Ақтөбе қалалық Актюбинский городской білім беру қызметкерлерінің комитет профсоюза


Білім деңгейін бақылау жүйесі және оқушылардың аралық бағалануларының реттілігі



бет3/4
Дата17.06.2018
өлшемі372 Kb.
#43237
1   2   3   4

7. Білім деңгейін бақылау жүйесі және оқушылардың аралық бағалануларының реттілігі.

43. Білім деңгейін бақылау жүйесі класс журналының жеке оқушылар күнделігінің негізінде жүргізіледі. Білім бағдаламасын толық меңгерген оқушылар келесі класқа көшіріледі. Оқу мерзімінің жартысынан көбін олардың жағдайына тәуелсіз себептермен жіберген оқушылар қорытынды бағаланбайды. Ағымдық бағалау түрін мұғалім анықтайды. Тоқсандық немесе жарты жылдық баға ережеге сәйкес бақылау, парктикалық және өзіндік жұмыс бағаларының арифметикалық ортасынан апауы қажет.

44. Медициналық айғақтар бойынша өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.

45. 9 класс көлемінде білімді аяқтаған оқушыға жалпы негізгі мектеп білімін алғандығы туралы куәлік беріледі, ал ерекше жетістіктерге жеткендерге ерекше үлгідегі куәлік беріледі.

46. 11-класс көлемінде білім алған оқушылар орта білім туралы аттестат алады.

8. Ақылы қосымша білім беру қызметін

көрсетудің тізбесі мен тәртібі.

47. Мемлекеттік білім беру мекемелері білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізінде мынадай:

- Қосымша білім беру бағдарламарының (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейінділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру.

- Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытанан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру.

- Пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру.

- Білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және ұйымдастыру;

- Музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

- Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде жұмыстар және қызмет көрсету ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

- Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төленген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

48. Қосымша ақылы білім беру қызметіне жататындар:

- Қосымша білім беру жеке бағдарламалары бойынша қызметтер

- Арнайы курстарды және пәндер циклын қосымша оқыту түрі бойынша қызметтер;

- Репетиторлық қызметтер (жекелеген оқушылармен оқу жоспарындағы сағаттардан тыс қосымша сабақтар өткізу);

- Үйірме жұмыстарын ұйымдатыру қызметі ( базистік оқу жоспары шеңберінде);

- Басқа да ақылы қызметтер.

49. Ақылы қызметтер мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орны көрсетілмейді.

50. Ақылы білім беру қызметі эксперт кеңесі бекіткен және Атқөбе қалалық білім бөлімінің келісілген білім беруді мемлекеттік стандартының негізінде жасаған оқу жоспары бойынша ұсынылады.

51. Қосымша ақылы білім беру қызметінің тізімі қалалық эксперттік комиссияның шешімі және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде мектеп бұйрығы бойынша бекітіледі.

52. Оқу жоспарын Ақтөбе қалалық білім бөлімінің келісімі бойынша мектеп директоры бекітеді.

53. Мектеп директоры ғылыми-әдістемелік жетекшілікті қосымша орындайды.

54. Штаттық кестені Ақтөбе қаласының білім бөлімімен келісе отырып бекітеді.

9. Білім беру ұйымдары мен оқушылардың, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің қатынастарын реттеу мен рәсімдеу.
55. Мектептің жұмысы жергілікті актлердің келесі түрлерімен реттеледі:


    • ҚР-ның Білім Министрлігінің бұйрықтары;

    • Білім беру басқармасы органдарының бұйрықтары;

    • Мектеп директорының бұйрықтары мен жарлықтары;

    • Ішкі тәртіп ережелері.

56. Білім беру істерінің қатысушылары, олар оқушылар, мектептің педагогикалық қызметкерлері, оқушылардың ата-аналары (немесе өзге де заңды өкілдері) болып табылады.

57. Жаңадан келген әрбір балаға жеке іс-қағазы толтырылып, ол аталмыш мектепте оқушының білім алуының барлық мерзімінде толықтырылып отырады және сақталады. Басқа мектептен ауысып келген оқушылар жеке арыз, жеке іс-құжат, дәрігерлік анықтама және басқа білім беру мекемесінен келгендігі туралы құжат негізінде қабылданады.

58. Мектеп оқушыларына ұлты, жынысы, тілі, жасы, денсаулық жағдайы, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, мекен-жайы, дінге қатынасына және нанымына тәуелсіз білім алуына кепілдік беріледі.

59. Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде жалпы білімді тегін алуына кепілдік беріледі.

60. Мектептің оқушыларының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға, қосымша білім беру қызметтерін алуға, өзін-өзі басқару кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы оқушылар ұжымын басқару істеріне қатысуға, ар-ождан бостандығына, адамгершілік абыройыныңы құрметтелуіне, ақпарттар бостандығына, жеке адам мүддесіне қол сұқпаушылыққа, өзінің пікірін және білімді әділ бағалау сеніміне құқығы бар.

61. Оқушылардың қоғамдық-саяси ұйымдарға, қозғалыстарға мәжбүрлеп кіргізуге, сонымен қатар оларды осы ұйымдардың жұмысына мәжбүрлеп тартуға және үгіттеу компаниялары және саяси ағымдарға мәжбүрлеп қатыстыруға жол берілмейді.

62. Оқушылардың білім беру бағдарламасын тиісінше жүзеге асыратын басқа білім беру мекемесіне білім беру бағдарламасын тиісінше жүзеге асыратын басқа білім беру мекемесіне білім беру мекемесінің келісімімен және бағалаудан сәтті өтсе ауысуына құқығы бар.

63. Мектептегі оқу-тәрбие істері оқушылардың жағдайын есепке алына отырып жүзеге асырылады. Мектепте сырқаттанудың алдын алу, денсаулықты нығайту, денесін жетілдіру, тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қажетті шараларды орындау қамтамасыз етіледі.

64. Мектептің оқушылары білім беру бағдарламалырын өз еркімен мемлекеттік стандарт шеңберінде және одан жоғары көлемде меңгеруге және мектептің өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді қатысуға, мектептің ішкі тәртібінің ережесін және Жарғысын орындауға міндетті.

65. Жоғарыда баяндалған құқықтарды жүзеге асыру қоғамдық тәртіпті бұзушылық ізгілік нормалары және денсаулықты қорғаудың басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары нормаларын бұзумен үйлеспейді.

66. Мектеп оқушыларының міндеттері:

- Ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

- Педагогтардың негізделген талаптарына бағыну;

- Класта және жұмыс орнында тазалық сақтау.

- Мектептің мүлкін ұқыпты ұстау;

- Кішкентайларға қамқорлық жасау;

- Салауатты өмір салтын жүргізу, мәдени деңгейін көтеру, қоғамға жат әрекеттердің көрініс алуына шыдамсыздықпен қарау;

- Денсаулығын нығайту, дене тәрбиесімен айналысу, өзін белсенді ғылыми жұмысқа дайындау.

67. Оқушыларғы тыйым салынады:

- Мектепке қару, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерін, токсикалық және наркотикалық заттарды әкелуге, басқа біреуге беруге, қолдануға;

- Жарылысқа және өртке әкеліп соқтыратын кез - келген заттарды қолдануға;

- Қарым-қатынас шешу үшін, қорқытуға, күш қолдануға;

- Итеру, бір нәрсені лақтыру, қорқыту арқылы талап ету, зорлық жасау сияқты айналадағыларға қауіпті кез келген әрекеттер істеуге.

68. Мектептің оқушылар ұжымының жұмысы мектептің кеңесімен ұйымдастырылады. Оқушылар кеңесінің жұмысы оқудың сапасын көтеруге, тәрбие жұмыстарын арттыруға, оқушыларға қатысты қаржы мәселелерін шешуге, мектептің материалдық-техникалық базасының сапалылығына, қоғамдық пайдалы еңбекке, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

69. Мектеп оқушылар кеңесінің шешімі егер ол Қазақстанның Білім беру саласындағы заңдылықтарына және осы жарғыға қайшы келмеген жағдайда барлық оқушылардың міндетті орындау сипатын береді.

70. Мектеп оқушылары өзіне-өзі қызмет көрсетуге және қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне жасы, жынысы, дене мүмкіндіктеріне қарай денсаулықтарын қорғау және тазалық талаптарымен нормалары ескеріле отырып тартылады. Еңбектің санитарлы-гигиеналық нормаларымен қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау мектеп әкімшілігіне, дәрігерлік қызметкерге, мұғалімдерге, класс жетекшілері мен мектеп кеңесіне жүктеледі.

71. Оқушыларды қоғамдық тапсырманы орындау, спорттық және басқа шараларға қатысу үшін сабақтан босатуға, мұғалімдердің және оқушылардың пікірлерін есепке ала отырып, мектеп әкімшілігінің рұқсатымен белгілі бір жағдайларда жол беріледі, туристік саяхаттар және экскурсиялар директордың бекіткен мерзімі ішінде педагогикалық қызметкерлердің басшылығымен өтеді.

72. ҚР-ның Еңбек Кодексіне сәйкес жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін жұмысқа қабылдауға және еңбекке баулуға, олардың денсаулығына және сабақ уақытынан тыс тәрбие ісіне кедергі келтірмейтін, жасы 14-ке жеткен жағдайда олардың ата-аналарының біреуінің немесе оларды алмастырушылардың келісімімен жұмысқа алуға және еңбекке тартуға жол беріледі.

73. 18 жасқа толмаған оқушылар үшін демалыс уақытындағы жұмыс кезінде жұмыс уақытын қысқарту белгіленеді:

16-дан 18 жасқа дейінгілер – аптасына 36 сағаттан артық емес;

14-тен 16 жасқа дейінгілер – аптасына 24 сағаттан артық емес.

74. Жұмыс жасайтын оқушылардың оқу жылы барысындағы сабақтан бос кездегі жұмыс уақытының ұзақтығы жастарына сәйкес нормадан аспауы қажет.

75. Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) құқылы:

- Баланың мүдделерін және заңды құқығын қорғауға;

- Оқу түрін таңдауға;

- Басқару жұмыстарына ата-аналар комитеті арқылы қатысуға;

- Оқушының үлгерім бағасымен және тәртібімен сондай-ақ білім беру жүйесінің мазмұнымен және барысымен танысуға;

- Білім беру істерін реттейтін мекеме жарғысымен және басқа да құжаттармен танысуға;

- Оқушылардың білім алуындағы қиындық келтірген, қиындық туғызған мәселелер туралы кеңестер алуға.

76. Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) міндетті:

- Өз баласын тәрбиелеуге және оқытуға, дені сау болуына және өмір қауіпсіздігіне жағдай жасауға;

- Олардың ой-өрісінің және дене тұлғасының дамуын, адамгершілік қасиетінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- Мектепалды даярлық тобында болуын қамтамасыз етуге;

- Баласының мектептегі сабақтарға толық қатысуын қамтамасыз етуге;

- Отбасында үйден оқыту түрін ұйымдастыра алуға (бағалаудың оң нәтижелеріне бала қол жеткізген жағдайда) оқу-тәрбие кезіндегі кез келген кезеңде мектептегі оқуын жалғастыра алады;

- Оқушылардың академиялық бере жақтарын жоюын қамтамасыз етуге;

- Мектеппен бірлесе отырып жұмыс істеуге және ата-аналар жиналыстарына қатысуға.

10. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
77. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

78. Мемлекеттік білім беру мекемесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ҚР Заңдарына көрсетілген тәртіппен анықталады.

79. Білім беру мекемесіне жұмысқа қабылдау тәртібі Еңбек заңамасында бекітілген жеке еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады.

80. Қызметкерлердің еңбекақысы мен лауазымдық төлемақылары олардың біліміне, жұмыс стажына және біліктілік санатына сәйкес белгіленеді.

81. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

-18 сағат - бастауыш білім беру ұйымдары үшін;

-18 сағат - негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін.

82. Мектептің еңбек ұжымының мүшесі сонда тұрақты жұмыс жасайтын адам болып табылады. Мектепте педагог жетекші роль атқарады, оның міндеттері:


  • мектепте қабылдаған ішкі тәртіп Ережелері мен Жарғыны сақтау, мектеп әкімшілігінің жалпы жиналысының шешімін орындау;

  • еңбектік міндеттерін адал атқару, мектепте қабылданған жарғы және білім беру бағдарламалары, өзге де нормативті құжаттар көлемінде өзінің пәні бойынша оқушылардың сапалы оқуын қамтамасыз ету;

  • педагогикалық шеберлік деңгейін көтеруде үнемі талпыну істері және мүмкіндігінше пәнді оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін тәжірибеге енгізу ;

  • өз жұмысын балалардың жеке қабілеттері мен тұрмыс жағдайын ескеру және зерттеуге құру;

  • еңбек тәртібін сақтау;

  • оқушылардың әлеуметтік құқықтары және денсаулығының сақталуына әсер ету, оның ішінде балалықты қорғау және сақтау мәселерімен айналысатын ұйымдар және мекемелермен, ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау;

  • оқушылардың мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен эксперименталдық, авторлық, сонымен қатар ақылы қосымша қызметтер көрсету бойынша жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету;

  • мектептің басқару істеріне белсенді араласу, мемлекет меншігін ұқыпты ұстау, мектеп мүлкінің салақ ұсталуына жол бермеу.

83. Педагог қызметкерлер:

  • қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына;

  • мектептің басқару жұмысына қатысуға;

  • мемлекеттік жалпы міндетті стандарт сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

  • жұмысына байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне ;

  • біліктілік деңгейін және қызметтік мәртебесін көтеру үшін мерзімінен бұрын аттестациялануға;

  • ұзақтығы 56 күнтізбелік күнге тең ақылы демалыс алуға;

  • дербес педагогикалық қызметке;

  • педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен, медальдармен, құрметті атақтармен, грамоталармен марапатталуға;

  • оқушылардың жұмысы мен білімін бағалау әдістерін, оқу нұсқауларын және материалдарын, оқулықтарды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерін қолдануды еркін таңдауға;

  • мектеп Кеңесінің құрамына сайлануға құқылы.

84. Мектептегі педагогтар арасынан директор класс жетекшілерін тағайындайды.

85. Мектеп қызметкерлеріне келісімшарт бойынша өздерінің функционалдық міндеттері мен жұмысын атқарғаны үшін еңбек ақы төленуіне кепілдік беріледі.

86. Мектеп жұмысшыларының контрактіде қарастырылмаған басқа жұмыстар мен міндеттерді атқарғандары үшін қосымша келісім бойынша ақы төленеді. Педагогтерге қосымша міндеттер білім беру ісі жөніндегі басқармасының келісімі бойынша директордың бұйрығымен жүктелуі мүмкін.

87. Мектептің жеке меншігіне зиян келтіргені үшін еңбек ұжымының мүшелеріне заңда көзделген тәртіппен материалдық жауапкершілік жүктеледі.

88. Жарғы және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға еңбек ұжымының жиналысымен немесе директормен тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

89. Педагог қызметкердің мінез-құлқы нормаларын немесе осы Жарғыны бұзғаны үшін тәртіптік тергеулер тек олардың атына түскен жазбаша түрдегі арыз бойынша өткізіледі. Арыздың көшірмесінің біреуі педагог қызметкерге берілуі тиіс.

90. ҚР-ң Заңында көзделген тәртіп бойынша мектеп жауапкершілікте болады, егер:


  • мектеп құзырына кіретін істер атқарылмаса;

  • оқу жоспары және оқыту істерінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асырмаса;

  • өз бітірушілерінің сапалы білімі үшін;

  • мектеп жұмысшылары мен оқушыларының оқыту-тәрбиелеу істері кезіндегі өмірі мен денсаулығы үшін;

  • мектеп қызметкерлері мен оқушыларының өз құқықтары мен бостандықтары бұзылса;

  • мемлекеттік мүлікті тиімді қолданбаса және сақтамаса.

11. Білім беру ұйымын қаржыландыру көздері, олардың қызметін

материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

91. Білім беру істерін қаржыландыру бір оқушыға есептелген мемлекеттік және жергілікті қаржыландыру нормативтері негізінде бюджеттен, сонымен қатар өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жүзеге асырылады.

92. Мектеп ҚР заңдылықтарында белгіленген ретпен, Жарғы мен ҚР заңдарында қаралған ақылы қосымша оқыту, басқа да қызметтер есебінен қосымша қаражат қорларын тартуға құқылы. Жұмыс пен қызмет көрсету ақылары ҚР заңдылықтарына сәйкес белгіленеді. Бұл реттегі кірістерді бөлу тәртібі мектеп Жарғысына сәйкес өз ішінде анықталады.

93. Қосымша қызметтерді пайдалану мектептің бюджет есебінен қаржылануының мөлшері мен нормативтерінің азаюына әсерін тигізбейді.

94. Мектептің қаржылық және материалдық қаражаттары өзінің қажетіне қарай Жарғыға сәйкес жұмсалады, алып қоюға жол берілмейді.

95. Ағымдағы жылы қолданылмаған мектеп қаржысы алынуға жатпайды және келесі оқу жылын қаржыландыру есебіне кіргізілмейді.

96. Мектеп құрылтайшы келісімімен өзіне мен иесінің келісімімен өзіне кіріс алынған жағдайларда бекітілген қаражаттар мен мүліктерді пайдалануға құқылы.

12. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

97. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

98. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

99. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

100. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

101. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

102. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.



13. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

103. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

104. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

14. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

105. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



15. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

106. Мемлекеттік мекеменің мынадай филиалары мен өкілдіктері жоқ.

Басшы __________________________ _____________

Т.А.Ә.А. қолы



Утверждено постановлением акимата города Актобе от 9 .01.2012 г. №221

Устав ГУ_________________

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение_____________________________


(далее - государственное учреждение) является некоммерческой
организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в
организационно-правовой форме учреждения для осуществления функций
________________________________________________________________.
      2. Вид государственного учреждения:___________________________.
                                         (республиканское или коммунальное)
      3. Государственное учреждение создано решением________________
от "__" ____________ ______ года.
      4. Учредителем государственного учреждения является акимат г. Актобе.
      5. Уполномоченным органом соответствующей отрасли является ГУ «Отдел образования города Актобе», а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права в отношении имущества государственного учреждения является ГУ «Отдел экономики и финансов города Актобе»
      6. Наименование государственного учреждения (указание на
принадлежность к виду государственной собственности,
организационно-правовая форма и ведомственная подчиненность)
____________________________________________________________________
                            (республиканское или коммунальное)
      7. Место нахождения государственного учреждения _______________
____________________________________________________________________.
2. Юридический статус государственного учреждения

      8. Государственное учреждение считается созданным и приобретает права юридического лица с момента его государственной регистрации.


      9. Государственное учреждение имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием государственного учреждения.
      10. Государственное учреждение не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица.
      11. Государственное учреждение отвечает по своим обязательствам находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у государственного учреждения денег субсидиарную ответственность по его обязательствам несет Республика Казахстан или административно-территориальная единица средствами соответствующего бюджета.
      12. Гражданско-правовые сделки государственных учреждений вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.
3. Предмет и цели деятельности государственного учреждения
      13. Предмет деятельности государственного учреждения - создание необходимых условий для получения качественного образования, направленных на формирование, развитие и становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки их практики.
      14. Целью деятельности государственного учреждения является формирование общенаучной и общекультурной подготовки учащихся, создание основ для осознанного выбора профессии, подготовка творческого потенциала общества, уважение к личности школьника, достоинству, доверия к нему, принятие его личностных целей, интересов.
      15. Для достижения цели государственное учреждение осуществляет следующие виды деятельности:


- обеспечить условия для усваения образовательных программ;

- развитие творческих, духовных и физических возможностей личности, формирование прочных основ нравственности и здорового образа жизни, обогащение интеллекта путем создания условий для развития индивидуальности;

- воспитание гражданственности и патриотизма, любви к своей Родине – Республике Казахстан, уважения к государственным символам, почитания народных традиций, нетерпимости к любым антиконституционным и антиобщественным проявлениям;

- воспитание личности с активной гражданской позицией, формирование потребностей участвовать в общественно – политической, экономической и культурной жизни республики, осознанного отношения личности к своим правам и обязанностям;

-приобщение к достижениям отечественной и мировой культуры; изучение истории, обычаев и традиций казахского и других народов республики;

овладение государственным, русским , иностранным языками;

-обеспечение повышения социального статуса педагогических работников;

-расширение автономности, самостоятельности организаций образования, демократизация управления образованием;

-функционирование национальной системы оценки качества образования, отвечающей потребностям общества и экономики;

- внедрение и эффективное использование новых технологий обучения;

-развитие систем обучения в течение жизни, обеспечивающих взаимосвязь между общим обучением, обучением по месту работы и потребностями рынка труда и помогающих каждому максимально использовать свой личный потенциал в обществе, основанный на знаниях;

- обеспечение профессиональной ориентации обучающихся.

Запрещаются осуществление государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям его деятельности, закрепленным в уставе (положении).
      16. Сделка, совершенная государственным учреждением в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции руководителя, может быть признана недействительной по иску уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) или уполномоченного органа по государственному имуществу, либо прокурора.
      17. Действия руководителя государственного учреждения, направленные на осуществление государственным учреждением неуставной деятельности, являются нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.


Каталог: objwl -> 2012
objwl -> Қатысушының аты-жөні Туған жылы, айы, күні
objwl -> «еуразиялық гендік қОР» гылыми-өндірістік білім беру орталығы Астана қаласы
objwl -> -
objwl -> Мектеп басшыларына!
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2012 -> Семинар по русскому языку и литературе «Язык есть исповедь народа…»
2012 -> Ақтөбе қаласы білім бөлімі бойынша «Ұлыстың Ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет