07.10.2020 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
02.01.2021-ғы № 12-12-4/1 шығыс хаты
05.01.2021-ғы № 17 кіріс хаты
|
31.12.2020-ғы № 269 (30.12.20) шығыс хаты
Атырау қаласының білім беру
мекемелерінің кейбір мәселелері
туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10, 17-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелер мүліктік кешен ретінде Атырау облысының коммуналдық меншігіне қабылдансын.
Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.
«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.
Атырау қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды алсын.
«Атырау облысы Білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ.Хаменоваға жүктелсін.
Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |