(Т, ОТ) Оқушыларға топта судың жылуды жұтып алуы бойынша тәжірибе жүргізуді ұсынамын.
Ол үшін әрбір топқа екі әуе шарынан таратамын. Біреуін үрлеп, екіншісіне су толтырады. Оқушылар майшамның үстіне бірінші ауа толтырылған шарды ұстап бақылайды, содан кейін майшамның үстіне суы бар шарды ұстайды. Су толтырылған шардың жарылмайтынын балалар атап өтеді.
Неге су толтырылған шар жарылмады ?
( Ойлануға және өз пікірлерін негіздеуге уақыт беріледі.)
Шардың ішіндегі су майшамның жылуын жұтып қоятынын айтады. Сондықтан шар өртенбейді, демек жарылмайды.
(Егер оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда, мұғалім түсіндіреді)
Дескриптор: Бір шарды үрлеп, майшамның үстіне ұстайды.
Екінші шардың ішіне су толтырып, оны майшамның үстіне ұстайды және бақылайды.
Қандай шардың жарылмағанын анықтайды.
Не себепті су толтырылған шардың жарылмағанын түсіндіреді.
Шарлар, су, сіріңке, майшам
Сабақтың соңы
Рефлексия
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Бүгінгі сабақ саған қандай жаңалық ашуға көмектесті?
Олай болса, бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалайық.