Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы



бет1/10
Дата22.03.2017
өлшемі13,97 Mb.
#12147
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

мектепалды дайындық сыныбының тәрбиешісі

Изимова Гүлбаршын Кадірқызы
САУАТ АШУ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
ЖОСПАР
І . КІРІСПЕ

Балаларды жан – жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы


ІІ . НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Ойын түрлері және оның ерекшеліктері

2.2 Сауат ашу сабағында ойынның жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану

2.3 Сауат ашу және көрнекілік


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Білім берудің басты құралы – ойын



САУАТ АШУ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Мектепке дайындық барысында балалар оқу ісіне машықтанбағандығын ескере отырып, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындық жасалуы тиіс. Оқу – тәрбие үрдісін жаңашылдықпен оқыту білім беру технологияларын оқу – тәрбие үрдісіне енгізе отырып жұмыс жүргізу балалардың ой – өрісін дамытуға мүмкіндік береді.

Егемен еліміздің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп – өркендеуі, өркениетті дүниеде орын алуы оның ұлттық білім жүйесінінң деңгейіне, даму бағытына байланысты.Сондықтан, мектепте берілетін білім мазмұны, сапасы, оқыту әдіс – тәсілдері баланы күн сайын дамытып отыратын дәрежеде болуы керек. Балаларды оқытуда сабақтың түрлі типтерін тиімді пайдалану қажет. Жаңа педагогикалық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін сабаққа енгізу және үнемі түрлендіріп отыру.

Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық мектепке дейінгі балалық шақтағы дамудың қорытынды нәтижесі болмақ. Оның алғы шарты – баланың мектеп жағдайына бейімделуі жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы қажет. Мектепке дайындықтың маңызы бала бірінші сыныпқа келгенде бірден жалпы іс – әрекетке кірісіп, тәрбиеші қойған талаптар жүйесін қабылдайды. Олар сандарды ажыратады, дыбыстар, буындар туралы түсінігі болады, таңбаларды айырады, дәптердегі сызықтарды, қалам ұстау, түстерді ажырату дағдылары қалыптасады.

Мектепалды даярлық сыныбындағы тәрбие мектептегі сабақ үрдісімен мақсаттас болғанымен тұрпаты бөлек жұмыс.Мұндағы дидактикалық мақсаттар төте жолмен атқарылмайды. Олар ойын, серуен, әңгіме барысында жүзеге асады.Сондықтан, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты ойын арқылы өткізуді мақсат етіп қойдым.

Бүгінгі таңда республикамызда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформа бойынша балалардың мектепалды дайындығына қойылатын талаптардың жоғары дәрежеде болуы, келешекте балаларды бірінші сынып материалдарын үйлесімді меңгеруге дайындау болып табылады.

Сауат ашу мен жазуға арналған әліппе – дәптерде әр нұсқалы тапсырмалар балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытып, алғашқы оқу дағдысын қалыптастырады. Балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды , сөздің дыбыстық құрамын, дыбыстардың сөздегі орнын ажыратады.

Сауат ашуға дейінгі кезеңдегі қол жаттықтыру жұмыстары үзік сызықтармен берілген тапсырмаларды штрихтау, бояу және орындатудан басталады.Сауат ашу кезеңінде дыбыстардың баспа түрімен таныстырылып, ашық буындар мен сөздерді құрап оқуға үйретіледі.

Сондай – ақ, әріптерді үлгі бойынша жазып, буындар мен сөздерді, сөйлемдерді оқиды. Сауат ашудан кейінгі кезеңде сурет бойынша әңгіме құрастыру, логикалық, танымдық, модуль және ойын түрінде берілген тапсырмалар балалардың оқуға деген қызығушылықтарын тудырады.

Сауат ашу сабағында сөздегі дыбыстарды тыңдап, дыбыстарды талдауға белгілейтін шартты белгілермен танысады.

Дауысты дыбыстар – қызыл текшемен, дауыссыз дыбыстар – көк текшемен. Дауысты дыбыстардың ерекшелігі - созылып айтылуында. Дыбыстардың сөздің басында, аяғында кеуіне ажыратуға мән беріледі. Сөз бен сөйлемді ажыратады. Оқу құралдары туралы мағұлмат алып, оларды күтіп ұстауды үйренеді. Партада дұрыс отыруды, қалам, карандашты дұрыс пайдалануды меңгереді.

Іс – тәжірибе барысында, әсіресе сауат ашу сабағында ойын әдісін жиі қолданамын. Мысалы: әріптерді есте сақтау мақсатында өтілген әріптер бойынша әртүрлі аңдар, ойыншықтар құрап, олардың ішінен әріптерді табу әрекетін ұсынамын.






  • Көзі - О

  • Қасы - С

  • Мұрны - Ш

  • Денесі - А


Ш








  • Буындарды, сөздерді оқуға үйрету үшін геометриялық пішіндер арқылы оқу


Т Л М А Н




А А А А Ш А

Сурет бойынша дыбыстық талдау жасау – сауатты жазудың баспалдағы. Сондықтан, сөздерді буынға бөліп, әрбір атаудың астындағы текшелерді бояйды.




















Қ а л ам





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет