Автоматтың ( пулеметтің ) арналуы мен ұрыстық қасиеті
5,45 мм жетілдірілген Калашников
автоматы – дербес қару, ал 5,45 мм
Калашников пулеметі атқыштар
бөлімшесінің қаруы болып табылады.
Олар қарсыластың тірі күшін жою мен
атыс құралдарын жоюға арналған.
Қарсыласты қоян – қолтық шайқаста
жеңіліске ұшырату үшін автоматқа
сүңгі - пышақ бекітіледі. Түнгі жағдайда
ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74H
автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н
пулеметтеріне түнде атуға арналған
әмбебап көздеуiш бекітіледі (НСПУ).
Автоматтан атыс жүргізу үшін
кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және
сауыт бұзғыш - өртегіш оқтары қолданылады.
Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс авто маттан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі.
Атыс кезінде патронда автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабынан беріледі.
Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады. Автоматтың сүңгі - пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: АК74 - 3,6 кг; АК 74H - 5,9 кг; АКС74 - 3,5 кг; АКС74H - 5,8 кг. Сүңгі - пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы – 490 г.
Атудың көздеу қашықтығы - 1000 метр. Жерүсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы, автоматта 500 м-ге дейін, пулеметте 600 м-ге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютпен секірушілерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы 500 м-ге дейін.
Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 м-ге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта «кеуделік» фигураға 440м, жүгірмелі фигураға 625 м; пулеметте «кеуделі» фигураға 460м, жүгірмелі фигураға 640 м.
Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы – автоматтан минутына кезекпен ату 100 - ге дейін, пулеметтен 150 - ге дейін, жекелей атқанда - автоматтан 40 - қа, пулеметтен 50 - ге дейін.