Пән: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Кетикова Ж.Т. Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізу тілдерін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал туғызу. «Амандасу түрлері»
Сынып ережесімен таныстыру (Слайдта жазылып тұрады)
1. Сабақты уақытында бастау
2.Белсенді болу
3.Ашық болу
4.Сөзді бөлмеу
5.Бір –бірімізді құрметтеп, сыйлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз. 2.Метаграммалар жазу.
ІІІ.Жаңа сабақ - Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді . «Графикалық органайзер» арқылы еске түсірейік.
- Әліпби араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.
Сергіту сәті. «Отшашу» жаттығуы
ІҮ.Бекіту. Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар: қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал,дидар. Мыны сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42- 40- 2- 15- 26- 1912- 1929- 1940- Y. Кері байланыс.
ҮІ.Үй тапсырмасы 1.239-жаттығуды шарты бойынша орындау.
2.Өзге тілдердің әліпбиі жайлы қосымша мәлімет қарастыру.
ҮІІ.Бағалау . «Бағдаршам» әдісі.