Атырау обылысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылы Қарабай Қалыбеков атындағы орта мектеп Тәрбие шараның атауы: «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»


ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі393,91 Kb.
#54622
1   2


ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

   

Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік мақсаты:

1. Атыраулық кеудесін оққа тосқан батыр-Боран Нысанбаевтың ерлігін үлгі тұту

2. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығы оқушылар үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.

3.28-панфиловшылар ерлігін насиқаттау

4.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.

    Тәрбие шараның әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.

    Тәрбие шараның құрылымы:

 1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»



  1. Сахналық қойылым

  2. Батыр есімі ұмытылмайды

  3. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

3.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды. 

І-Жүргізуші? Қайырлы күн құрметті бүгінгі шараға қатысушылар!

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға  қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы» атты тәрбие шарасын ашық деп жариялаймыз.



ІІ-Жүргізуші

Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Гимн орындалады.



І-Жүргізуші:

Ұлы Жеңістің 71жылдығына орай облыс көлемінде «Мәңгілік Ел» тақырыбындағы ерлік айлығы өтіп жатқаны жөнінде бәрімізде хабардармыз. Осындай айтулы шара біздің мектебімізде де өз жалғасын табуда.

Әскери-париоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ерлік айлығы аясында «Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты тәрбие шарамызға

Хош келдіңіздер, аяулы ардагер ағалар,тыл еңбеккерлері құрметті ұстаздар және оқушылар!



ІІ-Жүргізуші:

Алғашқы сөз мектеп директоры:Смадиярова Айман Бижанқызына беріледі



І-Жүргізуші

Құрметті қонақтар сіздердің назарларыңызға: Сахналық қойылым:


Бейбіт тірліктегі ел халқы – жастары мен жасамшы көшеде қыдырыстап жүреді.

1941 жыл 21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет көшедегі радио торабынан елдің тынышын алған қара хабар беріледі.


Кенет радиодан:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап,елімізге опасыздықпен басып кірді. Мұны естіген жұрттың дегбірі кетіп, әбден абдырайды.
1 әйел:
«Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?

«Синий платочек» әні жүреді.




ІІ-Жүргізуші:

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

І-Жүргізуші: Иә,бұл сұм соғыстың отты шарпымаған отбасы кемде-кем шығар.

Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек.Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен болашағы жолында аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды.


Назарларыңызға беинеролик:Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! (1)
II. Батыр есімі ұмытылмайды

ІI.Жүргізуші.

Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, қанды шайқастарға толы күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

«Ұлы Отан соғысы» мен «Жарияланбаған соғыста» және «Қазбаттың» тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан , Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды

сұраймын.Рахмет!



І-Жүргізуші:

Бүгінгі Ерлік тәрбие шарасына арнаулы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейін:

1. Сарытоғай ауылымыздағы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Рахымжанов Уәли ағай.

2.Сарытоғай ауылының тұрғыны Ауған соғысының ардагерлері Сатыбалдиев Байжігіт және Есенғалиев Ғарифолла ағаларымыз.

3.Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары,жұмылдыру дайындығы және аймақтық бөлімшесінің бастығы,капитан

ағамыз.


4.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметке іріктеу және шақыру бөлімше бастығының көмекшісі

апайымыз.



5.Ақтоғай орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Камкомов Ғибадат ағайымыз.



ІІ-Жүргізуші:Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған қазақтың балауса жасы елін, туған жерін жаудан қорғауға аттанды.Олардың көпшілігі өмірдің қызығын да көрместен майдан даласында опат болды. Ерен ерлігі үшін 497 қазақстандық азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің облыста он Кеңес Одағының батыры, бір Халық Қаhарманы, төрт «Даңқ» орденінің толық иегерінің болуы-баға жетпес мақтанышымыз.

Ұлы Отан соғысы кезінде тыл еңбек керлерінің тынымсыз еңбегі, майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі еңбектері ерекше болды.Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер, кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқаннан күн батқанға дейін жартылай аш, жеткіліксіз киім,нашар баспана жағдайында еңбек етті.Соған қарамастан, майданға қажетті нәрселердің барлығын уақытылы жеткізіп отырды.Тамаша еңбектің үлгісін көрсетті.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілуде.Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап Атыраулық Кеңес Одағының Батырларының өмірі мен ерлігін жастарға тереңірек таныстыру үшін іс-шаралар өткізілуде. Біз оқушыларға Ұлы Отан Соғысына қатысқан атақты батырларымыз жөнінде күнделікті сабағымызда айтылып келеді. Осыған орай бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараға біз Сарытоғай ауылынан қатысқан Ұлы Отан соғысынажәне Тыл ардагерлері мен Ауған соғысына қатысқан жергілікті батырларымызды наисхаттау.

Ендеше мектеп оқушылары дайындаған соғыс ардагерлерінің өмірбаяны туралы баяндамаға кезек береміз. ( Ардагерлердің өмірі туралы айтылып жатқанда ардагерлер туралы слайд жүріп жатады.)


(Осыдан кейін сахналық қо йылым: «Солдаттардың естелік хаттарынан». )
І-Жүргізуші

Ұлы Отан соғысындағы Одақтағы басқа да ұлттармен бірге, қазақ халқы да батырлық пен шыдамдылықтың, тапқырлық пен еңбекқорлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісін көрсетті, бұл ерлік қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болып қалады.


1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қайрат елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.

1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-дк КСРО қорғаныс Министрі берген бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді.Ал бірақ акция тағы үш жылдан астам уақытқа созылатының олар білмеді.Кеңес әскерлерінің Ауғаныстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қателігі болды.

Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды. Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.

Атырау обылысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылы бойынша Ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен ағаларымыз ортамызда отыр.



ІІ-Жүргізуші

Өтер жылдар, артып тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай,

өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.



«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер. Сөз кезегі Ауған соғысының ардагері Сатыбалдиев Байжігіт және Есенғалиев Ғарифолла ағаларымызға беріледі.

Ауған соғысында болған соғыстың қимылы бізге беймәлім. Ағаларымыздың өмірінен сыр шертер Ауған соғысы туралы түсірілген бейнероликке кезек берейік.

І-Жүргізуші:


ІІ-Жүргізуші

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ән:«Бейбіт күн тілегі», ер балалар

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Әні: Шәмші Қалдаяқов
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын


Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды
Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!
Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.


Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

ІІ-Жүргізуші



Би «Катюша»

І-Жүргізуші: Біздің әр күніміз-тарих,Әр күніміз-ерлік шежіресі. Сол тарихты жасаған батырларды ерлік жолын қағаз бетіне түсіру арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді.Олай болса «ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды». Ұлы Отан соғысы жеңісі бізге оңайлықпен келмегені баршамыз білеміз. Білектің күшімен найзаның ұшымен келген бұл жеңісті күнде ұрпақтың құлағына құю біз үшін міндет.

Бұлт басып күңіренді,

Күзге қарсы ақ аспан.

Дабыл қағып ерлер жөнелді

Қару-жарақ белге асқан.

Кірпік қақпай алға аттай,

Бейне темір болаттай.

Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,

Келсе де жау жер қаптай.

«Ала алмайсың, - деді батыр,

Дұшпанына, - еркімді.

Кең жерімді туған өрт салып,

Бұза алмайсың көркімді!»

Жолын бөгеп дұшпанның

Құрбан болды қайран ер,

Ер боп туған адал баласын,

Қойнына алды туған жер!

Сіздер Рамазан Елебаевтың осы бір өлең жолдарын бұрын-соңды естіп көргенсіз бе? Олай болса, кімдер туралы әңгіме қозғайтынымызды да біліп отырған боларсыз. Аттары аңызға айналған - «28 панфиловшы»!



28 панфиловшы — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер.

1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшылардың ерлігі туралы мына бейнебаянға назар аудяарайық.





III. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

ІІ-Жүргізуші:

Ардагерлер еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-дей келе

Сарытоғай ауылының ардагерлер төрағасы:Рахымжанов Уали ағамызға сөз беріледі./Ашық микрофон/
І-Жүргізуші:

Сіздер айтқан естеліктер бүгінгі ұрпаққа, өсіп- өркендеп отырған қоғамға көбірек қажет деп ойлаймын. Өйткені «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтардың жүріп өткен жолдары, ел қамын жеген мақсат-мұраты мен тындырған игі істері әр қазақ баласы ғибрат аларлықтай үлгі – өнеге болмақ.


-Бүгінгі таңда елім деп, жерім деп, күн-түні көз ілмей Отан қорғап жүрген сарбаздарымызға арналады.

Ән: Сарбаздар

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтай келе батырлыққа, батылдыққа баулаған өнегелі ерлік сабағы болды деп түйіндейміз.

Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бердіңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады.Ал оқушыларымызға айтарымыз Отанның және халқыңа берілген патриот ұл –қыздары болыңдар.Ешкім де, ешқашан да соғыстың не екенін білмесін деп тілеймін. Алайда, бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген талбесіктердің қуанышында, аққу махаббаттарының бал татыған қызықтарында Отанды қорғаған аталарының, апаларының ерлігінің үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.
Оқушылар бірге:Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз!

ІІ-Жүргізуші:

Жас ұрпақ тілегі:

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны!

І-Жүргізуші:

Селолық мәдениет үйінің директоры Төлеуов Алидің орындауында «Тәуелсіз ел» әні қабыл алыңыздар.



ІІ-жүргізуші.

Оқушылар ертеңнің иесі, мәңгілік елдің ұпақтары сендерсіңдер. Өз өмірлеріңіз- өз қолдарыңда «Ерен еңбек пен ерлік бағаланбай қалмайды» дегендей Отан үшін адал еңбек етіңдер, ел үшін ерлік іс тыңдырыңдар!



Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі«Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты тәрбие шарасын аяқтаймыз, Бүгінгі шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет