АҚЫЛДЫ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда, Шоң биге Мұса мырза:
Ақ сауыт деп нені айтамыз,
Арғымақ деп нені айтамыз?
Ақылды деп кімді айтамыз?
Ер жігіт деп кімді айтамыз? –деп сұрақ қойыпты.
Бұған Шоң:
Ақ сауыт деп айтамыз,
Атқанда оқ өтпесе.
Арғымақ деп айтамыз,
Желгенде жылқы жетпесе.
Ақылды деп айтамыз,
Тозған елді септесе.
Ер жігіт деп айтамыз,
Жауға тастап кетпесе! – депті.
************************************************************
Тапсырма. Мәтінге қатысты тірек сөздерді жазыңыз.
Түсіндірме сөздік
Ақ сауыт – көне темір сымнан тор көз етіп тоқылған батырлар киетін киім;
Арғымақ – асылтұқымды сымбатты жылқы;
Ақылды – сана-сезімі жоғары, білімді, есті;
Ер жігіт – ер мінезді азамат;
Жау – 1. Бір елге шабуыл жасаушы, шапқыншы, дұшпан;
2. Өштескен, қастасқан адам, дұшпан.
Достарыңызбен бөлісу: |