Атыс дайындығы тақырып: Калашников автоматы мен пулеметі


Автоматтың ( пулеметтің ) арналуы мен ұрыстық қасиеті



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#189408
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
805867 2

Автоматтың ( пулеметтің ) арналуы мен ұрыстық қасиеті
  • 5,45 мм жетілдірілген Калашников
  • автоматы – дербес қару, ал 5,45 мм
  • Калашников пулеметі атқыштар
  • бөлімшесінің қаруы болып табылады.
  • Олар қарсыластың тірі күшін жою мен
  • атыс құралдарын жоюға арналған.
  • Қарсыласты қоян – қолтық шайқаста
  • жеңіліске ұшырату үшін автоматқа
  • сүңгі - пышақ бекітіледі. Түнгі жағдайда
  • ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74H
  • автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н
  • пулеметтеріне түнде атуға арналған
  • әмбебап көздеуiш бекітіледі (НСПУ).
  • Автоматтан атыс жүргізу үшін
  • кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және
  • сауыт бұзғыш - өртегіш оқтары қолданылады.
    • Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс авто маттан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі.
    • Атыс кезінде патронда автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабынан беріледі.
    • Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады. Автоматтың сүңгі - пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: АК74 - 3,6 кг; АК 74H - 5,9 кг; АКС74 - 3,5 кг; АКС74H - 5,8 кг. Сүңгі - пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы – 490 г.
    • Атудың көздеу қашықтығы - 1000 метр. Жерүсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы, автоматта 500 м-ге дейін, пулеметте 600 м-ге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютпен секірушілерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы 500 м-ге дейін.
    • Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 м-ге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта «кеуделік» фигураға 440м, жүгірмелі фигураға 625 м; пулеметте «кеуделі» фигураға 460м, жүгірмелі фигураға 640 м.
    • Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы – автоматтан минутына кезекпен ату 100 - ге дейін, пулеметтен 150 - ге дейін, жекелей атқанда - автоматтан 40 - қа, пулеметтен 50 - ге дейін.
    • Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: РПК74 - 5,46 кг; РПК74Н - 7,76 кг; РПКС74 - 5,61 кг; РПКС74Н - 7,91 кг.
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет