Атыс дайындығы тақырып: Калашников автоматы мен пулеметі



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#189408
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
805867 2

  • ТАҚЫРЫП: Калашников автоматы мен пулеметі
  • Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру.
  • Сабақтың барысы:
  • а) Ұйымдастыру кезеңі:
  • Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердіңң сырт көрінісін тексеру.
  • ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
  • 1. Қазіргі ұрыста жауынгердің тактикалық дайындығының маңызы қандай?
  • 2. Тактикалық дайындыққа оқу пәні ретінде анықтама беріңдер.
  • 3. Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамы туралы не білесіңдер?
  • 4. Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасы қандай мақсатта қолданылатыны туралы не білдіңдер?
  • 5. Бөлімшенің ұрыс мүмкіндігі қалай сипатталады?
  • 6. Шоғырландырылған ату дегеніміз не?
  • 7. Жаппай , қапталдық , айқастыра ату түрлерін сипаттаңдар.
  • 8. Ату жүйесі дегеніміз не?
  • 9. Бөлімше ату жүйесінің қалай ұйымдастырылатыны неге байланысты деп ойлайсыңдар?
  • 10. Қорғаныс кезінде бөлімше командирі қандай жауынгерлік кескіндік құжат жасайды? Негізгі элементтері қандай?
  • б) Негізгі бөлім:
  • Атыс дайындығы әртүрлі ұрыс жағдайында жеке құрамды өз қаруын тиімді, дұрыс пай далана алуға үйрету мақсатында жүргізіледі.
  • Қарумен әрекет жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
  • 1. Бекітпе жақтауын сабынан ұстап, артқа тірелгенше тарту және оны оқтау кезінде жіберу, сондай - ақ ағытқыш ілмекке басу тек бір қолмен жасалуы тиіс. Атыста патронның атылмай қалған кезінде ұңғы арнасын ашу және патронды алу 30 сек кейін жүргізілуі керек.
  • 2. Автоматты алған соң , оқтықта патрон ның және ұңғы арнасында басқа заттардың жоқ екеніне көз жеткізу керек.
  • 3. Оқталған автоматпен әрекет жасау кезiнде оны адамдарға немесе адамдар болуы мүмкін жаққа бағыттауға болмайды.
  • 4. Ұзақ атыс жүргізу кезінде ұңғыдан шығатын ыстықтан күйіп қалмау үшін автомат ты атысты басқару сабынан немесе қосылған оқжатардан ұстап тұру қажет.
  • 5. Автоматты бөлшектеуге және жинастыру ға үйрету тек қана оқу автоматтарда жүргізілуі тиіс.
  • 6. Атысты аяқтаған соң автоматты оқсыздандырып, оқтықта патронның жоқ екенін тексеріп, бақылау басу жасап, автоматты сақтандырғышқа қою қажет.
  • Атыс қаруының қауіп кездері немесе таратушылар:
  • 1) ұшып келе жатқан оқ;
  • 2) атыс кезінде ұңғы арнасының ауыз бөлігінен және ұңғы шығатын ыстық газдың ағыны;
  • 3) автоматтан ұшып шығатын шағылыстырылған оқсауыт және бекітпе жақтауының қозғалып келе жатқан сабы;
  • 4) жабық бөлмеде ұзақ атыс жүргізу кезінде жиналған дәрілі зарядтың жанып кеткен өнімдері;
  • 5) ұңғы, қарауыл қалыбы қарқынды атыс кезінде қызатын ауызғы тежеуіш.
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет