Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет69/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75
І топ. XVІІІ ғасырдың басында (1723 ж.) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тұсында жоңғар басқыншыларынан елін арашалап алып қалған, иісі қазақты топтастырып басын біріктіре білген аузы дуалы үш би – Төле, Қазыбек, Әйтекелердің орны бір төбе. Астарлап сөйлеп, тілдесудің бір үлгісін мына жайдан түсінуге болады. Келген бір елшінің ұсынысын естіген соң, үш би өзара астарласып сөйлесіпті. Бірінші би: «Мына көлдің алар ма еді қазын атып?» - десе, екінші би: «Оғың босқа кетпесін жазым атып» - депті. Сонда үшінші би тұрып: «Құтылмастай бәлеге қап жүрмейік, Суға келген перінің қызын атып», - деген екен. . . .
Төбе басында отырып, дүйім елді аузына қаратқан шешендердің шешендік сөз өнері шетелдіктерді де таң қалдырған екен.
Орынды сөзге тоқтау атам қазақтың адамдық салты еді. Бұндай жағдайда «Тура биде – туған жоқ» деп айтылады.
(Үш би мәмлеге келіп, елшіні өлтіріп, жағдайды шиеленістірудің қажеті жоқ екенін өзара түсінісіп, елшіні жолға салған екен. )
ІІ топ. «Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт : - Ақ ата (Бөлтірікті жұрт осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді.
Сонда Бөлтірік:

  • Қарағым, байлық -. . . ,

бақ –. . . ,
бала –. . . ?! Бәрінен жолдас- жораңмен, ағайын – туысыңмен, ел – жұртыңмен «сіз - біз» деп өмір сүргенге не жетсін.
Оларға жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от! – дейді. («Шешендік сөздерден»). (қолға ұстаған мұзың емес пе, ол да ұшқан бір құсың емес пе, артта қалған ізің емес пе).


V. «Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті» (Көрсетілген тақырып бойынша мәтін құрау, оны қорғау).
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелерде таңдай қағып айтудамыз. Олай болсак, берілген тақырып бойынша ақылдаса отырып, мақал- мәтелдерді кірістіре отырып, мәтін құрастырыңыз.



І топ

«Үйлену оңай, үй болу қиын»



ІІ топ

«Ұлды ұяға, қызды қияға қондырсам деймін»



VІ. «Жүйрік болсаң, шауып көр» Блиц-сауал. (5 минут уақыт беріледі, сол уақыт ішінде 15 сұраққа жауап беру).
«Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңғаласың. Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді» - деп, В.В.Радлов айтқандай, осы айтқан пікірге орай, Сіздерде берілген сұраққа нақты, дәл, тез жауап береді деп есептеймін
І топ

  1. Шашу қай кезде шашылады?

  2. Қазақ тілі қашан бірінші рет ҚР мемлекеттік тілі болып қабылданды?

  3. Қазақ халқының өнері туралы не білесіз?

  4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

  5. Бір тәулікте неше сағат бар?

  6. Наурыз көже қай уақытта, неден дайындалады?

  7. Бес парыз

  8. Күн мен түн қашан теңеседі?

  9. Сыңсу қай уақытта айтылады?

  10. «Ақсүйек» қай кезде ойналады?

  11. Ерулік туралы не білесіз?

  12. Үш би

  13. Жеті ата

  14. Қонақ түрлерін атаңыз

  15. Жортқанда жолың болсын,

Жолдасың Қыдыр болсын.
Періштелер қолдап,
Қоржының олжаға толсын – кімге берілген бата?
ІІ топ
1. Сүйінші қай уақытта беріледі?
2. ҚР мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігі қай заңда айтылған?

  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері

  2. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

  3. 7 күнді қалай атаймыз?

  4. Ораза айтты неше күн ұстайды?

  5. Сүндетке баланы неше жаста отырғызады?

  6. «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы не білесіз, неше құмалақ пайдаланылады?

9. Жігіттің үш жұрты
10. Алты парыз
11. Бата дегеніміз не, неше түрі бар?
12. Жеті жарғы қай ханның тұсында дүниеге келген, неше Жарғысы бар, оған неше би қатысты?
13. Төрт бағыт
14. Құйрық-бауыр асату қай уақытта болатын жоралғы.
15. Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін! – кімдерге берілетін бата?


Қорытынды
1. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау;
2. Дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет