ҚАЗЫБЕК ПЕН БҰХАР
Бұхар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып,
Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұхар жырау:
– Бірден оңға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші, - деген екен.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ел жаман,
Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман,
Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман,
Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман,
Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман,
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман,
Сегіз дегеніңіз – бастаған серкесіз қой жаман,
Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз,
Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
*************************************************************
Тапсырма. Мәтінді: а) ауызша әңгімелеңіз; ә) Қазыбек би туралы не айта аласыз? б) Бұхар жырау кімнің кеңесшісі болғанын тарихтан білесіз бе?
Достарыңызбен бөлісу: |