Пән: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Кетикова Ж.Т.
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізу тілдерін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал туғызу. «Амандасу түрлері»
Сынып ережесімен таныстыру (Слайдта жазылып тұрады)
1. Сабақты уақытында бастау
2.Белсенді болу
3.Ашық болу
4.Сөзді бөлмеу
5.Бір –бірімізді құрметтеп, сыйлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2.Метаграммалар жазу.
ІІІ.Жаңа сабақ
- Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді . «Графикалық органайзер» арқылы еске түсірейік.
- Әліпби араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.
Қазақ әліпбиі тарихының хронологиясымен таныстыру
жылдары
|
Аталуы
|
Авторы
|
1912 -1929 жылдар
|
Араб әліпбиіне негізделген төте жазу
|
Ахмет Байтұрсынов
|
1929 жыл
|
Латын әліпбиі
|
Түркі,қазақ зиялылары
|
1940 жылдан осы уақытқа дейін
|
Орыс әліпбиі (кирилицца)
|
Кирилл мен Мефодий
|
1-тапсырма: Оқулықтағы ереже бойынша кластерді толтыру
(интербелсенді тақтаны пайдалану)
2-тапсырма. Әріптерді әліпби ретімен жазу (Слайдтан өзін-өзі тексерту)
3-тапсырма. Жоғалған әріптерді қой.
Қ...за... ...азба м...ралар...ны... к...пш...лігі ара... ә...іпби... арқ...лы біздің ...ама...ымы...ға жет...і. 1912 жы...ы ...хмет Ба...тұр...ынов а...аб әліп...иін... н..гіз...елген қа...ақ жазуы...а ал...ғаш ре...орма жа...а...ы.
Сергіту сәті. «Отшашу» жаттығуы
ІҮ.Бекіту.
Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар: қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал,дидар.
Мыны сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42-
40-
2-
15-
26-
1912-
1929-
1940-
Y. Кері байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |