Ақтөбе қалалық Актюбинский городской білім беру қызметкерлерінің комитет профсоюза



бет2/4
Дата17.06.2018
өлшемі372 Kb.
#43237
1   2   3   4

Мектеп басшыларына!

17.01.2012 жыл

«Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік орталығы «Дарын» Республикалық ғылыми – практикалық орталығының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 7/01-04 хатына сәйкес және оқушылардың әлемдік көркем мәдениет тарихына ынтасын арттыру, олардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2012 жылғы 17- 20 ақпан аралығында 3- 11 класс оқушылары арасында «Ұлыбритания: «Laud of Hope aud Glory» тақырыбында оныншы «Золотое руно» ойын- байқауы өткізілетінін хабарлайды.

Байқауға балалар өз еркімен ата- аналар немесе демеушілердің есебінен ақылы түрде қатыса алады. Ұйымдастыру жарнасы 300 тенге.



Байқау тапсырмалары 17-19 ақпан аралығында үйге беріледі, жауап парақтары

2012 жылғы 20 ақпанда мектепте толтырылады. Жауап парағын толтыру уақыты 60 минут. Ойын тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 4 топқа құрастырылған: 3-4, 5-6, 7-8 және 9- 11 класс ( 2 класс оқушылары өз еріктерімен ойынға жіберіледі).

Осыған орай, Сізден байқауға қатысу жөнінде сұранысты ақпан айының 4-не дейін

Қағаз және электронды түрде төмендегі үлгі бойынша EXCELL форматында «Ақтөбе- Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік орталығына көрсетілген мерзімнен кешіктірмей тапсыруларыңыз сұралады.



Аудан,

мектеп


Мектеп

саны


Барлығы

3-4

Қаз.


3-4

орыс


5-6

Қаз.


5-6

орыс


7-8

Қаз.


7-8

орыс


9-11

Қаз.


9-11

орыс






































А.Кабиева

17.01.12 Мектеп директорларына!

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай және ҰОС Жеңістің 67- жылдығына байланысты өткізілетін қаланың жалпыға бірдей білім беру мектептерінің жоғарғы класс оқушылары арасындағы «Жас жауынгерлер-2012» әскери-қолданбалы спорт сайысының өткізілу ережесін ұсынамын



1. Міндеті мен мақсаты

  • әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау

  • жеткіншек ұрпақ арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру

2. Өткізілетін уақыты және орыны

Финалдық сайыстар 2012 жылы 05 мамыры күні № 6655 ішкі әскер бөлімінің саптық және спорт алаңында өткізіледі. Сайыс үш кезеңмен жүргізіледі; 1) жартылай финал мөлтектоптар арасында; 2) қалалық финал; Республикалық сайысқа қатысу;

Финалдық сайыстарға мөлтектоптар арасында жеңіске жеткен мектеп тобы қатыстырылады. Республикалық сайысқа финалдық сайыста жеңіске жеткен мектеп тобы қатыстырылады.

Мөлтектоптар;

1) 1, 4, 17, 21, 27, 39, 40, Құрашасай ОМ;

2) 3, 19, 20, 23, 24, 28, 38, Россовхоз ОМ;

3) 16, 25, 26, 30, 34, 36, 47, 48, Елек ОМ;

4) 2, 6, 11, 14, 18, 22, 31, 44;

5) 5, 13, 15, 29, 41, 42, Ақтөбе ОМ, Сазды ОМ;

6) 12, 9, 32, 33, 35, 51, 37, Георгиевка ОМ;

7) 50, 53, Қызылжар ОМ, ҚҚОМ, Благодар ОМ, Мектеп-интернат, Пригород ОМ, Новый ОМ;

3. Қатыстырылатын топтар және өткізілу тәртібі

Топ мүшелері 7 оқушыдан тұрады. Жеті (7) ер бала. Финалдық сайысқа мөлтектоптар арасында 1 (бірінші) орын алған мектеп тобы жіберіледі. Сайысқа қатысушы оқушыларды тууы туралы куәлігі және оқу орнынан анықтамасы болуы қажет. Сұраныста көрсетілмеген оқушы сайысқа жіберілген жағдайда, сайыстың барлық түрлерінен мектеп тобына ұпай есептелмейді. Топ мүшелері сайыстың барлық түрінде толық қатысуы қажет. Егер топ мүшесі жарақат алып сайысты жалғастыра алмайтын болса (дәрігердің тексеру нәтижесі бойынша), онда топ мүшесін алмастыруға рұқсат етіледі.



4. Сайыс түрлері

1. ӘСКЕРИ-САПТЫҚ ӨЛЕҢ БАЙҚАУЫ. Сайысқа қатысушы топ мүшелері, бірдей әскери киімде болуы шарт.

Сайыстың барлық түрінде 1-ші орын алған топ-1 ұпай алады, 2-ші орынға-2 ұпай, 3-ші орынға-3 ұпай т.б. Ең аз ұпай санын жинаған топ жеңімпаз атанады. Егер екі немесе бірнеше топтың ұпай саны бірдей болса, онда «әскери-саптық өлең байқауы» сайысында жоғарғы көрсеткішке жеткен топ жеңілдікке ие болады.(жартылай финалда арқан тарту сайысында)

2. БЕЛТЕМІР. Әр топтан 2 (екі) оқушы белтемірге тартылу арқылы жарысқа түседі. Екеуінің ұпайы қосылып есептеледі.

3. ГІР ТАСЫН КӨТЕРУ САЙЫСЫ. Әр топтан 1 (бір) оқушы қатыстырылады. (Ескерту: Гір тасын көтеру тек қол күшімен жүзеге асырылады. Жұлқып көтеруге тиым салынады.)

4. АРҚАН ТАРТУ САЙЫСЫ. Арқан тарту сайысы жеребе салу арқылы, екі топқа бөліну арқылы жүргізіледі. (Ескерту: Олимпиада тәсілі бойынша.)

5. ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУ. Топтың барлығы қатыстырылады және 7 (жеті) оқушының нәтижесі қосылып есептеледі.

4. Сайысты басқару

Сайысты ұйымдастыру және өткізуге басшылықты қалалық білім бөлімі (мөлтектоптар арасында), финалдық сайыстарды өткізу кезінде; Батыс аймақтық әскери прокуратурасы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық білім басқармасы және қалалық білім бөлімі жетекшілікке алады. Финалдық сайысты өткізілуіне жауапкершілік бас төрешілер коллегиясына жүктеледі.



5. Марапаттау.

Финалдық сайыста, 1 (бірінші), 2 (екінші), 3 (үшінші) орын алған мектеп топтары Батыс аймақтық әскери прокуратурасының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, облыстық білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.



6- мөлтектоп арасындағы жарыс 21.01.12 жылы сағат 15.00-де № 33 ОМ базасында өткізіледі.

12 ОМ, № 9 ОМГ, № 32 ОМГ, № 33 ОМ, №35 ОМ, 51 Г, 37 ОМ, Георгиевка ОМ;

Төрешілер; № 11 ОМ әскери жетекшісі Ж.Әжімгереев, № 36 ОМ әскери жетекшісі М.Қожахметов, № 27 ОМ әскери жетекшісі Н.Байболатов,

5- мөлтектоп арасындағы жарыс 28.01.12 күні сағат 15.00-де № 5 ОМ базасында өткізіледі.

5 ОМ, №13 ОМ, №15 ОМ, №29 ОМ, №41 ОМ, №42 ОМ, Ақтөбе ОМ, Сазды ОМ;

Төрешілер; № 17 ОМГ әскери жетекшісі З.Мұқанов, № 40 ОМ әскери жетекшісі А.Садықов, № 3 ОМ әскери жетекшісі С.Оплачко

ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сраж


Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2012 жылғы « 9 » қаңтардағы

№221 қаулысымен

бекітілген



Мемлекеттік мекеменің жарғысы (ережесі)

1. Жалпы ережелер

1. _____________________________________ мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі:____________________________________.

(республикалық немесе коммуналдық)

3. Мемлекеттік мекеме ______жылғы «___»________________шешімімен

құрылды.


4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы (мемлекеттік меншіктің түріне тиесілігін, ұйымдық құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығы көрсету) (толық орысша және қазақша)

(республикалық немесе коммуналдық)

7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері______________________________

________________________________________________________________



2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

8. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.



3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған орта білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау.

14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты - оқушылардың жалпы-ғылыми және мәдени дайындықтарын қалыптастыру, таңдаған мамандықтарының негізін қалау, қоғамның шығармашылық қуатын дайындау, оқушының жеке тұлғасын, ар-намысын қадірлеу, оған сену, оның жеке мақсаттары мен мұдделерін қолдау болып табылады.

15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

2) Тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке бастың дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

3) Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отан Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мекмлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келгн көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;


  1. Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  2. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілде, орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

  3. Білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруда демократияландыру және орталықсыздандыру;

  4. Оқытудың жаңа тәсілдерін, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық жерлерге шығу;

  5. Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу.

Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мемлекеттік мекемені басқару
18. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23. Мемлекеттік мекемеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;


    1. оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

24. Мектептің құрылымы педедагогикалық кеңеспен жасалады және құрылтайшымен келісім бойынша мектеп директорына бекітуге ұсынады.

1/ Басқару Білім беру туралы Заңға, мектеп Жарғысы мен мектеп туралы Ережеге сәйкес адами құндылықтардың басымдық, жариялылық, демократиялық принциптерімен адам өмірін, денсаулығын қорғау және жеке тұлғаны дамыту бағытында жүзеге асырылады.

Еңбек ұжымының өкілеттілігі оның мүшелерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жиналысқа мектеп қызметкелерінің үштен екі бөлігі қатынасқан жағдайда ол заңды болып есептелінеді.

Мектеп ұжымының жалпы жиналысы мына жағдайларға құқылы:

а) Жарғыны жасайды және талдайды;

ә) мектеп Кеңесінің сайлаулары бойынша екі жылда бір рет конференцияға делегаттар сайлауға;

б) Мектептің «Ішкі тәртіп ережелерін» талқылап, бекітуге.

Мектепті жалпы басқару 19 адамнан тұратын сайлаушы орган-мектеп Кеңесімен жүзеге асырылады (2000 жылғы 10 шілдедегі №708 Білім және ғылым Министрігі “Мектепке дейінге және жалпы білім беру мекемелерінің қызметтерін реттейтін нормативтік актлерді бекіту туралы) Оның 11 мүшесі – педагогикалық ұжымнан, 5 мүшесі - ата-аналардан, 3 мүшесі - 9-11 сынып оқушыларынан болады.

Мектеп Кеңесіне мүшелікке мектеп қызметкерлерінің жалпы жиналысында таңдалынады (саны шектеусіз, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс).

Ата-аналардан кандидаттар жалпы мектептің ата-аналар жиналысында немесе сыныптың ата-аналар жиналысында сайланылады (саны ерікті, бірақ 4 адамнан кем болмауы тиіс).

Оқушылардан кандидаттар 9-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысында немесе сынып жиналыстарында анықталады (саны ерікті, бірақ екеуден кем болмауы тиіс

25. Мектеп Кеңесінің өкілеттілігі:

а) Мектептің даму Тұжырымдамасын бекіту жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.

б) Мектептің жергілікті актілерін бекітеді:



  • оқушыларға арналған талаптар,

  • құрылымдық бөлімшелер туралы қағидалар,

  • оқушылар степендиясы туралы ереже,

  • директор көрсетуіндегі мектеп құрылымы.

в)директор немесе құрылтайшы білгірлігіне қатыссыз мектеп өміріндегі басқа да маңызды сұрақтарды шешуге қатынасады.

Мектеп Кеңесінің отырысы төрағасының немесе Кеңес мүшелерінің жартысының талабы бойынша қажет жағдайда, жарты жылдықта бір рет (кем болмауы тиіс) шақырылады.

Кеңес шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады. Мектеп Кеңесінің шешімі отырысқа мүшелердің үштен екі бөлігін қатынасқан кезде ғана заңды болып есептеліп, кеңестің тізімдегі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда шешім қабылданады.

Мектеп Кеңесінің шешімі оның өкілеттілігі бойынша бекітіліп, мектеп ұжымының барлық мүшелеріне, әкімшілікке міндетті болып саналады. Мектеп Кеңесінің отырыстары мектеп іс-қағаздарында сақталынатын, Кеңес төрағасы мен хатшысының қолдары қойылған хаттамалар жүргізіліп отырады.

Күрделі педагогикалық және әдістемелік мәселелерді, оқу-тәрбие процесін зерттеуді ұйымдастыру және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық кеңес жұмыс жасайды. Педагогикалық кеңестің мүшелері мектептің барлық қызметкерлері және қосымша қызметтегі мұғалімдер бола алады. Педкеңестің төрағасы директор болып табылады. Ол педкеңестің хатшысын бір жылға өз бұйрығымен тағайындайды.

26. Педагогикалық кеңестің құзыры:

а) педкеңес жөніндегі Ережеге сәйкес қызметін жүргізеді.

б) ұсыныстар мен сыни ескертпелердің орындалуына бақылау жасайды;

в) мектептің ішкі тәртібі ережелерін белгілейді.

г) оқушыларды қорытынды, аралық аттестациялаудың өткізілу тәртібін анықтайды;

д) әр тоқсанда бір рет өткізіліп, хаттамамен рәсімделінеді.

Қоғамдық ұйым ретінде мектепте сынып және мектептің жалпы ата-аналар комитеттері жұмыс жасайды.

Сыныптардағы ата-аналар комитеті жиналыс шешіміне сәйкес сайланады. Сайланған мүшелерден төраға мен хатшы таңдап алынады.

Мектеп ата-аналар комитетінің құзыры:

а) кандидатураларды талқылап, кез-келген түрдегі материалдық көмек қажет оқушылар тізімін бекітеді;

б) мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы шешуші даусы бар мектеп кеңесінің мүшесі болып саналады;

в) ата-аналар комитеті ереже негізінде жұмыс жасай алады.

Барлық ата-аналар комитеттері мектеп өмірінің мәселелерін талқылауға, ұсыныс ретінде шешім қабылдауға құқылы.

Ата-аналар комитеттері өз отырыстарын хаттамалармен рәсімдейді, олар мектеп іс-қағаздарында сақталады.

27. Кәсіподақ комитеті:



  • мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ұжымдық еңбек шартын жасайды;

  • директормен бірлесе отырып, қызметкерлерді материалдық жақтан мадақтау және педагогтердің оқу жүктемесі мәселелерін шешеді.

Мектепте ерікті түрде оқушылардың өзін-өзі басқару органдары мен оқушы ұйымдары жұмыс жасауына болады (жоғары сыныптықтар Кеңесі, Балалар парламенті). Олар оқушылардың өзін-өзі басқару органдары туралы Ережеде көрсетілгендей басқаруға қатынасады. .

Сол сияқты пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, ғылыми-әдістемелік кеңес, қорғаншылық кеңесі сияқты алқалық кеңестер құрылуы мүмкін, олардың жұмыстары ҚР Заңдарына сәйкес құрылымдық бөлімдер ережесімен реттеледі.



5. Мектепке қабылдау тәртібі.
28. № ” ММ мектепалы даярлық тобына жаңа оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін 5 жастан, 1-класқа жаңа оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін 6 жастан қабылданады.

29. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар үшін үйде немесе емдеу мекемелерінде ақысыз дербес оқыту ұйымдатырылады. (ҚР “Білім туралы” Заң. 8- бап. 5т.)

30. Қабылдау ата-аналарының (немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың) арызы, дәрігерлік анықтама, туу туралы куәліктің көшірмесі және мекен-жай бюросының анықтамасы негізінде жүзеге асырылады. Арыз 1сәуірден бастап қабылданады.

31. Оқушыларды қабылдау кезінде мектеп ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді Жарғымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, ішкі тәртіп ережелерімен және оқыту-тәрбиелеу істерін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.

32. 16 жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.



33. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.

6. Оқыту-тәрбиелеу істерін ұйымдастыру

34. “№30 қазақ орта мектебі”ММ төмендегідей білім беру бағдарламаларын ұйымдастырды:

- бастауыш жалпы білім-нормативті мерзімі-4 жыл (1-4 сыныптар).

- негізгі жалпы білім-нормативті оқыту мерзімі- 5 жыл (5-9 сыныптар).

- жалпы орта-нормативті оқыту – 2 жыл (10-11 сыныптар).

35. Мектептегі білім беру істерін ұйымдастыру базистік оқу жоспарларына сәйкес және сабақ кестесімен реттелетін мектептің өзі жасаған базистік оқу жоспарының негізінде құрылады.

36. Мектептегі оқыту және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асырылады.

37. Негізгі жалпы және орта (толық) жалпы білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын игеру ҚР-ның білім және ғылым Министрлігімен бекітілген ережемен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мектеп бітірушілерді міндетті қорытынды бағалаумен аяқталады.

38. Мектеп білім алушыларды аралық бақылау нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

39. Мектеп ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) қалауы бойынша жанұялық білім, өздігінен білім алу және экстернат түріндегі жалпы білім беру бағдарламаларын немесе олардың бірі бөлігін игеру үшін жағдай жасайды және көмек көрсетеді.

40. Мектептегі кластардың саны санитарлық нормалар мен жалпы білім беру істерін жүзеге асырудың талаптарына байланысты анықталады. Кластардың толымдылығы 25 адамнан кем емес мөлшерде белгіленеді. Қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда кластарды аз мөлшердегі толымдылықпен комплектлеуге болады.

41. Мектептегі тәртіп оқушылардың және педагогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройын құрметтеу негізінде қолдау табылады. Оқушыларға дене және психикалық қысым көрсетуге жол берілмейді.

42. Педкеңестің шешімі, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының шешімі негізінде құқыққа қарсы іс-әрекеттер істегенде, мектеп жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін бірнеше қайтара бұзғанда 15 жасқа толған мектеп оқушысын ҚР «Білім туралы» заңының 24 тарауы 2п. сәйкес шығарылады.


Каталог: objwl -> 2012
objwl -> Қатысушының аты-жөні Туған жылы, айы, күні
objwl -> «еуразиялық гендік қОР» гылыми-өндірістік білім беру орталығы Астана қаласы
objwl -> -
objwl -> Мектеп басшыларына!
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2012 -> Семинар по русскому языку и литературе «Язык есть исповедь народа…»
2012 -> Ақтөбе қаласы білім бөлімі бойынша «Ұлыстың Ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет