Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері


Жиналмалы дүмбелі автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау



бет34/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

Жиналмалы дүмбелі автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау. Бұл тәсілді, яғни автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыруды үйрену кезінде, әдетте взвод немесе бөлімше бір қатарлы жайылма сапқа тұрады. Бастапқыда оқытушы, жиналмалы дүмбелі автоматпен «кеудеге» тәсілінің орындалуын көрсетеді.
Тәсіл «Автомат кеуде-ГЕ» пәрмені бойынша орындалады.
Автоматты «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне үш есеп бойынша алынады [38].
Ол үшін бөлімше командирі немесе әскери оқытушы мынадай пәрмен береді: «автоматты кеуде-ГЕ : жаса –БІР, жаса –ЕКІ, жаса -ҮШ».
Алғашқы тәсілді «жаса -БІР» есебі бойынша орындау үшін оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай автоматты иықтан оң қолмен алу тиіс.
Бірінші тәсілді «жаса -БІР» есебі бойынша орындағанда курсанттардың автоматты иықтан оң қолмен алған кезде денелерін еңкеймеуін қадағалау қажет. Мұндай тәсілді орындаған кезде, сонымен қатар саптық тұрыс ережесін және автоматты денеден алшақтатпай ұстау қажет екенін назарға алу міндет. Бірінші есепке курсанттар қимылдарды дұрыс орындаса, оқытушы екінші және үшінші есеп бойынша іс-қимылдарға көше бастайды. Оң қолмен «жаса -ЕКІ» есебіне сәйкес оң қолмен белдікті оңға апарып, алақанмен оны төменнен ұстап алу қажет. Яғни, автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып оның өзінің алдына оқ жатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстаған дұрыс. Ал, «жаса -ҮШ» есебі бойынша белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып тастап, онымен автоматты белдіктегі дүмбенің мойнынан ұстап алу қажет, сол қолды жылдам түсіріп жіберу қажет. Қимылдармен оқыту барысында, яғни үшінші есеп бойынша курсанттардың бастан асыра белдікті лақтыруы кезінде, мүмкіндігінше жоғары көтеруін және белдікті лақтырғаннан кейін оны жылдам дүмбенің мойнына апаруын қадағалау керек.
Жиналмалы дүмбелі автоматты «белдікке» күйінен кеудеге «күйіне» екі есеп бойынша алынады.
Мұндағы «жаса-Бір» есебі бойынша оң қолмен автоматты иықтан алып, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оның өзінің алдына оқ жақтарын төмен, ауыз жағын төмен қаратып ұстау қажет.
Келесі «жаса - ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен белдікті бастан асыра сол иыққа лақтырып тастап, онымен автоматты белдіктегі ұңғы қорабынан ұстап алу керек, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу қажет.
Тәсілдерді қарумен «кеудеге» күйін бөлім бойынша қарастырғаннан кейін, бірден «белдікке» күйіндегі тәсілдерді үйренуге кіріскен жөн, сонан соң екі тәсілді бірдестен орындауға жатыққан дұрыс.
Автоматты «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау.
Тәсіл «белдік-КЕ» пәрмені бойынша және үш есепке орындалады. Ол үшін мынадай пәрмен беріледі «Автомат белдік-КЕ: жаса-БІР, жаса –ЕКІ, жаса -ҮШ».
Бірінші есепке: яғни «жаса-БІР» есебінде сол қолмен автоматты ұңғының және газ түтігінің жоғарғы жағынан ұстау керек және автоматты біршама жоғары ұстап, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығару тиіс, оң қолмен алақанды төмен қаратып белдікті ұңғы қорабынан ұстаған жөн болады.
Келесі «жаса-ЕКІ» есебі бойынша автоматты ұңғы қорабын жоғары қаратып тұрып, белдікті бастан асыра лақтырып тастау міндет және автоматты оқ жатарын солға қаратып ұстау дұрыс болады.
Осы тәсілді үйрену негізінде курсанттардың денелері мен бастарының еңкеймеуіне баса назар аударуы тиіс. Олар автоматты мүмкіндігінше, белдікпен бас киімді түсіріп жібермеуі үшін жоғары көтергені жөн.
Келесі «жаса -ҮШ» есебі бойынша, автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау қажет, ал сол қолды жамбасқа қарай жылдам түсіру тиіс. Үшінші тәсілді үйрену кезінде, автоматты сол қолмен иыққа лақтырып тастаудың дұрыстығына қарау қажет. Курсант денені бұрмастан, сол қолмен және оң иыққа автоматты лақтырып тастауды артқа тез қимылмен бағыттауы керек.
Автомат асыра лақтырған кезде оң қолдың саусақтары белдік бойынша төмен қарай сырғиды және бұл кезде курсант белдікті тартып өзіне ұңғыдан жарақат алмауын қадағалайды [39].
Жиналмалы дүмбелі автоматты «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне де үш тәсілмен алынады.
Мұндағы «жаса -Бір» есебі бойынша сол қолмен автоматты ұңғының және газ түтігінің жоғарғы жағынан ұстау керек, оны біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығару керек және оң қолмен алақанды төмен қаратып белдікті ұңғы қорабына ұстау қажет.
Келесі «жаса - Екі» есебі бойынша автоматты ұңғы қорабын жоғары қаратып бұрып, белдікке бастан асыра лақтырып тастау міндет және автоматты оқ жатарын оңға қаратып ұстау керек.
Келесі «жаса - Үш» есебі бойынша автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау қажет, ал сол қолды жылдам түсіру керек.
Бөлім бойынша тәсілді көрсеткеннен кейін бөлімше командирі тәсілді толық орындауды көрсетеді, осыдан кейін жаттығуға кіріседі. Жаттығу барысында бөлімше командирі курсанттардан тәсілдерді орындаудың дұрыстылығын және нақтылығын талап етеді. Әрқайсысын жеке үйретісімен, бөлімше командирі взвод командирінің жалпы пәрмені бойынша курсанттарды бөлімше құрамында жаттықтыруға кіріседі, осыдан кейін оқытушы тәсілдердің орындалуын тексеріп тиісті бағасын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет