Сабақтың типі: дәстүрлі емес, дидактикалық ойын
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, әшекей бұйымдар, металдардың электрхимиялық кернеу қатары, реактивтер, металдар үлгісі, Қазақстанның картасы, т.б.
Ойынның жүру барысы: Сабақ дидактикалық ойын түрінде өтеді.
Ойын шарты: 4 топ ойыншылары қатысады. (Әр топтан 5-7 оқушыдан қатыса алады.)
Ойын кезеңі 10 сатыдан тұрады.
Таныстыру. (әр топ өз топтарын, топтың атын, төс белілерін слайд бойынша таныстырады.) Сайыскерлер химиялық тілде құтықтайды.
1 кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» Ой қозғау стратегиясы. (Мұғалім дайындаған металға байланысты сөзжұмбақты шешеді)
2 кезең. «Кім жылдам». Металдың атын тез-тез атап, атомдық массасын, валенттілігін, орысша- қазақша- латынша атап береді.
3 кезең. Әр ойыншылар химиялық жарнамалық үзіліс жасайды.
4 кезең. «Химик ғалымдар» (әр сұрақ 10 ұпайдан әр топ сұрақтарды суырып жауап береді)
5 кезең. «Химия- математикада».(Әр топ өзіне бір ұяшықтан таңдап алып, есеп шығарады)
6 кезең. Әр топ ойыншылары өз өнерлерін ортаға салады.
Достарыңызбен бөлісу: |