Ақтөбе қаласы, №23 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Тақырыбы



Дата25.12.2016
өлшемі54,99 Kb.
#4445
Аккаирова Айнур Амантурлиевна
Ақтөбе қаласы,

23 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі



Тақырыбы: Менің үйдегі достарым.
Мақсаты: Қамқорлық ұғымының маңызын түсіндіру.
Міндеттері: Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру;

-Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Суретті үлгілер.

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң көк Аспан

Қайырлы таң жер Ана

Қайырлы таң апайлар

Қайырлы таң балалар

Сәлем,сәлем,сәлем.
Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең ақылды дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге.

Ең зиянды дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең бақытты дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз сараң дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.

Қайырымды,қамқор,ұйымшыл,тату,шын,нағыз достар болып.

-Жүрегім менің кім?

Мен.

Тірегім менің кім?



Мен.

Жаным менің кім?

Мен.

Сәнім менің кім?



Мен.

-Ботақаным,бағлан қозым,

-Не деген тәтті боласыңдар өздерің,-деп балаларды орнына отырғызамыз.

Осы кезде есік қағылады.

Пошташы хат әкеліп береді және қолында әдемі оралған сыйлығы бар.

Хатты тәрбиеші оқып таныстырады.Бұл хат балалар «Айгөлек» бағдарламасынан келген.Айгөлектің балалары сіздер үй жануарлары туралы не білетіндеріңді және достық туралы қалай түсінетіндеріңді айтып берсеңіздер сізге жіберген сыйлығымыз бар.


Тәрбиеші: Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалардың жауабы: ( қой,сиыр,ешкі,жылқы,түйе,қозы,лақ т.б.)

Мына суреттегі үй жануарларын атайық:

Сиыр,ешкі,жылқы,қой,түйе,ит.мысық. Бұлардың пайдасы адам өміріне келтіретін:

Балалардың жауабы:

( ет,сүт,қымыз,шұбат т.б.)


-Үй жануарларының төлдерін атайық:

-Ендеше осы үй жануарлары туралы тақпақтарымызды айтайық.


Айналайын торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шықта заула.

Әукешім-ау,күнде,

Ойнайықшы бірге. (Мадина)

Айналайын,қозым,

Малда жуас бозым.

Өрісте жүр енең,

Дей бермеші енем.

Ұзап шықта үйден,

Оттығуды үйрен.

Көтерілсең бетке

Тойынарсың көкке. (Ару)

Жалт-жұлт еткен лақ,

Жағалайсың бұлақ.

Секіремдеп бірақ,

Қала көрме құлап

Құлақ деген мұнақ,

Көзің жанған шырақ.

Түрің бейне құрақ,

Тұрсың маған ұнап. (Арсен)


Таныстыра бастадым,

Сиырдың бар бұзауы.

Ойқастаумен қас-қағым,

Енесінен ұзады (Али)

Қызықтырар өзгені,

Таудай биік жотасы.

Жәудіреген көздері,

Түйенің бар ботасы. (Дидар)

Көк майсаға тоймаған,

Өзен,көлді бойлаған.

Қойдыңда бар қозысы,

Томпаң қағып ойнаған. (Мансур)

Еркелетер шұнағы,

Ешкінің бар лағы.

Қозғап қойып құйрығын,

Секең қағып тұрады. (Нұрислам)

Бірі жеті қозының,

Ит-ежелден адам досы.

Балаларға қозы- лағың,

Бағыстың дәл өзі. (Дінасыл)

Пеш үстінде мысық отыр,

Мысық көзін қысып отыр.

Тышқан қашан ұстаймын-деп,

Тағаты жетпей тосып отыр. (Аида)

Құлыншағым құндызым

Құлдырайды,шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады. (Жансая)

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды. (Ханым)

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секектеме,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың. (Бағдәулет)


Момақаным менің,

Маңырама, төлім.

Тойғызады кешке,

Енең келіп сенің (Алибек)



Тәрбиеші: Балалар қандай мақалдар білеміз?
Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір. (Алдиар)


Малды баға біл,

Бабын таба біл. (Диана)


Түйе – байлық,

Қой мырзалық.

Жылқы-сәндік,

Шаруаның бәрі бес.

Диханшылық оған ес. (Серім)

Малды жақсы баққаның,

Өзіңе абырой тапқаның.

Малды жаман баққаның,

Келген бақты қаққаның. (Б.Махаббат)
Қорытынды тақпағы:

Малды теппе
Құлындайды биесі,

Боталайды түйесі.

Тәуба қылар үй иесі,

Малдың бар ғой киесі.

Пенделерді сөккенің,

Мал жібермес теп-тегін.

Жануарларды тепкенің,

Ырысыңды төкенің. (Арсен)



Сергіту сәті
Тәрбиеші: Балалар біз сіздермен мал туралы айыттық.

Енді Күшік пен мысық адамға қалай дос болды екен.Бұл әңгімені бізге Арсен айтып береді.


«Итпен мысық адамға қалай дос болды» (ертегі)
Итпен мысық қалай достасты?

Сендердің осындай кішентай достарың бар ма?

Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Балалардың жауаптары.


Д/ойын:

Кім тапқыр.

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Қамқорлық-жақсы қасиет,

Жануарларға қамқормын.
Қортындылау:

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз өзіміздің кішкентай достарымыз ит пен мысық,олардың адамға тигізер пайдасы жөніндегі белдік.Оларды жәбірлемей,қамқорлық көрсету қажеттігін түсіндік.


Жүректен жүрекке

Балалар күшікті қолына ұстап өз қамқорлықтарын айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет