Қатысқандар: Сайдуллаева Н. С.,Саидахметов П. А., Қабылбеков К., Оралбаев А., Абекова Ж. А., Серкебаев С. К., Серикбаева Г. С., Абдраимов Р. Т., Нурашев Х. Е., Баубекова Г. М., Омашова Г. Ш., Жайдақбаева Д
Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер: 6М060400-физика мамандығы магистранттарының зерттеу іс-тәжірибесі бойынша қорытындысының есебін тыңдау.
Тыңдалды: 6М060400 - физика мамандығының 2- курс магистранттарының ғылыми -зерттеу жұмыстарының есебі туралы.
Бұл мәселе бойынша кафедра оқытушысы мәлімдеме жасады.
Абекова Ж.А.: 6М060400 - физика мамандығының 2- курста 3 магистрант білім алуда. Әрбір магистранттың магистрлік диссертацияларының тақырыбы мен ғылыми жетекшілері бекітілген.
Тыңдалды: Магистрант Байджанова М.С. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, “Физика-химиялық зерттеу әдістері” зертханасы. Ғылыми жетекшім ф-м.ғ.к. Сайдуллаева Н.С. Диссертация тақырыбым «Тұтқыр сұйықпен толтырылған цилиндрлік қабаттың еркін бұралмалы тербелісінің мәселелерін шешу».
Сөз алды: Кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.к. доцент Сайдуллаева Н.С. магистранттың жоғарыда көрсетілгендей әдебиетке шолуда, басқа авторлардың жұмысына терең талдау жасалғаны, теориялық зерттеулер мен алдына қойылған есепті шешу әдісінің жолдарының маңызды екенін атап айтты.
Қаулы: Магистрант Байджанова М.С. зерттеу іс-тәжірибесі бойынша есебі өте жақсы деп танылып, факультет Кеңесіне ұсынылсын.
Кафедра меңгерушісі: _______________Сайдуллаева Н.С., физ. мат. ғыл. канд., доцент