Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердіңң сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
1. Қазіргі ұрыста жауынгердің тактикалық дайындығының маңызы қандай?
2. Тактикалық дайындыққа оқу пәні ретінде анықтама беріңдер.
3. Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамы туралы не білесіңдер?
4. Жаяу әскерлер жауынгерлік машинасы қандай мақсатта қолданылатыны туралы не білдіңдер?
5. Бөлімшенің ұрыс мүмкіндігі қалай сипатталады?
6. Шоғырландырылған ату дегеніміз не?
7. Жаппай , қапталдық , айқастыра ату түрлерін сипаттаңдар.
8. Ату жүйесі дегеніміз не?
9. Бөлімше ату жүйесінің қалай ұйымдастырылатыны неге байланысты деп ойлайсыңдар?
10. Қорғаныс кезінде бөлімше командирі қандай жауынгерлік кескіндік құжат жасайды? Негізгі элементтері қандай?
б) Негізгі бөлім:
Атыс дайындығы әртүрлі ұрыс жағдайында жеке құрамды өз қаруын тиімді, дұрыс пай далана алуға үйрету мақсатында жүргізіледі.
Қарумен әрекет жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
1. Бекітпе жақтауын сабынан ұстап, артқа тірелгенше тарту және оны оқтау кезінде жіберу, сондай - ақ ағытқыш ілмекке басу тек бір қолмен жасалуы тиіс. Атыста патронның атылмай қалған кезінде ұңғы арнасын ашу және патронды алу 30 сек кейін жүргізілуі керек.
2. Автоматты алған соң , оқтықта патрон ның және ұңғы арнасында басқа заттардың жоқ екеніне көз жеткізу керек.
3. Оқталған автоматпен әрекет жасау кезiнде оны адамдарға немесе адамдар болуы мүмкін жаққа бағыттауға болмайды.
4. Ұзақ атыс жүргізу кезінде ұңғыдан шығатын ыстықтан күйіп қалмау үшін автомат ты атысты басқару сабынан немесе қосылған оқжатардан ұстап тұру қажет.
5. Автоматты бөлшектеуге және жинастыру ға үйрету тек қана оқу автоматтарда жүргізілуі тиіс.
6. Атысты аяқтаған соң автоматты оқсыздандырып, оқтықта патронның жоқ екенін тексеріп, бақылау басу жасап, автоматты сақтандырғышқа қою қажет.
Атыс қаруының қауіп кездері немесе таратушылар:
1) ұшып келе жатқан оқ;
2) атыс кезінде ұңғы арнасының ауыз бөлігінен және ұңғы шығатын ыстық газдың ағыны;
3) автоматтан ұшып шығатын шағылыстырылған оқсауыт және бекітпе жақтауының қозғалып келе жатқан сабы;
4) жабық бөлмеде ұзақ атыс жүргізу кезінде жиналған дәрілі зарядтың жанып кеткен өнімдері;
5) ұңғы, қарауыл қалыбы қарқынды атыс кезінде қызатын ауызғы тежеуіш.