Хаттардың мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе – көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап – ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» – дейді. Мен не істеуім керек? Оқушылар хатты талдап сабақты қорытындылайды.
«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»
Құндылық
Ұлттық мүдде
Мақсаттары
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру. адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;