Атлах шайқасының тарихи маңызы болды ма? Талас шайқасы, Атлах шайқасы



Дата28.01.2018
өлшемі75,55 Kb.
#34373

Атлах шайқасының тарихи маңызы болды ма?
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды.  Шайқас  қарсаңында  749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін  халифат  бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері  Шығыс Түрік қағандығының  әлсірегенін пайдаланып, Талас  өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан т үргештер  мен  қарлұқтар  араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 7 51 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды.  Қытай  қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан  Тан  армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің  Ислам  өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
І Картамен жұмыс.
1.Картада түркі қағанаттарын орналастырып жазыңдар.

2.Атлах шайқасы болған жерді белгілеңдер.

3. Араб және Қытай әскерлерінің жүру бағыттарын көрсетіңдер.
IІ Берілген сөздердің мағынасын сәйкестендір


  1. шайқас

Бір мемлекеттің географиялық аумағын кеңейтуі

  1. Сардар

жауынгер

c) экспансия

Ислам діні ұшін өмірін қиған

  1. теперіш

Қысым көрсету

  1. шерігі

Қоғамның материалдық және рухани жетістіктері

f ) шаһит

қолбасшы

k) өркениет

белгілі бір әскер топтарымен (күштерімен) жүргізілетін қауырт ұрыстық соққылар


ІІІ Ой салу мен алмасу.

1. В.Бартольдтың цитатасы – «Атлах шайқасы маңызды сұрақты анықтады, екі өркениеттің (қытайлықтар мен мұсылмандар) қайсысы Түркістанда билік етеді»

Жұп арқылы (шектелген уақыт ішінде) Атлах шайқасы маңыздылығының себептерін талқылау. Барлық сынып естігендей әртүрлі жұптардың бір – біріне сұрақ қою.

ІV Атлах шайқасы маңыздылығының әртүрлі себептерін критерияларға сай орналастыру, талдау, дәлелдеу.

Тарих маңыздылықтың критериялары



Ерекше? Атақты?

Есте қалатын?

Жаңғырық?

Нәтижелі?

Айрықша, мәнді?


Ерекше

Атақты

Есте қалатын

Нәтижелері

Айрықша мәнді














  1. Атлах шайқасы кезеңінің қытай тарихшылары оқиғаның қалай болғанын жазып алды.

  2. Қазіргі кездегі түркі тілдес халықтар (мысалы қазақтар) Атлах шайқасын ұлы жеңістерінің бірі деп санайды.

  3. Тан империясы 751 ж. Атлах шайқасынан кейін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды.

  4. Атлах шайқасына қарамастан арабтар мен қытайлықтар бір – бірімен қарым – қатынасты жалғастырды.

  5. Атлах шайқасында түркі әскері арабтарды қолдады.

  6. Атлах шайқасы Орта Азияға ислам дінің таратуға бірден – бір жолы болды (Қазақстанды қоса алғанда).

  7. Түркі халықтардың көбісі ислам дінін соңына дейін қабылдаған жоқ, өйткені арабтар Атлах шайқасында жеңіске жеткен еді

  8. Соңында Қытай Орта Азияны жаулап алуды тоқтатты.

  9. Араб күші Атлах шайқасында қытайлықтардың қағаз жасаушыларын жаулап алып, бүкіл араб әлеміне тарата бастады.

  10. Орта Азия халықтары Атлах шайқасынан бұрын қағазды пайдаланып келген еді.

  11. Атлах шайқасы Орта Азия халықтарына түркі әскерінің күштілігін, шеберлігін көрсетуге ықпал етті.

  12. Араб жазбалары Атлах шайқасына көп көңіл бөлмей жазды, өйткені сол сәтте бұл оқиғадан гөрі өзге маңыздырақ оқиғалар болған еді.

  13. Араб тарихшылары Атлах шайқасы жайлы кейін жаза бастады, нақтырақ айтсақ, күштері, биліктері әлсіреген сәтте




V Жазылым.

Атлах шайқасының тарихи маңызы болды ма?
…оқиға мен үшін маңызды өйткені…

Атлах шайқасы маңызды болды… өйткені…

Менің ойымша, Атлах шайқасының маңыздылығы келесі критерияларға сай келеді атақты / есте қалатын / нәтижелі / ... өйткені

Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?



Тарихи маңызы

1. Сонау екі Хан дәуірінен (б.з.д.206-6.3.220) бері Қытай қор­ғанының сыртына шыға бас­та­ған Хан патшалығы шамамен он мың ли (5000 км) Батысқа жылжи отырып, 751 жылы Атлах-Талас түбіне жет­кен қытай экспансиясының қан­ды жолы біржола, мәңгілікке ке­сіп тасталды.

2. Атлах-Талас шайқасының ұлы жеңісіне араб әскерін қарлұқ, түркештер қолдап, жан­қиярлық ерлігі арқылы қол жетті. Қан­мен бекіген түрік-араб дос­тығының ғұмыры ұзақ бол­ды, берекелі болды. Түрік ха­лықтары Алланың хақ діні Ис­ламмен ертерек қауышты. В.В. Бартольд әділ айтқандай “Турки были одними из первых народов, среди которых Ислам, отказавшись от пропаганды ору­жием, имел успех путем убеж­дения”  болғаны тарихи шын­дық. Түріктер исламды 751 жылдан былай қарай негізінен бейбіт жолмен қабылдап, ислам мәдениетімен ертерек таны­сты. Соның нәтижесінде тү­рік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді. Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін бере алды.

3. Исламды мем­лекеттік дін ретінде мо­йын­даған түрік халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол жет­кізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, тұрақты, гүлденген мемле­кет­терге ие болды






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет