Атырау мұнай және газ институты



бет12/30
Дата10.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#3588
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

XX ғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа

34

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: “Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.

Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – “дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокртицизм, үшінші кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа дәуірі туды. Ол кезенде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықта әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімден тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

Позитивизмнің үшінші түрлі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Канап, Отто Нейрат, Филип Франк, т.б. Бұлар өз



35

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға дүниеге келді. Сондай – ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. котегориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі – эмпирикалық және логикалық – математикалық жолы бар деді. Мәселен, “менде төрт қалам бар” делік немесе “мына жылқы ауру не сау”, оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен көру қажет. Бүл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбент көруге болмаса, онда логикалық- математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру керен. Біріншісі сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фаьсификация деп атайды. Неопозитивтер ғылымдардың объективті зандылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары абсолют емес дейді олар. “Ғылым заңдары, - Белфаст университетінің профессоры Дэвид Гуничтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы оқырмыстылардың пайымдауы немесе, дәлірек айтсақ, дүниенің олар үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі”. Сөйтіп, неопозитивистер ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері:

Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу.

Неотомистер ғылымды жоққа шығармайдй, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. “Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан” дейді олар. Неотомизм философиясы екі жүп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік. Бірақ Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай – ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.

Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды

жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа



36

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды арнайы зерттейтінкез туды. Адамға ,оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады.Бірақ бұл да субъективті идеалтзмге жатады. Н.Бердяев айтқандай,“бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол,бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:




  1. XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің ерекшеліктері.

  2. Неогегельянство, неопозитивизм, неотомизм.

  3. Иррацианализм бағыттары.

  4. Экзистенциализм. Позитивизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет