Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі, бірлестік жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі311,57 Kb.
#27899
1   2

2.Өтілгенді пысықтау.Сұраққа-жауап (слайд)


1.Қандай сұрағына жауап беретін мәтіннің қай түрі? (Сипаттау)

2.Жемтігін торда ұста жәндік?

3.Дауысты дыбыстан кейін келетін қандай и? (й)

4.Ол-ешкінің төлі.Өзі кішкентай,әрі сүйкімді.Тастан-тасқа секіріп тыным көрмейді.Мәтін не жөнінде?

5. ............етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

6.Өзара байланысқан екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Және оған ат қоюға болады.Бұл не жөнінде айтылып тұр. (Мәтін)
-Сонымен қандай сөз шықты.Ол тура лы не білеміз?Естеріңе түсіріп көріңдер!

---------Күннің жады. Тақырып: Сөйлем
3.Жаңа сабақ (слайд)

А)Еске түсіру сұрақтары?

- Сөйлем неден құралады? 

- Берілген әр сөйлемде неше сөз бар? 

- Олар қалай жазылады? 

- Ең бірінші тұрған сөзді қандай әріппен жаздындар?

 - Ең соңында қандай тыныс белгісін қойдындар?
Ә) Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, тірек – сызба арқылы қорытынды шығарту.



 


Бірінші сөз бас әріптен басталып жазылады

Аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады

Бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құрылады

Сөйлем

Нүкте(.)

Сұрақ белгісі(?)

Леп белгісі(!)


4. Талдау –табыс кілті 1-тапсырма 164-жаттығу Ауызша (слайд)

Шекара, шекарашы,ел, қорғайды, Шекарашылар күзетте тұрады.Олар еліміздің күзет,олар,тұрады шекарасын қорғайды



5.Жеке оқушымен жұмыс 2-тапсырма Ойлан,тап! 165-жаттығу(слайд)

Ажар (кітапхана ) барды. (Кітапхана ) адам көп.Ол (кітапхана) кітап алды.



6. Тақтамен жұмыс 3-тапсырма «Адасқан сөздер» ойыны 166-жаттығу (слайд)

Сырғанақ,бірнеше, бала, теуіп жүр.Ақан,сырғанады,шанамен.Ол,айырылып қалды,шанадан,абайсызда.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.



7.Сергіту жаттығуы (слайд)

Алдымызда үлкен мереке бар.Ол қандай мереке екенін білесіңдер ме?

1-желтоқсан –Елбасы күні.
Ән тыңдау: «Үш қоңыр» телефоннан
-(Поездбен синтаксис еліне де келіп жеттік.Синтаксис елінде Сөйлем атты қария өмір сүріп жатыр екен.Ол қарияның үш қызы болыпты.Ол қыздарының мінезі үш түрлі болыпты.Бірі жайлы, бір нәрсені хабарлап тұрыпты.Ал екіншісінің мақсаты тек сұрау ғана болыпты.Ал үшінші қызы қуанып,шатанып жүретін болыпты.Сондықтан айтылу мақсатына сөйлеу сазына қарай қыздарына үш түрлі ат тағайындапты.

Есіңе сақта!Оза оқыту әдісімен (слайд)


С

Ө

Й

Л

Е

М


Айтылу мақсаты мен

сазына қарай



Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

.



?

!


8. «Кім ырғақпен оқиды?» 167-жаттығу (слайд)

Мына сурет қандай әдемі салынған!

Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған.

Қастеев атаңды білесің бе?



Біле жүргейсің...... (слайд)

Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында білім алған,қылқалам шебері ,Суретшілер Одағын басқарады. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Оның алғашқы «Тігін  үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі  адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді.

Қастеев атында өнер мұражайы бар.
(Ә.Қастеевтің өнер туындыларын көрсету)

9.Шығармашылық тапсырма Топтық жұмыс Синтаксис елінде «Даналық ағашы» кездесті. (слайд)
1топ Қызыл алма

2-топ Көк алма

3-топ Сары алма

(Даналық ағашында түрлі алмалар өсіп тұр.Сол алмаларға жасырылған сөздерге сөйлем ойлап жазу керек.)


Қорытынды

Үйге тапсырма 168-жаттығу

Бағалау(слайд)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет