Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі, бірлестік жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі311,57 Kb.
#27899
  1   2
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі , бірлестік жетекшісі

Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Cыныбы:2

Пәні:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Сөйлем. 

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру

2.Оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір- бірінен ажырата білуге жаттықтыру ; тілін дамыту , рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіру;саяхат сабағында кездескен кедергілердегі сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін

өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

 Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ- жауап, топтастыру, рефлексия, талдау, ізденушілік. 



Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек- сызба, ойын- құралдар, үлестірмелер

 Сабақ барысы :



1. Ұйымдастыру кезеңі.

А)Психологиялық дайындық. (слайд)

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Бәрі осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Қалам ұстап бастаған

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Бірімізбен -біріміз

Тату-тәтті,есен-аман!

Ә)Топқа бөліну

Оқушылар көк,жасыл,қызыл вагондар құру арқылы топқа бөлінеді.



Топтың ережесі:

  • Еркін пікір айту

  • Бір-бірін тыңдау

  • Ұжымдаса жұмыс жасау

Б)Ситуация туғызу (слайд)
- Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Біз ұжымдаса сол елге поездбен саяхатқа шығамыз.Саяхатта алдымыздан кездескен кедергілерден мүдірмей өтіп тапсырмаларды орындауымыз керек. Сонда ғана жетістікке қол жеткіземіз.

-Енді сіздердің құрастырған вагондарыңызды тіркейміз.Ол үшін сұрақтарға жауап беріп өтілген тақырыптарды пысықтаймыз.Вагон құрастыра отырып бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып аламыз.Жауаптардың алғашқы әрпі алынады.





с

ө

й

л

е

м


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет