарын айтып отыру. Ұпайы аз ойыншы келесі ойынды бастайды. Жауап бере алмаса, жауап беру келесі ойыншыға ауысады.
1 сұрақ. Күн жүйесіндегі ғаламшалар саны және оларды ата?8 Меркурий,Шолпан,Жер,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран,Нептун.
2 сұрақ. Үлкейтікіш дүрбіні Галилео Галилей қай жылы ойлап тапты? 1609 жылы
3 сұрақ. Астрономиялық бақылау жүргізетін ғимарат? Обсерватория
4 сұрақ. Алғашқы глобусты кім жасады және қай жылы? М. Бехайм 1492 жылы
5 сұрақ. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыты? 24 сағатқа тең
6 сұрақ. Жер күнді айналама,әлде күн жерді айналама? Жер күнді айналады.
7 сұрақ. Географиялық карта дегеніміз не? Жер бетінің кішірейтілген түрі.
8 сұрақ. Материк дегеніміз не?
ІІ кезең. Көкпар.
Әр пәннен 5 сұрақтан беріледі. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай ойыншы бірінші болып карточкасын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді.
Қазақ тілі
Омоним дегеніміз не?
Көнерген сөздер.
Кірме сөздерді ата.
Лексика деген не?
Синоним дегеніміз не?
Қазақстан тарихы
Жазба тарихтың негізін салушы? Геродот
Археологиялық деректер нелер жатады?Ежелгі адамдардың қолымен жасалған барлық заттары жатады.
Сақтардың үш түрін ата? Парадарайа,тиграхауда,хаумаварга,
Отырар не үшін қаһарман қала атанды?
Әл-Фарабидің толық аты кім?Әбу НасрМұхаммед ибн Мұхаммед ибн Уллағ Тарихани.
Математика
Екеуі шахматты төрт сағат ойнады. Әрқайсысы жеке-жеке неше сағат ойнайды? 4 сағат
Тауық бір аяғымен бес килограмм тартады, егер ол екі аяғымен тұрса неше килограмм тартады?
Бөренені төрт бөлікке бөледі. Сонда оны неше рет аралады?
Сағаттың төрт тен бір бөлігінде неше минут бар? 15 минут
1 сантиметрде қанша миллиметр бар?10 миллиметр
Жүргізуші:Енді екі кезең бойынша ұпай санын анықтау. Бағалану 10 ұпайдан. Ұпай саны аз оқушы ойынан шығады.
ІІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл». Мұнда сөздер қазақша, орысша қатесіз,дұрыс айтуларыңыз тексеріледі. Барлықтарыңызға табыс тілеймін.
10. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. Көктем-Весна
20.Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын. Дос – Друг
30. Футбол алаңындағы ойын заты. Доп - Мяч
40.Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама. Кітап – книга
50.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді. Ит – Собака
60.Ұшқан ... , жүгірген аң. Құс – птица
70.Әр адамның шағын Отаны. Отбасы – Семья
ІҮ кезең. «Қызықты бестік»
Жүргізуші:Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсы
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
10,20,30,40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді де, жауабы дұрыс болса, ұяшық таңдайды.
Жаратылыстану 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Ғылым 10 20 30 40
Құбылыстар мен қасиеттер 10 20 30 40
Тарих айнасы 10 20 30 40
Жаратылыстану
10 Дүниежүзінде қанша құрлық бар?
20 Атмосфера нені зерттейді?
30 Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан?
Тұлға
10 Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. Томирис
20 Қазақ арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер. Т.Әубәкіров
30 Қазақстан Республикасының алғашқы президенті. Н.Ә.Назарбаев
Ғылым
10 Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? Космонавтика
20 Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ғылым саласы. Экология
30 Иіріліп оралып, тосағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласы? Медицина
Әр түрлі
10 Түссіз, иіссіз, дәмсіз, оны сипаттау мүмкін емес, бірақ ол дүние жүзіндегі ең үлкен байлық. Бұл не туралы айтылып тұр. Су
20 Ай, жер мен күннің арасынан өткенде қандай құбылыс байқалады? Күн тұтылуы
30 Заттың қандай қасиеттері адамға өте қауіпті? Жарылғыш, улы, радиоактивті
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер ІҮ кезең бойынша жинаған ұпайларды есептейік. Ұпай саны аз оқушы ойынан шығады.
Келесі Ү кезең. «Жорға» деп аталады. Сіздер бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
Сұрақтар:
«Кел балалар оқылық» өлеңіңің авторы. Ы.Алтынсарин
Абайдың әжесі. Зере
Заттың санын білдіретін сөз табы. Сын есім
9 мамыр қандай күн. Жеңіс күні
Он екі ай. Жыл
Жер бетінің қағазға кішірейтілген сызылған бейнесі? Карта
Жер бедерінің ойлы-қырлы болып келуі. Рельф
Көру мүшесі. Көз
Жер өз осінен қанша уақытта айналып шығады? 24 сағат
Жер ғаламшарының ішкі өзегі қалай аталады? Ядро
Сұрақтар:
25 қазан қандай күн? Республика күні
«Менің атым Қожа» авторы кім? Бердібек Соқпақбаев
Қазақстандағы мемлекеттік тіл. Қазақ тілі
Есту мүшесі. Құлақ
Жеті күн. Апта
Жер қыртысын топықтырып жатқан денелер. Тау жыныстары
Жердің су қабығы. Гидросфера
Дүниежүзіндегі ең үлкен арал. Грендландия
Мұхит, теңіз суларының құрлыққа етене енуі. Шығанақ
Жер мен күннің орташа ара қашықтығы. 150 млн. Км
Жүргізуші: Міне, бүгінгі сайысымызда аяқталуына шамалас уақыт қалды. Ендігі сөз әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Бүгінгі сайысымызда жаратылыстану пәнінің лидері кім екеніне айтып берсеңіздер. Құрметті оқушылар, білімдеріңді ортаға салып, сайысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Сайыс төрт бөлімнен тұрады.
Жалпы сұрақтар.
Көкпар.
Бәйге.
Жорға.
І тур. Жалпы сұрақтар
Елбасының анасының есімін атаңыздар
А) Ақжан; В) Әлжан; С) Әминә.
Елбасының Семей ядролық полигонын жабуға байланысты ойларын, оның зардаптары мен зияны туралы жазған кітабының атауы қандай?
А) «Бейбітшілік кіндігі»; В) «Бейбітшілік тамыры»; С) «Бейбітшілік бастауы»
Грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағына беретін сөз.
А) плутократия; В) автократия С) демократия
Елбасының руы қандай?
А) Жалайыр; В) Адай; С) Шапырашты
Елбасының бастамасымен үстіміздегі жылы қаламызда өткен Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өңіраралық жиылыстың ресми атауы қандай?
А) съезд; В) саммит; С) форум
Орыс биографиялық қоғамының шешімі бойынша үстіміздегі жылы елбасыға қандай құрметті атақ берілді?
А) «Мыңжылдық адамы»; В) «Ғасыр адамы»; С) «Жыл адамы»
Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша; В) 28 қазан; С) 24 қыркүйек
Елбасының арғы атасы, жоңғарлармен шайқаста қазақ даласын қорғаған шапырашты руының батыры кім
А) Олжабай батыр; В) Қарасай батыр; С) Ағынтай батыр
Елбасының толықтыруымен өңделген «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?
А) 2001 жылы; В) 2003 жылы; С) 2006 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, қай күнді Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады?
А) 29 тамыз; В) 15 қараша; С) 16 желтоқсан
Қай жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті?
А) 1991 жылы; В) 1992 жылы; С) 1993 жылы
Бүгінгі он бесінші қараша күні Қазақстанда қандай мейрам тойланады?
А) «Ұлттық экономика күні»; В) «Ұлттық валюта күні»; С) «Ұлттық саясат күні».
1995 жылы елімізде қай ұлы тұлғаның 150 жылдығы тойланды?
А) Ы. Алтынсарин; В) Ш. Уәлиханов; С) А. Құнанбайұлы.
Тәуелсіз қазақ елі идеясы жолында құрбан болған, Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері кім?
А) А. Байтұрсынов; В) М. Дулатов; С) Ә.Бөкейханов.
Қазақ шежіресін хатқа түсірген жерлес ақын, ғұлама ғалымды атаңыз
А) С. Торайғыров; В) Ж. Аймауытов; С) М. Ж. Көпейұлы.
ІІ тур. Көкпар
Тәуелсіз Қазақстан
Еліміздің өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады? 1991 жылы 16 желтоқсан күні
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады? Төртінші маусым күні
Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? Тәуелсіздік монументі
Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы
1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? Тарих толқынында
Тұңғыш елбасы
Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті? 1991 жылы 1 желтоқсан
Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады?Днепродзержинск
Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? Теміртау
Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз «Үшқоңыр»
1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспары Қазақстан - 2030
Еуразия жүрегі - Астана
Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады?1991 жылы 6 мамырда
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат. Бәйтерек
Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік пен келісім сарайы
Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? И. Тасмағамбетов
Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»
Тарихи тұлғалар
Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллы Сағадат Нұрмағамбетов
Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т. О. Әубәкіров
Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып әдебиетте Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған жазушы кім? Қалихан Ысқақ
2010 жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді? Б. Момышұлы
Қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім? А. Байтұрсынов
Ата Заң
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда
Қазіргі кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда
Барлық азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын бере арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табатын сайлаудың түрі референдум
Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? 9бөлім, 98 бап
Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес
Әлемдік қауымдастық
2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті? Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі
Елбасының беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай белді ұйымға басшылық еттіЕҚЫҰ
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті? 2011 жылы
Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы ЮНЕСКО
Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан Нью-Йорк
ІІІ тур. «Бәйге»
Балалық шағымның аспаны
10. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді? 1940 жылы 6 мамырда, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
20. Елбасыотбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы
30. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім?Рүстем Әбдірашев
40. «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? Нұрлан Әлімжанов
Тұлға
10. Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара Алпысқызы
20. Елбасы отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш қыз: Дариға, Динара, Әлия
30. Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі гольф
40. Елбасының Интернет желісіндегі ресми сайтының атауы қандай? www.akorda.kz
Зиялы елбасы
10. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы
20. Елбасының ана тілімізге байланысты айтылған қанатты сөздерінен мысал келтіріңіз
1) Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
2) “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
3)“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
30. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? Болашақ
40. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса талантты оқушыларға тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз «Дарын» сыйлығы
IV тур Жорға
Жалпы сұрақтар (А нұсқасы)
Елбасы басқаратын саяси партия НұрОтан
Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазымпрезидент
ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады? Ақорда
Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат
«Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды? Тәуке хан
Хан, патша, император, король басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі монархия
Наурыз мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған? Ұлыстың ұлы күні
Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы Ә. Молдағұлова
Ең жоғарғы ғылыми атақ академик
Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? Байқоңыр
(В нұсқасы)
Астана қаласының мейрамы қай күн? 6 шілде
Қазақстан халықтары Бас Ассамблеясының басшысы кім? Н. Ә. Назарбаев
Астана қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген океанариум Думан
Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс
Абылай ханның шын есімі Әбілмансұр
Президент немесе парламент басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі республика
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? Жаңа күн
Ұлы Отан соғысы жылдарында Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың пулеметші қызы М. Мәметова
Гиппократ антын кімдер қабылдайды? Дәрігерлер
Еліміздегі суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл Балқаш
Әділқазылардың шешімін тыңдау. Жеңімпаздарды марапаттау
Достарыңызбен бөлісу: |