«Қыз қуу», «Көкпар»
«Әмеңгерлік», «Бастаңғы»
ІІІ. «Өнерлі болсаң, топтан оз» (Ән-күй өнері бойынша, ақындар өлеңінен үзінді аудиоқұралдан беріледі, авторын табу, тақырыбын атау).
Өнер – халық мұрасы. Сарқылмас қазынасы, рухани байлығы. Руханияты жоғары елдің ұлты да ұлы. Қазақ өнерінде ұлттық рух бар. Өнер халықпен бірге жасап, ғасырды ғасырға жалғап, өзіне табынғандармен мәңгілік ғұмыр кешуде. Атадан қалған асыл мұраларымыз – тарихи шежіре – жырларымыз, бойыңды шымырлатар - күйлеріміз, жаныңды жадыратар – әндеріміз, жүректі тебірентер – өлеңдеріміз - мәңгілік сарқылмас қазына байлықтарымыз. Осы асылдарымызды ұмытпау ғаламдану заманында ұлтымыздың біртұтастығын, тіліміздің құдіреттілігін, мәдениетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден бір негізі. Олай болса, сайысымыздың келесі туры – «Өнерлі болсаң, топтан оз» тақырыбымен, қазақ өнеріне арналады.
Бөлімнің ойын тәртібіне назар аударайық. Тақтада әр түрлі пішінде алты жасырын тапсырмалар берілген. Әр топ кезекпен белгілі тақырыпты таңдап, ашады (ойлануға 30 секунд уақыт беріледі, сұрақты соңына дейін тыңдау шарт).
1-сұрақ. Берілген өлең қай ақындікі, тақырыбын ата. (Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасынан үзінді).
- Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қорлығым өзім туып, көз көрмеген.
- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
- Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.
Қақпадан лақтырды бір орамал,
- Сыйым – осы, есерім, мынаны ал!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар-дағы, ойланып, көзіңді сал!
Орамалды қуанып қолына алды,
- Сый алдым деп халқына қайта барды.
Қараса ішіндегі бір қу сүйек,
Бұл неткен мазағы деп аң-таң қалды.
2-сұрақ. Берілген күйдің атауы, авторын ата? (Махамбет «Жұмыр қылыш»).
3-сұрақ. Берілген күйдің атауы, авторын ата? (Құрманғазы «Адай»).
4-сұрақ. Берілген өлең қай ақындікі, тақырыбын ата. (Махамбет «Орай да, борай қар жауса»).
Орай да, борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда –
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласа тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін кәпір, қатынын
Талам деп айтсаң болар ма?
5-сұрақ. Бейне сұрақ.
Әйгілі актер, режиссер. Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туып-өскен жері – Павлодар облысы Баянауыл ауданы. 1914 жылы туып, 1970 жылы дүниеден озған. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Ол жастайынан театр өнерімен әуестеніп, 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театрда жиырма жылдай еңбек етіп, бас режиссер дәрежесіне дейін жетті. 1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етіп, қазақ киносының дамуына баға жетпес үлкен үлес қосты.
Ол сомдаған бейнелер: Қодар, Керім (Абай), Алдар көсе, Исатай, Ш.Уәлиханов, Ателло, Хлестаков т.б.
Түсірген кинолары: «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Туған жер», «Атаманның ақыры», «Алдар көсе».
Жауабы: қазақ киносының іргесін қалаушылардың бірі, талантты актер, дарынды режиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов
6-сұрақ. Бейне сұрақ.
Ол – аты аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам болған. Ол тоғызыншы ғасырда Оғыз хандығының Сыр өзені аңғарындағы Жент қаласында дүниеге келген.
Ол жас кезінен ұғымтал болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет ойнайды екен. Бірде қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Сен жасап отырған қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Ол ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың барлығын жасайды және осы аспапта музыканың жаңа аспаптық жанры – күй шығарады.
Шығарған күйлері: «Аққу», «Әуіппай», «Желмая», «Елім-ай», «Халқым-ай», «Ұшардың ұлуы», «Қоңыр», «Байлаулы киіктің зары»
Жауабы: аты аңызға айналған ақын, жырау, күйші Қорқыт.
ІV. «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» (Аудиоқұралдан би-шешендердің сөзі оқылады, кімдікі екенін анықтау, мағынасын ашу).
Шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөзге үлкен мән беретін біздің халқымыз шешендерді үлкен құрмет тұтқан. Шешендер ел арасындағы қарым – қатынасты реттеуге де, қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді шешуге де араласып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |